Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Брадиаритмия

Жедел инфаркт миокардымен байланысты синусты брадикардияны емдеу үшін (минутына 50 рет соғу), атропинді қолдану мүмкін.Терапияға жауап бермеген науқастарда, уақытша ырғағын ұстап тұру үшін электрлік белсендіру қажет. Дәрілік заттар синусты түйіннің зақымдалуы кезінде, синусты ырғақты ұзақ уақыт белсендіруде шектеулі бағаға ие, сондықтан ырғақты үнемі ұстап тұру үшін электрлік белсендіру қажет.

Жүректің тоқтауы

Жүрек тоқтап қалған кезде эпинефрин (адреналин) көк тамырға 1 мг (10 мл ерітінді 1:10 000) мөлшерде енгізіледі, кардиопульмональды реанимация бөлімінің бір бөлігі ретінде.

АДЕНОЗИН

(ADENOSINE)

Шығарылу түрі: 1% егуге арналған ерітінді 1 мл, егуге арналған ерітінді 6 мг – 2 мл,

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Пароксизмалды қарынша үсті тахикардия.

Пароксизмалды қарынша үсті тахикардия кезінде синусты ырғаққа тез өткізу және синусты ырғақты қалпына келтіру, сонымен қатар қосымша өткізгіш жолдарымен байланысты (мысалы, WPW синдромы)А өзгерістер. Орталық немесе шеткі үлкен көк тамырға тез 6 мг 1-2 минуттың ішінде ЭКГ мен АҚ бақылау арқылы егу керек, қажет жағдайда 1-2 минуттан кейін 12 мг , тиімді болмаған жағдайда 1-2 минуттан кейін 12 мг қайта егу керек. Қарынша үсті тахикардияның дифференциальды диагностикасыВ, екі өлшемді эхокардиография жүргізгенде, сцинтиграфия, АВ тежелудің орналасуын анықтау кезінде. К/т егу мөлшері 140 мкг/кг/мин 6 минут ішінде (840 мкг/кг).

Көмекші заттар радиобелсенді изотоптардың көмегімен миокардтың қан айналым көрінісін алған кезде және екі өлшемді эхокардиография.

Кері көрсеткіштері

Сезімталдық жоғары кезде. II-III дәрежелі АВ тежелу. СТӘС (егер жасанды ырғақ жүргізуші қойылмаса). Бронхиалды демікпе.

Сақтандыру

Балаларда арнайы мәселелер анықталмаған. Жасына байланысты тиімділік анықталмаған.

Келесі мәселелерде қолдануға болмайды, тек ерекше жағдайларда ғана:

Электрокардиобелсендіргішсіз жүрекше-қарыншаның тежелуінің II-III дәрежесі (толық тежелу тәуекелі).

Қосымша өткізгіштік жолдары кездерінде жүрекшенің лүпілдеуі мен жыпылықтауы (қосымша жолдар арқылы ортоградты өткізуді тездетуі мүмкін) жүрек трансплантациясы.

Келесі мәселелерде тәуекел мен пайданы салыстыру қажет:

Бронхиальды демікпе.

Синусты түйіннің әлсіздік синдромы.

Әрекеттесуі: 1Қосымша.

Жүктілік: ФДА категория С. Адамдарда зерттеулер жүргізілмеген.

Емшек емізу: төс сүтіне өтпейді.

Жанама әсерлері.

Жанама әсерлері 1 минуттың ішінде өтеді.

Жаңа аритмияның пайда болуы (көбінесе бірнеше секунд), көкірек қуысының іші, жақтың, тамақтың немесе қолдың ауырсынуы, ентігу.

Жүрек тежелуі (көбінесе қысқа уақыт).

Бетке қанның құйылуы. Жөтел, бас айналу, жүректің айнуы, қолдың ұйып қалу сезімі.

Саудаға тіркелген атауы:

АМИОДОРОН

(AMIODARONE)

Шығарылу түрі: таблеткалар 200 мг, егу арналған ерітінді 150 мг, 5% - 3 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Қарынша аритмиялары (емдеу және алдын алу шаралары). Ырғақтың пароксизмалды бұзылыстарын емдеу және алдын алу шаралары: өмірге қауіпті қарынша аритмияларыВ (қарынша тахикардиясы, қарынша фибрилляциясы), қарынша фибрилляциясының пароксизмінде науқастардың тіршілік сақтау қабілетін жоғарлатадыВ.

Қарынша үсті аритмиясы (дұрысы, басқа терапияның болмауы және тиімділігі болмағанда; әсіресе WPW-синдромымен байланысты), сонымен қатар жүрекшенің пароксизма фибрилляциясы және лүпілдеуіА, жүрекше және қарынша экстрасистолиясы, жүрек тамырлар немесе жүрек жетіспеушілігі кезіндегі аритмия фатальды нәтиженің тәуекелін төмендетедіА, парасистолия, Шагас миокардитімен ауыратын науқастардағы қарынша аритмиясы.

