Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Жуырда болған миокардтың инфаркты, аритмия (әсіресе жүрек тежелуі); биполярлы бұзылыстардағы желікпелі фазада; бауырдың ауыр аурулары; балалар; порфирия.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүрек аурулары, анамнезенде қояншықтың болуы; жүктілік; емшекпен емізу; егде жастағылар; бауыр жетіспеушілігі, қалқанша безінің аурулары; феохромоцитома; тұнжыр ой, анамнезенде психоздардың болуы (психотикалық симптомдардың күшеюі мүмкін); жабық бұрышты глаукома, анамнезенде несептің ұсталуы; бір мезгілде электротырысулар терапиясымен бірге жүргізілу; бірден доғаруға болмайды; анестезия (аритмия мен гипотензия тәуекелі жоғары).

Қозғалыстағы механизмдерді, көлік жүргізуді басқару қабілетінің бұзылыстары мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Жүктілік кезде қолдану ұсынылмайды, тек күтілетін ықпал емі ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болғанда (жүкті әйелдерге адекватты және қатаң бақыланылатын зерттеулер жүргізілмеген).

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Ұсынылмайды, тек күтілетін ықпал емі ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болғанда.

Жанама әсерлері

Тынышталыну, ауыздың құрғауы, көрудің анықсыздығы (аккомодацияның бұзылуы, көздің ішкі қысымының жоғарлауы), іштің қатуы, жүректің айнуы, зәр шығарудың қиындауы;

ЭКГ-ғы өзгерістер, аритмия, постуральды гипотензия, тахикардия, естен тану; тершеңдік, дірілдеу, бөртпелер және жоғары сезімталдық реакциясы (есекжем, фотосенсибилизация); мінез құлқының бұзылыстары; гипомания немесе тұнжыр ой, естің шатасуы (әсіресе егде жастағыларда), жыныстық қатынас қызметінің бұзылыстары, қанда қант деңгейінің өзгерістері; тәбеттің жоғарлауы және дене салмағының жоғарлауы (кейде дене салмағының төмендеуі); аналық безінің ұлғаюы, гинекомастия және галакторея сияқты эндокринді жанама әсерлер; тырысулар, қозғалыс бұзылыстары және дискинезия, қызба, агранулоцитоз, лейкопения, эозинофилия, пурпура, тромбоцитопения, гипонатриемия (антидиуретикалық гормонның дұрыс бөліндеуімен байланысты болуы мүмкін); бауыр қызметінің сынамаларының өзгеруі. Мөлшерден тыс: қозу, шыдамсыздық, айқын антихолинергиялық ықпалдар; ауыр жағдайларда — естен тану, тырысулар, миоклонус, гиперрефлексия, гипотензия, ацидоз, тыныс пен жүрек қызметінің аритмия дамуымен жүретін тежелуі.

Саудаға тіркелген атауы:

Флуоксетин

(Fluoxetine)

Шығарылу түрі. Капсулалар 10 мг, 20 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

ДепрессияА (әсіресе қорқынышпен жүретін), сонымен қатар басқа антидепрессанттардың тиімсіздігінде, обсессивті-компульсивті бұзылыстар, жүйкелік булимия. Ішке, тамақпен бірге, 1–2 қабылдауға (мүмкіндігінше күннің бірінші жартысында). Бастапқы және ұстап тұрушы мөлшер 20 мг/тәулігіне. Қажеттілік кезде мөлшерін апта сайын 20мг/тәулігіне жоғарлатып отырады. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 80 мг, егде жастағы және қарт науқастарға — 60 мг. Емдеу курсы — 3–4 апта, обсессивті-компульсиялық жағдайларда — 5 апта және одан көп, жүйкелік булимияда — 1 апта.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, МАО баяулатқыштарын қабылдау (2 апта алдын), бауыр және бүйрек жетіспеушілігі (креатинин клиренсі 10 мл/мин аз), қояншық және тырысу жағдайлары (анамнезенде), өзін өзі өлтіруге бел буғанда, қант диабеті, қуықтың атониясы, жабық бұрышты глаукома, қуық үсті безінің гипертрофиясы, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Теңгерілген бауыр мен бүйрек жетіспеушілігі, жас балаларға (қауіпсіздігі мен тиімділігі белгіленбеген), ЖИА, миокардтың инфаркты, сонымен қатар анамнезенде, анамнезенде қояншық талмалары.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Жүктілік кезде қолдану ұсынылмайды.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді, анасының тәуліктік мөлшерінің 11%. Балада нәжістің бұзылуына, құсуға, мазасыздануға әкеледі. Қолдану ұсынылмайды.