Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, жас балалар мен жасөспірімдерге (15 жасқа дейін), бір мезгілде талдамсыз әсер ететін МАО баяулатқыштарымен бірге.

Сақтандыру.

Депрессивті жағдайға байланысты өзін өзі өлтіруге ұрынған науқастарды, емнің басында үнемі бақылау керек. Жалпы жансыздандыру жүргізу жоспарланғанда, анестезиолог-дәрігерін науқастың тианептинмен емделгенін және хирургиялық араласудың алдында 24-48 сағат бұрын доғарғанын айту керек. Шұғыл хирургиялық көмек көрсету кезінде, операция кезінде науқастың жағдайын қатаң бақылау қажет. Емді тәуліктік мөлшерін біртіндеп төмендету арқылы (7-14 күндей) аяқтау керек. МАО баяулатқыштарын қабылдаудан тианептинге ауысқанда, 2 апталық үзіліс жасау керек, ал оны МАО баяулатқыштарымен ауыстырғанда – 24 сағат үзіліс жасау қажет. Емделу кезінде науқастар жоғары көңіл қоюды, тез психикалық және қозғалыс реакцияларын талап ететін потенциальды қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды (көңіл қоюдың төмендеуімен байланысты).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезде қолданудан бас тарту керек, себебі жүктілік кезде қолданғанда қауіптілігі туралы клиникалық мәліметтер жоқ.

Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек (үш циклді антидепрессанттар төс сүтіне өтеді).

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшелері жағынан: бастың айналуы, бастың ауруы, ұйқының қашуы, күндізгі ұйқышылдық, көңіл қою мәнінің төмендеуі, қорқынышты түстердің енуі, астения, липотимия, естен тану, дірілдеу. Жүрек-тамыр жүйесі мен қан (қанның түзілуі, гемостаз) жағынан: тахикардия, экстрасистолия, стенокардия, көкіректің ауруы. Респираторлы жүйе жағынан: тыныс алғанда дискомфорттың болуы, тыныстың қиындауы, кеңірдектің тарылуы, тамақта «түйін» сезімінің болуы. АІЖ мүшелері жағынан: ауыздың құрғауы, анорексия, эпигастрия мен іштің ауруы, жүректің айнуы, құсу, іштің қатуы, метеоризм. Басқада: ыстықтану сезімі, бетке қанның құйылуы, ауыру синдромы (миалгия, омыртқаның бел-сегізкөз бөлімінің ауруы).

Саудаға тіркелген атауы:

Флувоксамин

(Fluvoxamine)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 50 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Әртүрлі генезді депрессия, обсессивті-компульсиялық бұзылыстар. Ішке, ересектерге, шайнамастан, көп сумен ішу. Бастапқы мөлшер 50–100 мг/тәу бір рет (кешке), жақсы көтере алғанда мөлшерін жоғарлатады 150–200 мг/тәу 2–3 қабылдауға. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 300 мг.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бауыр жетіспеушілігі, бір мезгілде астемизолмен, цизапридпен, терфенадинмен, МАО баяулатқыш заттарымен бірге қолдану (сонымен қатар фуразолидонмен, прокарбазинмен, селегилинмен), емшекпен емізу, 8 жасқа дейінгі бабаларға.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Қояншық, жүктілік; дәріге тәуелділік, тұнжыр ой, гипомания, тырысу жағдайлары немесе анамнезенде миокардтың инфаркты.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Жүктілік кезде сақтықпен қолданады, болжалданатын анасы үшін пайдасы мен ұрық үшін потенциальды тәуекелді салыстыру керек.

Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.