Ішке (тамақтың алдында), ересектерге 600 мг 3 рет қабылдауыға, 5–15 күннен кейін мөлшерін төмендетеді 300–400 мг/тәулігіне, кейін ұстап тұрушы терапияға өтеді 200–300 мг/тәулігіне 2 рет қабылдау. Ағзада жиналуын болдырмау үшін 5 күн қабылдап, 2 күн үзіліс жасайды немесе 3 апта айына бір апталық үзіліспен. Орта бір реттік терапиялық мөлшер — 0,2 г, орта тәуліктік терапиялық мөлшер — 0,4 г, ең жоғарғы бір реттік мөлшер — 0,4 г, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 0,8 г (1,2 г-ға дейін). Ішке (тамақтың алдында), балаларға 8–10 мг/кг немесе 0,8 г 1,72 м2/тәулігіне 8–15 күн, кейіннен ұстап тұрушы терапияға ауысу арқылы — 2,5 мг/кг немесе 0,2 г 1,72 м2/тәулігіне. Жедел ырғақтың бұзылуын басу үшін к/т 5 мг/кг есеппен, жүрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарға 2,5 мг/кг енгізеді. Қысқа инфузияларды 10–20 мин ішінде 40 мл 5% декстроза ерітіндісімен жүргізеді; қажет жағдайларда — инфузияны қайталау 24 сағаттан кейін жасалады. Ұзақ жасалған инфузияларда — 0,6–1,2 г/тәулігіне 500–1000 мл 5% декстроза ерітіндісі немесе 0,9% физиологиялық ерітіндісін есептегенде 150 мг 250 мл ерітіндіге.

Кері көрсеткіші

Жоғары сезімталдық (сонымен қатар йодқа), синусты түйіннің әлсіздік синдромы, синусты брадикардия, СА-тежелуі, АВ-тежелуінің II–III дәрежесі (кардиостимуляторларды қолданбастан), кардиогенді шок, гипокалиемия, коллапс, артериалді гипотензия, гипотиреоз, гипертиреоз, өкпенің интерстициалді аурулары, МАО баяулатқыштарының қабылдау.

Сақтандыру

Әсерінің баяу басталуына байланысты, мөлшерлеу кестесінің күрделігі және потенциальды ауыр жанама әсерлеріне байланысты, амиодоронды басқа дәрілер тиімді болмағанда немесе науқас көтере алмаған жағдайларда қолданады.

Парентеральды дәріні тек арнайы стационар бөлімінде үнемі АҚ, ЖЖЖ мен ЭКГ бақылауымен ғана қолдану мүмкін. Ұзақ емделген жағдайларда қалқанша безінің қызметін бақылау қажет, окулистің тексеруі және өкпенің рентгенологиялық зерттеулерін керек етеді. Амиодаронды бір мезгілде хинидинмен, бета ­адренотежегіштермен, кальций антагонистерімен, дигоксинмен, варфаринмен, кумаринмен, доксепинмен бірге біріктіріп беруге болмайды. Көк тамырға егу кезінде шамалы, өтпелі АҚ төмендетуі мүмкін.

Алдында жүргізілген амиодорон терапиясы жүрекке жасалған операцияда ерте операциядан кейінгі кезеңде тыныс жетіспеушілігінің тәуекелдігін жоғарлатады. Хирургиялық араласулардың қажеттілігін бағаламастан бұрын, қарынша ырғағының бұзылыстарында амиодаронды қолдануды ұсынбайдыС.

Келесі мәселелерде қолдануға болмайды, тек ерекше жағдайларда ғана:

II-III жүрекше-қарынша тежелулері кардиостимуляторсыз.

Естен тануға әкелетін, брадикардия ұстамалары.

Келесі мәселелерде тәуекел мен пайданы салыстыру қажет:

Тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, бауыр жетіспеушілігі, бронхиалды демікпе, егде жастағылар (ауыр брадикардияның даму тәуекелі);

Бауыр қызметінің бұзылуы.

Гипокалиемия.

Қалқанша безі қызметінің бұзылуы.

Амиодорон қолданған науқастардың жүрегіне ашық операция жасаған кезде абайлықты сақтау керек, жасанды қан айналымды доғарғаннан кейін болатын гипотензия дамуының тәуекелдігінен.

Әрекеттесуі: 1Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория D. Жүктілік кезінде тек өмірлік қажеттілік бойынша тағайындайды. Плацент арқылы өтеді. Ұрыққа зиян келтіруі мүмкін.

