Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, тершеңдіктің опиоидты алып тастауына байланысты болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы:

Натрия тиосульфат

(Sodium thiosulfate)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 30%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Мышьякпен, қорғасынмен, сынаппен, броммен, йодпен, цианидпен уланғанда; есекжем, артрит, невралгия, қышыма қотыр. Уланған кезде к/т 5–50 мл 30% ерітіндіні (уланудың түріне және ауырлығына қарай) немесе ішке 2–3 г 10% ерітінді түрде қолдану. Қышыма қотыр кезде 60% ерітіндімен дененің терісін және аяқ қолды сүртеді және кепкеннен кейін 6% тұз қышқылы ерітіндісімен сүрту керек.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Анықталынбаған.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: белгісіз.

Емшекпен емізу: белгісіз.

Жанама әсерлері

Анықталынбаған

Саудаға тіркелген атауы:

Пеницилламин

(2.4 қара)

5. Тырыспаға қарсы және қояншыққа қарсы дәрілік заттар

Тырысу синдромы туындауы бойынша қояншыққа жатпайты (екіншілік, симптоматикалық, тырысу ұстамалары) және қояншықты болып бөлінеді. Қояншыққа жатпайтын ұстамалар кейіннен қояншық болуы мүмкін. Екнішілік тырысулар (қояншық түрді) көбінесе жаңа туылған және ерте жастағы балаларда байқалады. Тырысулар нәрестелердің асфиксиясымен, бас ми ішінің туудағы немесе тұрмыстық жарақатымен, гипогликемиямен, гипокальцемиямен, нәрестелердің гемолитикалық ауруларымен (гипербилирубинемиялық энцефалопатиясы), құрсақ ішіндегі инфекциялармен байланысты болуы мүмкін. Тырысулар жедел инфекциялық аурулардың, эндогенді және экзогенді уланулардың (уремия, бауыр комасы, улы синдром, тұрмыстық улану), тұқым қуалайтын зат алмасу ауруларының (фенилкетонурия және басқа да аминқышқылдарының алмасу аномалиялары, галактоземия, Тея-Сакса ауруы) басында байқалады.

Тырысулардың себептеріне туа пайда болған ОЖЖ-нің даму ақаулары, тұқым қуалайтын зат алмасу аурулары, сонымен қатар бас миының ошақты зақымдалуы (ісіктер, абсцесс) жатуы мүмкін. Олар сонымен қатар жүрек-тамыр жүйесінің және жүректің патологиясы (туа пайда болған жүрек ақаулары, коллапс), кейбір қан аурулары (гемофилия, капилляротоксикоз, тромбоцитопениялық пурпура, лейкоз) кезінде де байқалуы мүмкін. Тырысулар аноксиялық жағдайларға жататын естен тану кезінде де респираторлы-аффективті тырысулар (қатты эмоция нәтижелерінен) болуы мүмкін. Ерте жастағы балалардағы тырысулар жоғары температурамен байланысты болуы мүмкін.

Ем тырысу себептерін емдеуге бағытталған – фебрильды тырысулар кезінде антипиретиктер тағайындалынады, гипокальциемия кезінде - глюконат кальция ерітіндісі, тыныс алу және жүрек жетіспеушіліктерінде көрсеткіштер бойынша гипоксияны шеттетеді,, дезинтоксикация жүргізеді. Тырыспаға қарсы заттар: седуксен (0,05-1 мл/кг 0,5% ерітінді), ГАМҚ (100- 150 мг/кг) к/т немесе б/е; 0,5% гексенал ерітіндісі-0,5 мл/кг б/е. көрсеткіштер бойынша жұлынми пункциясын орындайды, 5-15 мл сұйықтықты шығару арқылы, ол бас ми қысымын төмендетеді. Егер бала жұта алса ішке жасына қарай люминалды 0,005-тен 0,03 г. мөлшерде басқа антиконвульсанттармен (дилантин, бензонал) біріктіріп тағайындайды. Қажет жағдайларда люминалды әр 3 сағат сайын тағайындайды.

