Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Бас ми қан айналымы бұзылған науқастарға, гипертония, стенокардия және жүрек жетіспеушілігінің қалпына келмеу кезінде; эклампсия кезінде кері көрсетілген. Қояншықпен ауыратын балаларға кері көрсетілген.

Сақтандыру

Барбитураттармен бір шприцте араластыруға болмайды (тұнбаға түседі). Тамақ пен өңешке операция жасағанда (миорелаксанттар қолданылады) сақтықпен қолдану керек. Бүйрек ауруымен ауыратын науқастарға сақтықпен тағайындайды.

Жанама әсерлері

Артериальды қысымның жоғарлауы, тахикардия, гиперсаливация, ентігу және тыныстың тежелуі, психомоторлы қозу және наркоздан шығу кезінде елестер болуы мүмкін. өте сирек енгізілген жерде ауырсыну және терінің көктамыр бойымен қызаруы байқалады.

Саудаға тіркелген атауы:

Оттегі

(Охуgenum)

Шығарылу түрі . Баллондағы газ немесе арнайы «оттегі жастығы»

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Анестезиологиялық тәжірибиеде ингаляциялық наркотикалық аналгетиктер қоспасымен бірге.

Гипоксиямен жүретін әр түрлі аурулар: тыныс алу жолдарының ауруларында (пневмония, өкпе ісінуі ж.т.б.), жүрек қан-тамырлар жүйесі (жүрек жетіспеушілігі, коронарлы жетіспеушілік, коллапс ж.т.б), көмір қышқылымен, көгерткіш қышқылымен, тұншықтырушы заттармен (хлор, фосген ж.т.б.) улану, гельминтозды емдегенде: аскаридоз және трихоцефалез. Оттегіні ингаляция үшін құнарлығы 40 - 60 % ауамен бірге қоспада 4 - 5 л минутына тағайындайды. Көбінесе 95 % оттегі және 5 % көмір қышқыл газымен бірге қоспада (Карбоген) тағайындайды. Емдік мақсатымен оттегіні тері астына енгізуге болады 0,5 2,0 л дейін (аз мөлшермен, баяу).

Гипербариялық оксигенация: операцияны орындау, сонымен қатар бронхиальды демікпеде, жүрек аритмиясында, бас миының тамыр және басқа ауруларында; аяқтың ишемиясы және аяқтың ауыр жарақаттары, асқынған инфекцияларда. Кері көрсеткіштері.

Қысым арқылы оттегімен ингаляция жасау өкпеде қуыстар болғанда, бронхоплевральды жылан көздерінде кері көрсетілген; мұрынның қосалқы қуыстарын сыртқы ортамен қосатын есту түтікшелері мен өзектеріндегі өткізгіштік бұзылғанда; жедел қабыну аурулары, анамнезінде қояншық тәрізді ұстамаларда, қатерлі ісіктер; ауыр гипертониялық ауру; оттегіге жеке жоғары сезімталдық. Оттегімен дегельминтизация жасау кері көрсеткіштеріне асқазан мен ұлтабардың жара аурулары, асқазан ішек жолдарының қатерлі ісіктері, құрсақ қуысының жедел қабыну аурулары, жүктіліктің 5 айдан жоғары кезіңі, етеккір кезеңі жатады.

Натрия оксибат

(Sodium oxybate)

Шығарылу түрі . Егуге арналған ерітінді 20%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ингаляциялық емес наркоз (аз жарақаттандыратын операциялардағы кіріспе және негізгі наркоз, операциялық босануларда, босанған әйелдің демалуында, ана мен баланың гипоксияға тұрақтылығын жоғарлатуда; егде жастағы науқастардағы гипотония мен гиповолемия, шок жағдайларында), жабық бұрышты глаукома, невроздар, невроз тәрізді жағдайлар, ОЖЖ улануы мен жарақаттары, ұйқының қашуы, нарколепсия.

Наркоз үшін к/т, б/е қолданады; к/т баяу (1–2 мл/мин) 10–20 минут ішінде 50–120 мг/кг 50–100 мл 5–40% глюкоза ерітіндісінде немесе бір мезгілде 35–40 мг/кг 4–6 мг/кг тиопентала-натрия қоспасымен 1–2 минут ішінде, наркозды ұстап тұру үшін — қосымша 40 мг/кг; балаларға кіріспе наркоз үшін — 100 мг/кг (30–50 мл 5% глюкоза ерітіндісінде) 5–10 минут ішінде жиі тамшымен. Жүрекке операция кезінде — 100 мг/кг, гипоксиялық жағдайларда, шок кезінде — 50–100 мг/кг, диурезді белсендіру үшін — 30–50 мг/кг (к/т баяу); акушерлік наркоз: к/т баяу (10–15 минут ішінде) 50–60 мг/кг (20 мл 40% глюкоза ерітіндісінде). К/т 120–150 мг/кг мөлшерде (мононаркоз), немесе 100 мг/кг (барбитураттармен бірге).

Кері көрсеткіштері

Гипокалиемия, миастения, жүктіліктің кешкі токсикоздары артериальды гипертензиямен жүретін.