Емшек емізу: төс сүтіне өтеді, анасы қабылдаған дәрінің 25% бала қабылдайды. Амиодоронды қабылдағанда емізуді доғару қажет.

Жанама әсерлері.

Жиілігі мөлшері мен ұзақтығына байланысты болып келеді. Көбінесе симптомсыз синусты брадикардия дамиды, бірақ 2-4 % ол клиникалық көріністермен жүреді.

Жиі кездесетіндерге: нейротоксикалық әсері (20–40%, терапияның басталуынан кейін 1 аптадан – бірнеше айдан кейін, дәріні доғарғаннан кейін бір жылдан артық созылуы мүмкін, атаксия белгілері — жүрістің қиындауы, саусақ ұштарының жансыздануы мен шаншуы, бақылаусыз қозғалыстар, аяқтағы әлсіздіктер), фотосенсибилизация (10%), өкпенің фиброзы немесе интерстициалды пневмонит/альвеолит (10–15%, амиодаронды доғарғаннан кейін қайтымды, емдеу — глюкокортикоидтар, 10% өлімге әкелуі мүмкін).

Сирек кездесетіндерге: гипотензия (16% көк тамырға енгізгенде), жүректің тежелуі, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, Q–T-ара қашықтығының ұзаруы, аритмогенді әсері (2–5%); бет терісінің, мойынның, қолдың сүр-көкке боялуы, тері бөртпелері, гепатит, гипертиреоз (2%) немесе гипотиреоз (10%), либидоның төмендеуі, белсіздік; іштің қатуы, тәбеттің жоғалуы, ауызда ащы және темірдің татуы, көздің анық көрмеуі, құрқақтық, жарыққа жоғары сезімталдық, қасаң қабақта пигменттің жиналуы (10%-ға дейін кездесуі, дәріні доғарғаннан кейін қайтымды). Сирек – гепатоцеллюлярлы улылық көрінеді (трансаминаза жоғарлайды) және өте сирек жағдайларда порфирия болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы:

ДИГОКСИН

(DIGOXIN)

Шығарылу түрі: Таблеткалар, дигоксин 62,5 мкг, 250 мкг, [ӘДҰ ұсынылған], көк тамырға егуге арналған ерітінді 0,025%, 0,25 мг/мл [ӘДҰ ұсынылған].

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерлеу

Суправентрикулярлы (қарынша үсті) аритмия, әсіресе жыпылықтау тахиаритмия, жүрекшенің лүпілдеуіВ (ЖЖЖ баяулату үшін немесе жүрекше лүпілдеуін АВ-түйіні арқылы импульстардың өтуін бақылай алатын жиілікпен фибрилляцияға өткізу). Ішке, ересектерге 1–1,5 мг тез дигитализация үшін 24 сағат ішінде бірнеше рет қабылдау немесе 250 мкг 1–2 рет күніне, егер тез дигитализация қажет болмаса; ұстап тұрушы мөлшер 62,5–500 мкг күн ара (жоғары мөлшерлер кезінде дәріні бірнеше рет қабылдау мүмкін) бүйректің қызметі мен жүректің жиырылу жиілігінің әсеріне сай; кәдімгі мөлшері 125–250 мкг күн сайын (егде адамдарға кіші мөлшерлер дұрыс). Жүрекше фибрилляциясының шұғыл бақылауында, көк тамырға тамызуда, ең аз дегенде 2 сағат ішінде, ересектерге 0,75–1 мг. Пароксизмалды суправентрикулярлы тахиаритмияларда к/т 1-4 мл 0,025% құю 10-20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен немесе 100-200 мл тамшылатып 5% декстроза әлде 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен.

Жүрек жетіспеушілігі (синусты тахикардиямен ауыратын науқастарда)А – секция …

Ішке, ересектерге 1–1,5 мг тез дигитализация үшін 24 сағат ішінде бірнеше рет қабылдау немесе 250 мкг 1–2 рет күніне, егер тез дигитализация қажет болмаса; ұстап тұрушы мөлшер 62,5–500 мкг күн ара (жоғары мөлшерлер кезінде дәріні бірнеше рет қабылдау мүмкін) бүйректің қызметі мен жүректің жиырылу жиілігінің әсеріне сай; кәдімгі мөлшері 125–250 мкг күн сайын (егде адамдарға кіші мөлшерлер дұрыс). Шұғыл терапияда күш түсіруші мөлшерде, көк тамырға тамызуда, ең аз дегенде 2 сағат ішінде, ересектерге 0,75 –1мг. Балаларға қанықтырушы мөлшер 0,05–0,08 мг/кг баяу тез дигитализация кезінде 3–5 күн ішінде немесе 6–7 күн ішінде баяу дигитализация кезінде. Балалар үшін ұстап тұрушы мөлшерді 0,01–0,025 мг/кг/стәулігіне құрайды. Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, гликозидті улану - нағыз кері көрсеткіштер.

