Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, тахикардия, гипертензия, терінің бозаруы, бастың айналуы, мазасыздану.

Саудаға тіркелген атауы:

Дефероксамин

(Deferoxamine)

Шығарылу түрі. Лиофилизирленген егуге арналған ұнтақ 500 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Темірмен жедел және соөзылмалы уланулар, темірмен артық жүктеме (гемотрансфузия кезінде). Б/е, т/а, к/т (сирек). Созылмалы улану кезіндеб/е — 0,5–1 г/тәу немесе т/а — 20–40 мг/кг/тәу енгізеді, жедел кезде — бастапқы мөлшерде 1 г-нан, кейін (қажет кезде) — 500 мг-нан әр 4 сағ, біртіндеп енгізу арасының аралығын 12 сағатқа дейін ұлғайтады (тәуліктік мөлшер 6 г-нан аспауы керек). К/т енгізу (сол мөлшерде) тек науқастың ауыр жағдайларында ғана көрсетілгенинфузия жылдамдығы 15 мг/кг/с аспауы керек.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, анурия.

Сақтандыру.

Қолдану шектеулері: Жүктілік (I үшайында), емшекпен емізу (емшекпен емізуді доғару). Бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға сақтықпен қолданады. Емдеу үдерісінде окулист пен ЛОР-дәрігерінің үнемі бақылауы қажет.

Жүктілік: Қолдану мүмкін жүктіліктің II III үшайында тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру

Емшекпен емізу: Қолдану мүмкін.

Жанама әсерлері

Артериальды гипотензия, коллапс, бастың айналуы, тырысулар, диспепсия, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, тромбоцитопения, аллергиялық тері реакциялары. Жоғары мөлшерлерді және/немесе ұзақ қолданған кезле — шеткі және кешкі көрудің, түсті қабылдаудың бұзылуы, катарактының дамуы, құлақ естуінің жоғары диапазонының бұзылуы.

Саудаға тіркелген атауы:

Кальция глюконат 

(Calcium gluconate)

Шығарылу түрі. Ерітінді 10% 

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қалқанша маңы безінің жетіспеушілігі, гипокальциемия, аллергиялық аурулар, қан кетулер, тамырлар өткізгіштігінің жоғарлауы, магний, қымыздық және фтор қышқылының тұздарымен улану. К/т, б/е, ішке. Ішке тәулігіне (тамақтың алдында) 2–3 реттен, ересектерге — 1–3 г-нан және жоғары, 1 жасқа дейінгі балаларға — 0,5 г-нан, 2–4 жасқа — 1 г-нан, 5–6 жасқа — 1–1,5 г-нан, 7–9 жасқа — 1,5–2 г-нан, 10–14 жасқа — 2–3 г-нан. Б/е және к/т (ерітіндіні дене тампературасына дейін жылытады) ересектерге 5–10 мл 10% ерітіндіні күнделікті енгізеді, бір күннен кейін немесе 2 күннен кейін көрсеткіштер бойынша. Балаларға жасына байланысты көк тамырына 1 мл-ден 5 мл-ге дейін 10% ерітіндіні әр 2-3 күнде енгізеді.

Кері көрсеткіштері.

Гиперкальциемия, гиперкоагуляция, атеросклероз.

Сақтандыру.

Қолдану шектеулері: Жас балаларға (б/е енгізу үшін). К/т енгізгенде ауыз қуысында күйдіру сезімін туғызады, кейін бүкіл денеде қызу пайда болады, алдын қан айналым жылдамдығын анықтау кезде қолданған (енгізу мен қызу арасында пайда болатын айырмашылық).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Ұсынылмайды.

Емшекпен емізу: Ұсынылмайды.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, іштің өтуі, брадикардия. К/т енгізген кезде —ауыз қуысының күйдірілуі, бүкіл денеде қызудың болуы. Б/е енгізу кезде — некроз.

Саудаға тіркелген атауы:

Метилтионина хлорид (метиленовый синий)

(Methylthioninium chloride)

Шығарылу түрі. Спирттік ерітінді 1% 

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Күйіктер, пиодермия, сыздауықтар; циститтер, уретриттер ж.т.б. несеп жолдарының қабыну аурулары; цианидтермен, көмірсу тотығымен, күкіртті суттегісімен, нитраттармен, анилиндермен улануанида; дәрілік метгемоглобинемия, гиперпаратиреоидизм (хирургиялық емдеуде қосымша зат ретінде). К/т, сыртқа. Тері аурулары кезінде — сыртқа 1% спирттік ерітіндісі. Цистит пен уретрит кезінде — қуысты сулы ерітіндімен жуу 1:5000 (0,02%); цианидтермен, көміртегі тотығымен, күкіртті суттегісімен уланғанда — к/т, 50–100 мл 1% сулы ерітіндісін енгізеді; метгемоглобин түзуші улармен уланған кезде — к/т, кіші мөлшерде (0,1–0,15 мл 1% сулы ерітіндіні 1 кг дене салмағына).

Кері көрсеткіштері.

Интраспинальды егулер кері көрсетілген.

Сақтандыру.

Бала табатын жастағы әйелдерге сақтықпен қолданады. Т/а егуге болмайды. К/т тек баяу енгізу керек (бірнеше минуттық үзіліспен).

Қолдануға шектеулер: Жүктілік, емшекпен емізі.

Жүктілік: Қолдануға болмайды.

Емшекпен емізу: Қолдануға болмайды.