Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

20. Миорелаксанттар және холинэстеразаның баяулатқыштары

Хирургияда қолданылатын миорелаксанттарға суксаметоний, алкуроний, векуроний және т.б. жатады. Неостигмин және пиридостигмин сияқты холинэстераза баяулатқыштары гравис миастениясын симптоматикалық емдеуде қолданылады. Олардың әсері ацетилхолинэстеразаны баяулатумен байланысты, соның салдарынан ацетилхолиннің әсері ұзарады және жүйке-бұлшық ет өткізілуі күшейеді. Ол көптеген миастения науқастарының жағдайын бір шама жақсартуға әкеледі, бірақ бұлшық ет тонусының толық қалпына келуі сирек болады. Холинэстераза баяулатқыштары ішке қолдануға арналған, тек науқаста жұту қиындаған кез жағдайларында. Пиридостигмин баяу әсер ете бастайды (көбінесе 30-60 минут барысында), бірақ әсер етуі ұзақғырақ жүреді, неостигминге қарағанда; сонымен қатар ол диарея, ішек шаншуы және шамадан тыс сілекейдің бөлінуі сияқты мускаринді белсендіру ықпалын аз туғызады, сондықтан оған көп мән береді. Мөлшерін сақтықпен талдайды, шамадан тыс көп қолданғанда науқасты холинергиялық кризге енгізу мүмкін. Аурудың үдеуімен байланысты және мөлшердің жеткіліксіздігінен болатын осыған ұқсас жағдайды миастения ұстамасынан ажырата білу керек; екі жағдайда да болатын негізгі көріністер – бұлшық ет әлсіздігігінің үдеуі. Егер науқас миастениялық ұстамалар кезінде тыныс алу немесе жұтыну қиындықтарын сезінсе, холинэстераза баяулатқыштарын бұлшық етке немесе тері астына енгізу крек; көбінесе неостигминді қабылдаған дұрыс. Мускаринді белсендіргіш ықпалын төмендету үшін атропин қолданылады (1.3 бөлім). Кортикостероид, мысалы преднизолон (18.1 бөлім), гравис миастениясын емдеу үшін қолданылады; азатиопринді қосу (8.1 бөлім) кортикостероидтардың да, антихолинэстеразды заттардың да мөлшерін төмендетуге мүмкіндік береді.

Неостигмин

(neostigmine)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 0,05% [ӘДҰ ұсынылған].; таблеткалар 15 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

МиастенияА; антидеполяризациялаушы тежелуден шығару үшін, операциядан кейінгі несептің шықпауы. Гравис миастениясы, ішке неостигмин бромид түрінде. Ересектерге бастапқыда 15–30 мг-нан қолайлы арақашықтықпен күні бойы, мөлшерін біртіндеп жоғарлату, қажетті ықпалға қол жеткізгенше; күнделікті қосынды мөлшер 75–300 мг арасында болады, препаратты қажетті ең жоғары күш әсеріне қол жеткізгенше арақашқтықта қабылдау керек, бірақ 180 мг-нан жоғары мөлшерді күніне нашар көтереді; 6 жасқа дейінгі балаларға, бастапқыда 7,5 мг-нан, 6–12 жас, бастапқыда – 15 мг; күнделікті қосындыы мөлшер – көбінесе 15–90 мг, бөліп қажетті ара қашықтықпен қабылдау керек. Гравис миастениясы, тері астына немесе бұлшық етке неостигмин метилсульфат түрінде қолданылады. Ересектерге 0,5–2,5 мг-нан қажет жағдайларда, күнделікті қосынды мөлшер 5–20 мг; нәрестелерге 50–250 мкг-нан емізудің алдында 30 минут бұрын (көбінесе 8 аптадан үлкен нәрестелерге қажеті жоқ); балаларға (тек стационар жағдайында) 200–500 мкг-нан қажеттілігі бойынша.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Жуырда ішек немесе қуыққа болған операцияда; механикалық ішек бітелуі немесе механикалық несеп шығару жолдарының обструкциясы; суксаметонияны енгізгеннен кейін; пневмония; перитонит.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Демікпе; несеп шығару жолдарының инфекциясы; жүрек қан-тамырлар ауруы, аритмияны қоса (әсіресе брадикардия, ваготония, жуырда болған миокардтың инфаркты немесе атриовентрикулярлы тежелу); гипертиреоз, гипотония; жара аурулары; қояншық; паркинсонизм; бүйрек жетіспеушілігі; жүктілік және емшекпен емізу.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.