Салыстырмалы кері көрсеткіштері ‑ айқын брадикардия, AV тежелудің I және II дәрежесі, оқшауланған митралды стеноз, гипертрофиялық субаорталды стеноз, жедел инфаркт миокарды, тұрақсыз стенокардия, WPW синдромы, жүрек тампонадасы, экстрасистолия, қарынша тахикардиясы.

Сақтандыру

Келесі мәселелерде қолдануға болмайды, тек ерекше жағдайларда ғана:

Улылық ықпалдары, алдын қолданғанда болған кез келген оймақгүл дәрілерінен.

Келесі мәселелерде тәуекел мен пайданы салыстыру қажет:

Бүйрек қызметі бұзылғанда, дигиталисты уланулардың пайда болу мүмкіндіктері, гипокалиемия, гипомагниемия, гиперкальциемия, гипернатриемия, жоғарлайды, гипотиреозда, айқын жүрек қуысының толық дилатациясында, өкпелік жүректе, миокардитте, алкалоз кезінде, егде науқастарға.

Жүрек жетіспеушілігімен жүретін жедел гломерулонефрит, (тәуліктік мөлшерін азайту керек, емдеу курсы қысқартылған, ЭКГ мониторинг арқылы болу керек).

Егер алдыңғы 2 аптаның ішінде басқа жүрек гликозидтері немесе дигоксин енгізілген болса егу мөлшері азайтылуы керек.

Әрекеттесуі: Қосымша.

Жүктілік: ФДА категория С.

Емшек емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Брадикардия, AV тежелу, жүрек ырғағының бұзылуы, анорексия, жүректің айнуы, құсу, іштің өтуі, бастың ауруы, қалжырау, бас айналу. Сирек – қоршаған заттардың жасыл және сары түске боялуя, көз алдында «шіркейлердің» көрінуі, көздің көру қабілетінің төмендеуі, скотомы, макро‑и микропсия. Өте сирек жағдайларда естің шатасуы, депрессия, ұйқының болмауы, эйфория, делириозды жағдай, синкопалды жағдай, мезентериалды тамырлардың тромбозы. Дигоксинді ұзақ қолданған кезде гинекомастия дамуы мүмкін.

Мөлшерден тыс көп қолдану (гликозидті улану). Жедел: құсу, синусты брадикардия, АВ тежелу, қарынша тахикардиясы немесе фибрилляция. Созылмалы: көрудің бұзылуы, айтусыз шаршау, жүрекше фибрилляциясы, қарынша аритмиясы.

ВЕРАПАМИЛ (VERAPAMIL)

Шығарылу түрі. Таблеткалар (немесе драже) – 0,04 г, 0,08 г. [ӘДҰ ұсынылған]. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Тұрақты стенокардия (орташа 313 мг/тәу А ), ПринцметалВ стенокардия (40-80 мг 3 рет тәулігіне).

Артериалды гипертензияА (40-80 мг 2 рет тәулігіне, 320 мг-ға дейін).

Идиопатиялық гипертрофиялық субаортальді стеноз, бірінші өкпелік гипертензия (созылмалы өкпе тарылуымен ауыратын науқастардаС , 240 мг/тәу).

Суправентрукулярлы тахикаритмия (пароксизмалді қарынша үстінің тахикардиясы – емдеу 15 минутВ ішінде 10 мг к/т егу, ұстамалардың алдын алу үшін – 240 мг/тәуВ дейін, жүрекшенің жыпылықтауы, жүрекшенің лүпілдеуі, экстрасистолия – 240 мг/тәу дейін (жүректің жиырылу жиілігін бақылау үшін). Суправентрикулярлы аритмия, тамырға егу, ересектерге 5–10 мг 2 минут ішінде (ЭКГ-нің бақылауымен); егделерге 5 мг 3 минут ішінде; пароксизмалды тахиаритмия кезінде қосымша 5 мг 5-10 минуттан кейін егуге болады, егер қажет болса. Балаларға — тек мамандырылған көмек ішінде: Пароксизмалды ырғақтың бұзылуы: көк тамырға баяу ағыспен 2-5 минут ішінде 1 жасқа дейінгі балаларға — 0,75–2 мг, 1–5 жастағы балаларға — 2–3 мг, 6-14 жастағы балаларға — 2,5–3,5 мг. Суправентрикулярлы аритмия: балаларға ішке 2 жасқа дейін 20 мг 2–3 рет күніне. Верапамилдің балаларға 5 жасқа дейінгі тәуліктік мөлшері — 40–60 мг; 6 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға — 80–360 мг (3-4 қабылдауы).

