Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: бастың ауруы, бас сақинасы, көңіл күйдің өзгеруі, депрессивті жағдайлар, Сиденгама хореясы.

Жүрек қан-тамырлар мен қан (қанның түзілуі, гемостаз) жүйесі жағынан: өте сирек — артериальды және венозды тромбоэмболиялық аурулар тәуекелінің жоғарлауы (мысалы, миокардтың инфаркты, инсульт, аяқтың терең көктамырларының тромбозы, өкпенің тромбоэмболиясы); гипертензия.

АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу, өт тас аурулары, холестазды сары ауру. Несеп жолдары жүйесі жағынан: етеккір арасындағы қан кетулер, аменорея, қынап кілегей бөлінуінің өзгеруі, кандидоз.

Тері беткейі жағынан: түйінді эритема, бөртпелер, хлоазма. Аллергиялық реакциялар: өте сирек — реактивті жүйелік қызыл жегінің асқынуы. Басқалар: сүт безінің керілуі, ауруы, ұлғаюы және сүттің бөлінуі; қатынасты линза таққанда қасаң қабақтың сезімталдығының жоғарлауы; сұйықтықтың ағзада жиналуы, дене салмағының өзгеруі, көмірсуларға тұрақтылықтың төмендеуі.

Саудаға тіркелген атауы:

Медроксипрогестерона ацетат

(Medroxyprogesterone)

Шығарылу түрі. Егуге арналған суспензия 150 мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ұрықтануға қарсы, әсіресе кешкі репродуктивті жастағы әйелдерге; эндометрия мен бүйректің операция жасауға болмайтын, қаталанушы және метастазды карциномасы (қосымша паллиативті терапия), постменопауза кезеңіндегі әйелдердегі сүт безінің қатерлі ісігінің қайталануша гормонға-тәуелді түрі. Ішке — екіншілік аменорея, дисфункциональды жатырдан қан кету, етеккір алдындағы синдром, менопауза кезеңіндегі вазомоторлы симптомдар, эндометриоз, біріншілік және екіншілік аменореяның диагностикасы, постменопауза кезеңінде остеопороздың алдын алу шаралары мен емдеу (эстрогендермен және кальций препараттарымен біріктіру), постменопаузада эстрогендермен орын басушы терапия жүргізуде эндометрия өзгерістерін ескерту. Б/е, менопауза кезеңінде ұрықтануға қарсы дәрі ретінді және вазомоторлы симптомдарды шешу үшін — 150 мг-нан 1 реттен 3 айда; эндометриоз кезінде 50 мг-нан 1 реттен аптасына немесе 100 мг-нан 1 реттен 2 апталық курспен 6 айдан кем емес. К/т, эндометрияның немесе бүйректің қатерлі ісігі — 400–1000 мг-нан әр аптада, клиникалық жақсаруға қол жеткізгеннен кейін — 400 мг-нан 1 реттен айына. Ішке, эндометрияның немесе бүйректің қатерлі ісігі — 200–600 мг/тәу, сүт безінің қатерлі ісігі — 400–1200 мг/тәу. Постменопаузада остеопорозды емдеу және алдын алу шаралары үшін — 12–15-ші күннен 25-ші күнге дейін айына 5–10 мг-нан 1 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, тромбофлебит, анамнезенде тромбоэмболия синдромы немесе инсульт, бауыр ауруы, этиологиясы белгісіз қынаптан қан кетулер, жүктілік, емшекпен емізу (доғарады).

Сақтандыру.

Бірінші қабылдауды қалыпты етеккірдің 5-ші күні тағайындалынады (жүктіліктің жоқ кепілдігі). Бірінші енгізуден кейін 2 апта бойы қосымша ұрықтануға қарсы әдістерді қолдану. Әр үш айда препаратты енгізу ұсынылады (ұрықтануға қарсы сенімділік жоғарлайды). Енгізу кезінде циклдің өзгеруінде дәрігердің кеңесі қажет. Дисфункциональды жатырдан қан кетулерде, міндетті түрде жатырдың қатерлі ісігін және басқа да органикалық зақымдануларды шеттету керек. Тромбофилиялық жағдайлардың дамуларына күдіктенгенде (тромбофлебит, цереброваскулярлы бұзылыстар, өкпе артерия тармақтарының тромбоэмболиясында, бүйрек тромбозы) бірден доғару керек. Қояншық, бас сақинасында, демікпеде, жүрек және бүйрек жетіспеушілігінде сақтықпен тағайындау керек, сұйықтықтың жиналу мүмкіндіктері бар. Қан дибеті, депрессивті жағдайларда сақтықпен тағайындайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.