Ұстамалардың доғарылуы немесе қояншықты бақылау

Емді әрқашан бір препаратпен бастау керек, антиконвульсанттарды талдау қатаң жеке дара болуы тиіс және қояншық синдромымен, дәрінің тиімділігімен және оны науқастың көтере алуымен анықталынады. Егер толық терапиялық мөлшерде қолданғанда және жеткілікті уақыт кезең барысында талмаларды бақылау мүмкіндіктері болмағанда немесе оны көтере алмаса, препаратты біртіндеп басқа дәріге ауыстыру керек – негізгі жаңа тәртіпті талдағаннан соң 1-ші дәріні қолдануды доғаруға болады. Монотерапия тиімсіз болған кезде, екі препараттан біріктірілген емді тағайындауға болады; дұрыс келетін емді тағайндағанша, әртүрлі ем тәртібін қолдану қажеттілігін қарастыру керек.

Препараттың бірінші мөлшерін талдауды анықтауда жағдайдың ургенттік (шұғылдығы) дәрежесіне, бойына, салмағына және науқастың жасына негізделеді. Мөлшерін толық әсерге қол жеткізгенше біртіндеп көтереді. Барлық қояншыққа қарсы дәрілер тым жоғары мөлшерде жиі неврологиялық қалаусыз реакциялар туғызады, сондықтан мөлшерді дұрыс титрлеу үшін жанама әсерлерді анықтауда науқастарды қатаң бақылау қажет. Фенитоиннен басқа антиконвульсиялардың плазмадағы құнарлығын өлшеу, мөлшерді талдауда сирек пайдалы. Шынайы жағдайда науқас емделу уақытында үнемі бақылауда болуы керек.

Қояншықтың бір қатар синдромдары бар, ол кезде ұзақ, кейде өмір бойы қояншыққа қарсы препараттарды қолдануды қажет етеді. Жалпы ем ең соңғы талмадан кейін ең аз дегенде 2 жылға дейін созылады. Кейде антиконвульсанттар баяу, біртіндеп доғарылуы керек, себебі бірден алып тастау асқынуларға әкелуі мүмкін – қояншық статусы сияқты. Бірнеше қояншыққа қарсы заттарды қолданатын науқастарда, дәрілерді тек бір біреуден біртіндеп доғару керек. Емді доғарғаннан кейін ересек науқастарда ұстамалардың қайталануы болуы мүмкін, сондықтан препаратты қабылдауды доғарғанда ұстамалардың қайталану тәуекелі мен оның науқастың жағдайына әсер етуін, дәрігер мен науқас талқылауы керек.

Қояншықта жүктілік кері көрсеткіштерге жатпайды, тек жеке фармакотұрақтылық жағдайлардағы қояншықтарда. Емнің тиімділігі жүктіліктің алдында мінсіз жүргізілуі тиіс. Жүктілік кезінде емделмеген қояншық, ұрыққа зиян келтіруі мүмкін; сондықтан емді алып тастауға болмайды. ӘДҰ эксперттер шешімі бойынша, егер науқаста соңғы 2 жылда талмалар болмаса, емді доғаруға болады; бұл кезде жүктіліктің І үшайыннан соң емді қайта бастау туралы сұрақты қарастырады. Жүктілік кезінде қояншыққа қарсы заттарды жалғастыру кезде, ең төменгі тиімді мөлшердегі монотерапия дұрыс. Антиконвульсанттарды қолданған кездегі ұрықтағы ақаулардың даму тәуекелі, денісау әйелдермен салыстырғанда жоғары болып келеді, әсіресе карбамазепин, вальпроаттарды және фенитоиндарды қолданған кезед. Жүкті болатын науқастарды ұрықтағы жүйке түтікшесінің дамуы мен басқа да ақаулардың болатын тәуекелін хабарлау қажет. Жүкті әйелдерге кеңес беруді және антенатальды скрининг жұргізуді ұсыну. Жүйке түтікшесінің ақауларының даму тәуекеліне қарсы әсер үшін, әйелдерге жүктіліктің алдында және жүктілік кезде адекватты қосымша фолий қышқылын енгізу ұсынылады. Карбамазепин, вальпроаттарды және фенитоиндарды қабылдауға байланысты нәрестелерде қан кетулердің тәуекеліне байланысты жағдайларда алдын алу шаралары үшін, нәрестеге және анасына босанар алдында фитоменадион (витамин K1) ұсынылады. Емшекпен емізу кезінде қояншыққа қарсы дәрілерді қолдануды жалғастыруға болады.

Қояншыққа қарсы заттарды талдау

Жаплыланған тонико-клоникалық, қарапайым үлестік және күрделі үлестік талмалар, сонымен қатар екіншілік жалпыланған

Карбамазепин, фенобарбитал, фенитоин және вальпроаттар осы жағдайларды емдеуде кеңінен қолданылады. Бірақ бұл препараттардың әр қайсысы мөлшерге-тәуелді және идиосинкразиялық жанама әсерлермен сипатталады, сондықтан гематологиялық көрсеткіштердің және бауыр қызметінің мониторингі қажет, әсіресе карбамазепин мен вальпроаттарды қолданғанда.

Кіші қояншық талмалары (жабырқану)

Этосуксимид және вальпроаттар кіші қояншық талмаларын емдеуде кеңінен қолданылады (petit mal) және науқастар дәрілерді жақсы көтереді. Бірақ этосуксимид сирек жағдайларда қызыл жегі мен психоздар туғызуы мүмкін, ол тез арада препаратты сақтықпен және тез доғару көрсеткіштеріне жатады. Жабырқану жиі тонико-клоникалық талмалармен бірге жүреді, сондықтан вальпроат талдамды препаратқа жатады, себебі ол екі жағдайда да тиімді.

Тониялық, атониялық талмалар және өзгетүрлік жабырқанулар

Фенобарбитал немесе фенитоин тониялық талмаларда кеңінен қолданылады, вальпроаттар немесе клоназепам – өзгетүрлік кезде және клоназепам – өзгетүрлік жабырқану кезде.

Миоклониялық талмалар

Вальпроаттар балалық миоклониялық талмаларда кеңінен қолданылады және өте тиімді болып келеді. Бірақ бұл типті талмалар жоғары жиі асқынулармен сипатталады, сондықтан емді белгісіз ұзақ қолдану қажет. Басқа типті миоклониялық талмалар жиі емге тұрақты болып келеді, кейбіреулерінде қояншық негізі болмайды. Вальпроаттар немесе клоназепам және басқа қояншыққа қарсы заттар бұл жағдайда пайдалы болуы мүмкін. Екі препаратты да науқастар жақсы көтереді, бірақ клоназепамға тұрақтылықтың болуы туралы мәліметтер бар.

Шала дамыған спазмдар (шала дамыған миоклонус қояншығы)

Шала дамыған спазмдар, олар жиі мидың ауыр зақымдалуларымен байланысты, қояншыққа қарсы заттарға тұрақты болуы мүмкін. Клоназепам кейде тұрақты жағдайларда тиімді болып келеді.

Қызынулы тырыспалар

Қысқаша қызынулы тырыспалар өздігінен шеттеледі. Салқын сумен сүртіну және парацетамол сияқты антипиретиктерді қолдану мүмкін. Қайталанатын қызынулы тырыспаларды немесе ұзаққа созылған тырысуларды (ұзақтығы 15 минуттан артық)тік ішекке енгізетін немесе мидың зақымдалуларының алдын алу үшін көктамырға ерітінді түрде енгізетін диазепаммен емдейді.