Бастың ауруы (алдын алу шаралары) тамырлар генезі.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Айқын брадикардия, СССУ, кардиогенді шок, AV тежелудің II‑III дәрежесі, WPW синдромы, артериалді гипотония, жүрек жетіспеушілігі. 2 сағат алдын көк тамырға бета адренотежегіштерді егу кезінде. Жүктілік. Лактация кезеңі.

Сақтандыру

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: Атриовентрикулярлы тежелудің бірінші дәрежесі; инфаркт миокардының жедел сатысы (әсіресе брадикадия, гипотония, жүрек жетіспеушілігі бар кезде; бауырдың қызметі бұзылғанда; жүйке-бұлшық ет өткізгіштігінің бұзылуы (Бюшенна миопатиясымен ауыратын науқастарда жүйке-бұлшық ет өткізілуі төмендейді). Кең QRS кешенімен жүретін қарынша тахикардиясы (қарыншалар фибрилляциясының тәуекелі).

Верапимил де бета-тежегіш те кардиодепрессивті ықпалға ие және оларды біріктіріп қолданғанда брадикардияны, АВ-тежелуді, әсіресе жүрек жетіспеушілігі бар науқастарда сол қарынша жетіспеушілігін күтуге болады. Бета-тежегіштерді верапамилді тағайындар алдында, ең кемінде 24 сағат бұрын қолдануды доғару керек. Грейпфрут шырынын қолданудан бас тарту қажет;

Балаларға тек педиатр кеңесінен кейін тағайындау керек;

Әрекеттесуі: 1 Қосымша

Жүктілік: ФДА категория С. Плацентадан өтеді, жедел тамыр арқылы енгізудегі анасындағы гипотензия ұрықта дистресс туғызуы мүмкін. Сирек нәрестелерде және емшектегі балаларда ауыр гемодинамикалық жанама ықпалдар байқалған. Жүкті және емізуілі әйелдерде верапамилді қолдану, тек күтілетін пайда ұрық немесе балаға кері әсерінен басым болып келгенде ғана көрсетілген

Емшек емізу: төс сүтінің құрамына енеді, адамдарда асқынулар тіркелмеген.

Жанама әсерлері.

Іштің қатуы, сирек – жүректің айнуы, бастың айналуы, бастың ауруы, шаршау, тобықтың ісінуі. Сирек жағдайларда - аллергиялық реакциялар, миальгия, артралгия, эритромегалия, пролактин құнарлығының жоғары болуы, гинекомастия. Верапамилдің үлкен мөлшерін қолданғанда, әсіресе бейім болып келетін науқастарда айқын брадикардия, AV тежелуі, артериалды гипотония, жүрек жетіспеушілік симптомдарының пайда болуы мүмкін. К/т тез енгізгенде сирек жағдайларда жүректің толық көлденең тежелуі, асистолия, коллапс пайда болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы:

ПРОПАФЕНОН

(PROPAFENONE)

Шығарылу түрі. Қапталған таблеткалар 150 және 300 мг. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Қарынша аритмиялары, тұрақты қарынша тахикардиясы, өмірге қауіпті қарынша аритмияларыВ (ЖИА байланысты емес). Қарынша үсті тахикардиясыА (сонымен қатар WPW синдромы), жүрекшенің дірілдеуі немесе лүпілдеуі. Дене салмағы 70 кг кезде алғашқыда ЭКГ мен АҚ бақылау арқылы 150 мг 3 рет күнделікті (QRS ара қашықтығы 20 % ұзарса, мөлшерін төмендетеді немесе кардиограмма көрсеткіштері қалпына келгенше беруді доғарады); мөлшерін әр 3-4 күн сайын 300 мг күніне 3 рет қабылдауға жоғарлатады; ең жоғарғы тәуліктік мөлшері 1200 мг 4 рет қабылдауға. Егер дене салмағы 70 кг-нан төмен немесе егде жаста болса мөлшерін төмендетеді.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық, атриовентрикулярлы тежелудің II-III дәрежесі, қарынша ішінің бифасцикулярлы тежелуі (электрокардиостимуляторсыз), синусты брадикардия, жүрек жетіспеушілігі, СССУ, лактация кезеңінде, жүктілік.

Сақтандыру

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Бронхиалды демікпе және аллергиялық емес бронхтың тарылуы (созылмалы бронхит, эмфизема), кардиогенді шок немесе синусты брадикардия (әрі қарай миокард қызметін тежеу тәуекелі), гипо және гиперкалиемия (пропафенді қолданар алдында түзетулер жүргізу қажет), кардиомиопатия, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, артериалды гипотензия, миастения.

Бауыр қызметі бұзылған кезде қолданылатын кәдімгі мөлшердің 20-30% құрайды, бүйрек қызметі бұзылғанда (КК – 10% төмен) алғашқы мөлшер кәдімгі мөлшердің 50% құрайды.

Әрекеттесуі: Қосымша.

Жүктілік: ФДА категория С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді.

Жанама әсерлері

Жиі кездесетіндері: аритмогенді ықпал (2-10% емнің алғашқы аптасында байқалады), мөлшерге тәуелді қарынша тахиаритмиясы және потенциальды өлім, көбінесе тұрақты қарынша тахикардиясы мен ЖИА ауыратын немесе анамнезінде инфаркт болған науқастарда жоғары болып келеді; тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі. Сирек кездесетіндерге: стенокардия, АВ-тежелу, брадикардия, QRS-ара қашықтығының ұзаруы. Мүлдем сирек кездесетіндерге: гипотензия, іштің қатуы, ауыздың құрғауы, бастың айналуы, жүректің айнуы және құсу, бастың ауруы, тері бөрпелері, демігу, агранулоцитоз, тромбоцитопения.

Саудаға тіркелген атауы:

ПРОПРАНОЛОЛ

(PROPRANOLOL)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 0,25% - 1 мл, 5мг-5 мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Жүрек ырғағының бұзылуы. Синусты тахикардия (сонымен қатар гипертиреоз кезінде 160 мг/тәулігінеВ), қарынша үсті тахикардиясы, дірілдеуік тахиаритмия (дигоксинмен біргеА), қарынша үсті және жүрекше (120-240 мг/тәу) экстрасистолиясы. Пароксизмалды суправентрикулярлы тахикардия кезінде – к/т құю, баяу, алғашқы мөлшер 1 мг, 2 минуттан кейін сол мөлшерді қайталау. Тиімділігі болмаған жағдайда к/т енгізуді, ықпалға қол жеткізгенше ЭКГ мен АҚ бақылауымен ең жоғарғы мөлшерге дейін 10 мг жеткізеді.

Тиреотоксикалық криз (тиреостатикалық ДЗ көтере алмаған жағдайларда) – к/т құю, баяу, алғашқы мөлшер 1 мг, кейіннен әр 2 минут сайын мөлшерін қайталап, ең жоғары мөлшерге жеткенше 10 мг енгізеді.

Диэнцефальды синдром салдарынан болған симпато-адреналды криздер – к/т құю, баяу, алғашқы мөлшер 1 мг.

Артериалды гипертензияА. Таблеткалық түрде 40 мг-нан 2-3 рет тәулігіне, ең жоғарғы мөлшер 320 мг.

Тұрақты стенокардияА. Таблеткалық түрде. Орташа мөлшері 183 мг/тәу.

Тұрақсыз стенокардияВ. Таблеткалық түрде 80 мг-нан 160 мг-ға дейін тәулігіне, ең жоғары мөлшер – 240 мг/тәу

Миокард инфарктыА (систолиялық АҚ 100 мм. сын.бағ. жоғары). Таблеткалық түрі 80 мг-нан 160 мг-ға дейін тәулігіне инфаркттың бірінші сағатынан 6-48 айға дейін.

Эссенциалды дірілдеуВ . 40 мг-нан 2-3 рет тәулігіне 160 мг-ға дейін тәулігіне.

Феохромоцитома (көмекші ем ретінде)С .

Диэнцефальды синдром салдарынан болған симпато-адреналды криздер (алдын алу шаралары)D . 20 мг-нан 3 рет күніне, ең жоғарғы мөлшері 240 мг/тәу.

Диффузды-токсикалық зоб 20 мг-нан 3 рет күнінен, ең жоғарғы мөлшері 240 мг/тәу.

Босанғаннан кейінгі асқынулар, жатырдың жиырылу қабілетінің бұзылуымен байланысты (алдын алу шаралары) – 20 мг-нан 3 рет тәулігіне 3-5 күнге дейінD .

Босану барысының бірінші дәрежелі әлсіздігіВ – 2 мг к/т окситоцинмен бірге егу.

Ескертпе: антиангинальды, антигипертензивті заттар ретінде және миокард инфаркты кезінде қолданғанда, екі рет немесе кейбір науқастарда бір рет қолдану тиімді болып келеді.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық. АВ-тежелудің II-III дәрежесі, синусты брадикардия (ЖЖЖ 55/мин төмен), артериалды гипотензия, жедел жүрек жетіспеушілігі, вазомоторлы ринит, артерия тамырларының бітелу аурулары, бронхиалды демікпе, бронхтың тарылуына бейім болу, спастикалық колит, жүктілік, төспен емізу кезде.

Сақтандыру.

Бүйрек пен бауыр жетіспеушілігінде, гипертиреозда, миастенияда, феохромоцитомада (егер альфа адренорецепторлармен алдын ала тежелулерде тиімділік болмаған кезде) сақтықпен қолдану керек.

Алып тастау синдромы болу мүмкін (стенокардия ұстамалары жиілеуі мүмкін, АҚ жоғарлауы).

Келесі мәселелерде қолдануға болмайды, тек ерекше жағдайларда ғана:

Айқын жүрек жетіспеушілігі, кардиогенді шок, жүрекше-қарынша тежелуінің II –III дәрежесі, синусты брадикардия минутына 45 соғудан төмен, микард инфаркты кезіндегі гипотензия (тиімсіз болуы мүмкін).

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Эмфизема немесе аллергиялық емес бронхит, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, қант диабеті, бауыр қызметінің бұзылуы (бүйрек қызметі бұзылғанда емес, бауыр қызметі бұзылғанда мөлшерін төмендету қажет), гипертиреоз, қазіргі кезде немесе анамнезінде депрессия болғанда, миастения, феохромоцитома, теңге қотыр, Рейно синдромы және басқа да шеткі тамырлардың аурулары.

Егде жастағы науқастар кәдімгі мөлшерге жоғары немесе төмен сезімталдыққа ие болуы мүмкін.

Хирургиялық операцияға жататын науқастарға уақытша ішке қолданудың орынына, ішке қолданатын мөлшердің 1/10 бөлігін көк тамырға егуге болады.

Әрекеттесуі: Қосымша.

Жүктілік: ФДА категория С. Ұрық пен нәрестенің гипогликемиясы, тыныстың тежелуі, брадикардиясы.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді. Емізулі нәрестелерде брадикардия, цианоз, гипотензия және тахипноэ болады. Егер пайдасы жанама әсерлер дамуының тәуекелінен басым болса қолданады.

Жанама әсерлері.

ЖЖЖ азайады, брадикардия (2-9%) және миокардтың жиырылуы төмендейді, тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі (5,4%). Бронхтың тарылуы (2,6%). Әлсіздік, шаршау; ұйқының бұзылуы; шеткі қан айналымының бұзылуы, аяқ-қолдың салқындауы, парэстезия; гипогликемия (катехоламинмен белсендірілетін гликогенолиздің басуы), гипергликемия (көмірсулар алмасуының бұзылуы, инсулинге шеткі тұрақтылықтың жоғарлауы), глюкозаға тұрақтылықтың төмендеуі; ортостатикалық гипотензия, бастың айналуы, бастың ауруы; көкіректің ауруы; аяқтың ауруы мен ісінуі; ауыздың құрғауы; зәр шығарудың бұзылуы; жыныс қызметінің бұзылуы; тұмауға ұқсас симптомдар; терінің аллергиялық реакциялары; бауырдың ферменттер белсенділігінің жоғарлауы; тромбоцитопения, лейкопения, теңге қотырдың асқынуы.

Саудаға тіркелген атауы:

ЭПИНЕФРИН

(EPINEPHRINE)

Шығарылу түрі. Егуге (егуге арналған ерітінді), эпинефрин гидротартрат, 0,18%, ампулада 1 мл, эпинефрин гидрохлорид, 100 мкг/мл (10 000-ға 1), ампулада 10 мл [ӘДҰ ұсынылған], 180 кг/мл.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Жүрек тоқтағанда. Орталық катетер арқылы көк тамырға енгізу, эпинефриннің егуге арналған түрі қолданылады 1 мгВ, әр 3-минуттық ара қашықтықпен қайталайды, қажет жағдайда ықпалға қол жеткізгенше немесе жүрек ішіне 0,5 мг егеді.

Анафилактикалық шок (бөлім). Көк тамырға енгізу 1 мкг/мин. Қажетті гемодинамикалық ықпалға қол жеткізу үшін мөлшерін 2-10 мкг/мин. жоғарлатуға болады.

Ескертпе: эпинефринді эндотрахеалді енгізуге болады. Бірақ, тиімді мөлшері белгісіз, көк тамырға енгізу жолындағы мөлшерден 2-2,5 есе мөлшер қажет болуы мүмкін.

Кері көрсеткіштері.

Келесі мәселелерде қолдануға болмайды, тек ерекше жағдайларда ғана: обструктивті кардиомиопатия, субаорталды стеноз (обструкция күшеюі мүмкін); феохромоцитома (ауыр гипертензия болуы мүмкін).

Сақтандыру

Егер орталық катетер орналастырылмаған болса, сол мөлшер шеткі тамырлар арқылы енгізіледі, кейін ең аз дегенде 20 мл 0,9% натрий хлорид ерітіндісімен жуылады (жалпы айналымға түсуді қамтамас ету үшін).

Наркоздың асқыну салдарынан болған жүрек тоқтауында, реанимация кездерінде наркоз ретінде галогенді көмірсуларды, әсіресе галотонды қабылдаған науқастарда өте сақтықпен қолдану керек, себебі миокардтың сезгіштігі жоғарлап, аритмиялар тууы мүмкін.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Зат алмасуындағы ацидоз, гиперкапния немесе гипоксия (ықпалының төмендеуі және жанама әсерлерінің жоғарлауы мүмкін). Келесі жағдайларда байқап қолданылады: жүрек аурулары, гипертензия, өкпе гипертензиясы, аритмия, цереброваскулярлы аурулар; анамнезінде тамырлардың бітелу аурулары (некроз немесе гангрена болу тәуекелі мүмкін); тиреотоксикоз, қант диабеті; жабық бұрышты глаукома; босанудың екінші сатысы. 

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өту туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Үлкен мөлшерде ұзақ қолданғанда немесе шеткі тамырлардың аурулары бар кезде аз мөлшерде қолданғанда, гангрена мен некрозға әкелу мүмкіндіктері болатын шеткі тамырлардың тарылуы. мазасыздану, дірілдеу, тахикардия, брадикардия, стенокардия, бастың ауруы, аяқ-қолдың салқындауы; жүрек айну, құсу, тершеңдік, әлсіздік, бастың айналуы, гипокалиемия, гипергликемия; мөлшерін жоғарлатқанда аритмия болуы, басқа қан құйылу, өкпенің ісінуі.

Саудаға тіркелген атауы:

ЛИДОКАИН

(LIDOCAINE)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 10%, 20 мг/мл, ампулада 5 мл [ӘДҰ ұсынылған].

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қарынша аритмиясы, әсіресе миокардтың инфарктынан кейін, (қарыншаның пароксизмалды тахикардиясяВ, қарынша экстрасистолиясыВ), және хирургиялық араласулар кезіндегі қарынша аритмиялары, дигиталисті улану. Болюсты көк тамырға 100 мг (50 мг салмағы төмен науқастарға немесе айқын қан айналымының бұзылыстарында) 3- 4 минут ішінде, кейін к/т тамшылатып 4мг/мин 30 минут ішінде, кейін 2 мг/мин 2 сағат ішінде, кейін 1 мг/мин 24 сағат ішінде. Жергілікті анестезия (секция …)

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық. Адамса-Стокса синдромы. Атриовентрикулярлы тежелудің барлық түрлері (тек қарыншаны белсендіру үшін зонд енгізілген жағдайлардан басқа). СССУ. Айқын брадикардия. Артериалды гипотензия. Кардиогенді шок. Жүрек жетіспеушілігінің II-III дәрежесі. Қарынша ішінің өткізгіштігі бұзылғанда. Ауыр бүйрек және бауыр жетіспеушілігі. Порфирия. Қояншық талмаларында (сонымен қатар анамнезінде болса). Суправентрикулярлы аритмиялар (тиімділігі болмайды және жүрекшенің дірілдеуі мен лүпілдеуі кезінде қарынша жиырылуының жиілеу тәуекелі).

Сақтандыру

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет: тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі; гиповолемия және шок.

Көк тамырға лидокаинді егу кезінде қысқа әсер етеді (15–20 мин). Егер көк тамырға енгізуді тез арада жасау мүмкіндіктері болмаса, онда бастапқы көк тамырға егуді 50–100 мг–ды 10 минуттық ара қашықтықпен 1– 2 рет қайталауға болады. Аз мөлшерлерді тоқыраулы жүрек жетіспеушілігі, брадикардияда, бауыр мен бүйрек жетіспеушілігінде (дәрінің жиналып қалу мүмкіндіктерінен, мөлшерін екі есе төмендету қажет), айқын гипоксия, тыныстың ауыр тежелуі, егде жастағылар мен кардиохирургиялық араласулардан кейін қолданады.

Әрекеттесуі: 1 Қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория В.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өту туралы мәліметтер жоқ.

Жанама әсерлері

Аллергиялық реакциялар. Қанда концентрациясы 6-8 мкг/мл болғанда улану белгілері пайда болады. Нистагм лидокаиннің шамадан тыс қолданғандағы алғашқы жиі кездесетін белгілеріне жатады. Бас айналу, парестезия, ұйқышылдық, шатасу, апноэ, тыныстың тежелуі, кома, талмалар, конвульсия, гипотензия, аритмия, жүрек тежелулері, кардиоваскулярлы коллапс және брадикардия (жүректің тоқтап қалуына әкелуі мүмкін);. Емдеу: вазопрессорлар және к/т сұйықтық енгізу, сіреспелі талмаларда – диазепам немесе ультра қысқа әсер ететін барбитураттар.

Саудаға тіркелген атауы: