Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

6.5.4. Пневмоцистоз бен токсоплазмоз кезінде қолданылатын дәрілік заттар.

СУЛЬФАМЕТОКСАЗОЛ + ТРИМЕТРОПРИМ

(CO-TRIMOXAZOLE)

6.2.2 бөлімді қара.

ПИРИМЕТАМИН+СУЛЬФАДОКСИН

(PYRIMETHAMINE+SULFADOXINE)

Шығарылу түрі. таблеткалар 25 мг+500 мг; егуге арналған ампуладағы ерітінді; 25 мг+500 мг/2,5 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

P.falciparum туғызған безгекті емдеу.

Ересектерге п/о 3 табл. балаларға 4 жасқа дейін – 0,5 табл., 4-6 жас – 1 табл., 7-9 жас – 1,5 табл., 10-14 жас – 2 табл.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, мегабластикалық В12-жетіспеушілік қаназдық, фоли қышқылының жетіспеушілігімен жүретін қаназдық.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бүйрек және немесе/ бауыр жетіспеушілігі, фолат жетіспеушілік жағдайлары, емшекпен емізу, жүктіліктің I үшайында. Қанның және несептің жалпы анализін бақылау қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Сақтықпен.

Емшекпен емізу: Сақтықпен.

Жанама әсерлері.

Жүректің айнуы, абдоминальды ауру, бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқының қашуы, мегалобласты В12-жетіспеуші қаназдық, аллергиялық реакциялар; Г-6=ФД – жетіспеушілік кезінде, тамыр ішіндегі гемолиз, жоғары мөлшерде – қан түзілуін тежеу.

Саудаға тіркелген атауы

8. Неопластикаға қарсы және иммуносупрессивті дәрілік заттар мен паллиативті емдеу кезінде науқастардың күтімі үшін қолданылатын дәрілік заттар

Ісік ауруларын емдеу хирургиялық араласулардан, сәулелермен емдеу және дәрілік заттарды қолданудан тұрады. Кейбір жағдайларда химиотерапия көмегімен науқастарды емдеп шығаруға болады. Бірақ барлық ісіктер цитостатиктерге, эндокринді препараттарға және цитокиндерге сезімтал емес. Мағынасыз химиотерапия препараттарын енгізу науқастардың жағдайын және өмір сапасын тек нашарлатуы мүмкін.  

Ісіктерге қарсы заттарды қолданудың мақсаттары: 1) айығу (лейкоздар, лимфомалар, герминогеннді ісіктер, жатырдың хорионкарциномасы, жас балалардағы кейбір ісіктер); 2) аурудың IV сатысында науқастың өмірін ұзартуда (сүт безінің қатерлі ісігі, аналық безінің қатерлі ісігі, аталық безінің қатерлі ісігі ж.т.б.); 3) хирургиялық емнен кейінгі қайталанудың және метастаздануының алдын алу шараларында (остеогенді саркома, тоқ ішектің қатерлі ісігі, сүт безінің қатерлі ісігі ж.т.б.); 4) хирургиялық араласулардың көлемін азайту, мүшені сақтау ем (сүт безінің қатерлі ісігін сәуле терапиясымен біріктіріп емдеу, өңештің, қуықтың қатерлі ісігі ж.т.б.); д) науқастың өмір сапасын жақсарту (ұйқы безінің, қуықтың, өкпенің қатерлі ісігі ж.т.б.).  

Ісіктерді емдеу үшін келесі дәрілік заттар қолданылады:

  1. Цитотоксикалық заттар

  2. Ісіктерге қарсы әсері бар басқа фармакологиялық топтарды қолдану

  3. Иммуносупрессивті препараттар

  4. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.

  1. Цитотоксикалық заттар.

I.1. Алкилдеуші препараттары (бусульфан, гидроксикарбомид, дакарбазин, ифосфамид, карбоплатин, ломустин, оксалиплатин, прокарбазин, фотемустин, хлорамбуцил, циклофосфамид, цисплатин)

I.2. Ісіктерге қарсы антибиотиктер және басқа да ДНҚ интеркаляторлары (блеомицин, даунорубицин, доксорубицин, иринотекан, митоксантрон, митомицин, эпирубицин)

I.3. Антиметаболиттер (гемцитабин, капецитабин, меркаптопурин, метотрексат, тиогуанин, флударабина фосфат, флуорурацил)  

I.4. Өсімдіктерден алынған препараттар (винбластин, винкристин, винорельбин, доцетаксел, паклитаксел, этопозид)

I.5. Ферментті препараттар (аспарагиназа, пэгаспарагиназа).

I.6. Басқа да цитостатиктер

Цитотоксикалық заттарды бірнеше топтарға бөлінеді, әр қайсысы арнайы ісіктерге қарсы белсенділікпен, әсер ету жерімен және улылығымен сипатталынады. Олардың метаболизмі мен экскреция жолдарын білу өте маңызды, себебі ісік ауруларында препараттардың фармакокинетикасы бұзылуы мүмкін және олардың улылығы жоғарлайды.  

Әсер ету механизмі ДНҚ құрылысының бұзылуына байланысты және сонымен жасуша бөлінуі тежеледі. Цитотоксикалық заттар ісіктерге қарсы белсенділікке ие, сонымен қатар қалыпты тіндерге улы әсер көрсетуі мүмкін. Сондықтан оны немесе басқа цитотоксикалық заттарды тағайындағанда, пайда мен токсикалық реакцияның даму тәуекелінің қатынасына мән беру керек.  

Цитотоксикалық препараттар жеке немесе басқа дәрілермен біріктіріліп қолданылады. Көбінесе бұл біріктірулер улы болып келеді, жеке дәрілерге қарағанда, бірақ дәріге тұрақтылық дамуының төмендетуде, ісіктерге қарсы әсерін жоғарлатуда және белгілі ісіктерді емдеуде өмірін ұзартуда артық болып келеді.