Интермиттирлейтін алдын алу шараларында диазепам көмегімен жүргізіледі, алғашқы дене қызуының көтерілуі кезінде енгізіледі, ол бір қатар балаларда ғана қызынулы тырысулардың қайталануын шеттетуі мүмкін. Қояншыққа қарсы дәрілердің жалғастырылушы кезде (үнемі болатын) алдын алу шаралары үшін қолданылуы туралы мәліметтер қайшылықта; бұндай алдын алу шаралары кейбір балаларға ғана көрсетілген, оларға алғашқы талмалар бірінші рет өмірінің 14 айында болған балалар жатады немесе неврологиялық бұзылыстары бар немесе ұзақ және дерт ошағы тырыспалары болған балалар ғана жатады. Бұндай жағдайларда фенобарбитал қолданылуы мүмкін, бірақ жанама әсерлер тәуекелін азайту үшін, қатаң клиникалық мониторинг және мөлшерді талдау қажет. Вальпроаттардың тиімді болғанына қарамастан, оларды кішкентай балаларға ұсынылмайды, себебі гепатотоксикалық әсер көрсету тәуекелінің жоғары болуына байланысты.

Қояншық статусы – бұл жоғары өліммен сипаталынатын шұғыл жағдайлар. Бірінші көмек зақымдалудың алдын алу үшін, науқасты ыңғайлы жатқызу, тыныспен қамтас еті, оттегіні беруді қосу, артериальды қысымды ұстап тұру және гипогликемияны түзетулер; талманы бақылауға қол жеткізгеннің өзіндеде тыныс алу жолдарының өткізгіштігін ұстап тұру және өкпенің жасанды вентиляциясы маңызды, себебі статусты шеттету үшін қолданылған дәрілер кейде тынысты тежеуі мүмкін. Диазепам немесе клоназепамды қояншық статусы кезде көктамырға енгізу жиі тиімді болып келеді. Тез әсер ететін диазепам, бірінші енгізілуі тиіс, кейін айтарлықтай ұзақ әсер ететін фенитоинды (Қазақстанда аталған дәрілік түрі тіркелмеген )баяу кезекпен жүктемелі мөлшермен енгізу тиісті. Катетер қою мүмкіндігі болмаған жағдайда (көктамырға енгізу) диазепамды тік ішекке егуге арналған ерітінді түрде қолдануға болады (балауыздан абсорбциясы тым баяу, қояншық статусын емдеу үшін). Фенобарбиталды (Қазақстанда аталған дәрілік түрі тіркелмеген) көктамырға енгізуде тиімді, бірақ ол көктамырға енгізілгенде, тынысты тежеу айғақтығы жоғары болып келеді. Фенобарбиталды қозбау жағдайларында қолданады, бірақ оны жуырда фенобарбиталды ішке қолданған науқастарға беруге болмайды. Сонымен қатар тік ішекке паральдегидті енгізуді қолдануға болады; ол тынысты айтарлықтай тежемейді, сондықтан реанимация жағдайлары жоқ кезде пайдалы. Егер емге қарамастан талмалар жалғаса берсе, жалпы жансыздандыру (наркоз) қажет болуы мүмкін. Барлық жағдайларда талмалардың себебін анықтау және оған әсер ету керек.

ВАЛЬПРОЕ ҚЫШҚЫЛЫ

(VALPROIC ACID)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, капсулалар 150 мг, 300 мг, 500 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жалпыланған талмалардың әртүрлері: кіші (жабырқану), үлкен (тырысулары) және полиморфты; дерт ошағы кезінде, балалар тартуында қолданылады.

Ішке, тамақ ішу кезінде немесе тамақтан соң. Ересектерге емнің басындағы тәуліктік мөлшері 0,3-0,6 г құрайды, 1-2 апта ішінде оны біртіндеп 0,9-1,5 г-ға жоғарлатады, бір ретті мөлшері ересектерге - 0,3-0,45 г. балалар үшін тәуліктік мөлшері - 15-50 мг/кг (бастапқыда - 15 мг/кг, кейін аптасына біртіндеп 5-10 мг/кг жоғарлатады).