Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Шығарылу түрі. Таблеткалар 250 мг; пероральды суспензия 125 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Аскаридоз, энтеробиоз, анкилостомидоз, некатороз, трихоцефалез.

Ішке. Мөлшері мен қабылдау жиілігін көрсеткіштерге, науқастың жасына және дене салмағына қарай жеке белгілейді. Аскаридоз және энтеробиоз кезінде бір рет 10 мг/кг есеп бойынша тағайындайды: ересектерге және 12 жастан үлкен балаларға — 750 мг (дене салмағы 75 кг жоғары – 1 г); 12 жасқа дейінгі балаларға — жасына байланысты. Өзін-өзіне жұқтырудан қашу үшін, емдеу курсын бірінші қолданғаннан кейін 3 аптадан соң қайталау. Анкилостомидоз кезінде  — 10 мг/кг 1 қабылдау 3 күн бойы. Некатороз кезінде (ауыр түрі) — 20 мг/кг/тәу 2 күн бойы.

Кері көрсеткіштер.

Жоғары сезімталдық, миастения, бауыр жетіспеушілігі.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бауыр аурулары бар жағдайларда дәрігерге хабарлау керек. Пирантелді қабылдағаннан кейін ішті босататын дәрілерді тағайындамайды. Энтеробиоз кезінде барлық науқаспен бірге тұратын адамдарды бір мезгілде емдеу қажет (зақымдану көбінесе симптомсыз жүреді). Емдеу курсы аяқталған соң, нәжісті құрттар жұмыртқасына бақылау зерттеулермен тексеру керек. Қайта зақымдалудың алдын алу үшін қатаң жеке бас гигиенасы ережесін сақтау керек (қолды жуу, тырнақты алу және тазалау, бұт аймағын қасылауға жол бермеу, күнделікті төсек орын мен ішкі киімді ауыстыру).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Ұсынылмайды.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды.

Жанама әсерлері.

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық/ұйқының қашуы, әлсіздік; жеке жағдайларда — естудің бұзылуы, елестер, естің шатасуы, парестезия. АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу, диарея, асқазанның ауруы, анорексия, шамалы қысқа мерзімге бауыр трансаминаза белсенділігінің жоғарлауы. Аллергиялық реакциялар: қышыну, есекжем, экзантема.

Саудаға тіркелген атауы:

ПРАЗИКВАНТЕЛ

(Praziquantel)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, қапшықпен қапталған 600 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Трематодоздар (клонорхоз, метагонимоз, описторхоз, парагонимоз, фасциолез, фасциолопсидоз, шистосомоз, ішек және несеп жолдарын қоса), цестодоздар (гименолепидоз, дифиллоботриоз, тениаринхоз, тениоз), цистицеркоз, нейроцистицеркоз.

Ішке, ересектерге және 4 жастан үлкен балаларға. Қоздырғыштың түріне байланысты мөлшерін, қабылдау жиілігін және емдеу ұзақтығын жеке белгілейді.

Кері көрсеткіштер.

Празиквантелге жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу, қөздің цистицеркозы, 4 жасқа дейін, құрттармен байланыссыз бауырдың зақымдалуы.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүктілік. Адамдарда бара-бар қауіпсіздігі туралы зерттеулер жүргізілмеген. Жүктілік кезде қолдану ұсынылмайды.

Емшекпен емізу. Төс сүтіне өтеді. Бара-бар қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізілмеген. Емшекпен емізулі кезде қолдану ұсынылмайды.

Педиатрияда. 4 жасқа дейінгі балаларда бара-барлық қауіпсіздікке зерттеулер жүргізілмеген, сондықтан бұл топтағы жастарға қолдану ұсынылмайды.

Бауыр қызметінің бұзылуы. Празиквантелдің метаболизмі бауырда жүруіне байланысты, оның қызметі бұзылған науқастарда, препараттың жиналуы мүмкін және НР даму тәуекелі жоғарлайды. Құрттардың зақымдалуымен баланыссыз бауыр патологиясында, қолдану ұсынылмайды.

ОЖЖ аурулары. Нейротоксикалық реакциялардың тәуекелі жоғарлайды, сонымен қатар тырысулардың дамуы. Сақтықпен тағайындау керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. потенциальды пайда тәуекелден асып түскенде қолданылады Емшекпен емізу: Ұсынылмайды. Төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері.

Көбінесе әлсіз байқалады және уақытша сипаттарға ие.

АІЖ: іште ыңғайсыздықтың сезінуі, жүректің айнуы, құсу, нәжістің сұйық болуы.

>ОЖЖ (көбінесе церебральды цистицеркозда): бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық, дезориентация, бас ми қысымының жоғарлауы, тырысулар.

Жоғары сезімталдық симптомдары: тері қышымалары, есекжем, қызба (өлген құрттардың антигенді әсерімен байланысты болуы мүмкін).

Саудаға тіркелген атауы:

АЛЬБЕНДАЗОЛ

(ALBENDAZOLE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар, қапшықпен қапталған 400 мг, ауыз арқылы берілетін суспензия 400 мг/10 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Нематодоздар, аралас жұққанда; Larva migrans; нейроцистицеркоз, шошқа таспа құртының балаңқұрт түрімен туындаған; аралас құрттар; қаталануға қарсы және операция жасауға келмейтін жағдайларды емдеу ретінде.

2 жастан үлкен балалар және ересектер: бас миының цистицеркозы – п/о 0,4 г 2 реттен тәулігіне 8-30 тәулікке дейін. Аскаридоз, трихоцефалез, энтеробиоз және анкилостомоз: 0,4 г бір реттен қажет жағдайларда 3 аптадан кейін қайталайды. Стронгилоидоз және цестодоз: 0,4 г 1 р/тәу 3 тәулік бойы, қажет жағдайда 3 аптадан кейін қайталайды.

Кері көрсеткіштер.

Жоғары сезімталдық, жүктілік, емшекпен емізу, 6 жасқа дейін.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Емнің алдында және 2 рет әр емдеу циклінде жалпы қанның анализі мен бауыр тесттерін тексеру қажет. Лейкопения дамығанда емді доғару керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Ұсынылмайды. Жануарларда тератогендік әсері анықталған

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды.

Жанама әсерлері.

Бастың ауруы, бастың айналуы, АЛТ, АСТ, СФ белсенділігінің жоғарлауы, лейкопения, гранулоцитопения, тромбоцитопения, аллергиялық реакциялар. Сирек: қайтымды алопеция, қызба, ЖБЖ, экинококкты кистаны жарғанда кезде анафилактикалық шок, менингизм, панцитопения.

Саудаға тіркелген атауы: