Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

III.4. Басқа да (циклоспорин)

ЦИКЛОСПОРИН

(CYCLOSPORINUM)

Шығарылу түрі. Капсулалар 25 мг, 50 мг, 100 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Циклоспоринді алдын басқа иммундепрессанттарды қабылдаған науқастарға трансплантаттың қабылдамау реакциясын төмендету үшін қолданады. Циклоспоринді аллогенді бүйрек, жүрек, өкпе және басқа да мүшелерді қондыруда, сонымен қатар сүйек кемігін қондыруда трансплантатты қабылдамаудың алдын алу шараларындағы негізгі зат болып келеді. Аутоиммунды ауруларда жиынтық терапияда қолданылады. Препаратты көктамырға және ішке қолданады. Циклоспоринді көктамырға баяу енгізеді (тамшылатып) изотониялық натрий хлорид ерітіндісінде немесе 5 % глюкоза ерітіндісінде. Бастапқы мөлшерді көбінесе көктамырға енгізуде 3 - 5 мг/кг құрайды күніне, ішке қолдану кезінде - 10 15 мг/кг күніне. Мүшелерді қондыру кезіндегі трансплантация операциясының алдында 4-12 сағат алдын тағайындайды. Сүйек кемігін қондыру кезінде соңғы мөлшерді операция күні енгізеді. Көбінесе соңғы мөлшерді көктамырға енгізеді және көктамырға енгізуді 2 апта бойы жалғастырады. Кейін пероральды ұстап тұрушы мөлшерге өтеді. Кері көрсеткіштері. Жүктілік, лактация, препаратқа жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген.

Жанама әсерлері.

Бүйрек, бауыр, асқазан-ішек жолдарының қызметі бұзылғанда (жүректің айнуы, құсу, анорексия), иектің гиперплазиясы, тромбоцитопения, ағзада сұйықтықтың жиналуы, тырысулар және т.б.

Саудаға тіркелген атауы:

  1. Ісіктерге қарсы емнің жанама әсерлерін түзету үшін қолданылатын заттар.

V.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты (кальция фолинат)

V.2. Иммунды түрлендірушілер (левамизол)

V.3. Колонияны белсендіруші факторлар – лейкопоэзді белсендірушілер (молграмостим, ленограстим, филграстим)

V.4. Цитопротективті заттар (амифостин)

V.5. Сүйек құрылысы мен минерализацияға әсер етуші заттар (клодрон қышқылы)

V.1. Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты

КАЛЬЦИЯ ФОЛИНАТ

(CALCIUM FOLINATE)

Фолий қышқылы антагонистерінің антидоты. Фолий қышқылы антагонистерінің терапиялық және улы әсерін төмендетеді (мысалы, метотрексат), нуклеин қышқылының биосинтезінің қалпына келуіне әсер етеді және ағзада фолий қышқылының жетіспеушілігін толықтырады.

Шығарылу түрі. Таблеткалар, капсулалар 15 мг; егуге арналған ерітінді 10 мг/мл; егуге арналған ерітіндіні дайындау үшін флакондағы ұнтақ 10 мг, 25 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Метотрексаттың улы әсерінің алдын алу шаралары мен емдеу үшін, фолий қышқылы антагонистерінің шамадан тыс мөлшерін қолдануда. Мегалобласты қаназдықты емдеу. Тоқ және тік ішектердің қатерлі ісігінде паллиативті емде (фторурацилмен біріктіріледі). Кальций фолинаттың к/т жоғары мөлшерде (12-15 г/ м² 4 сағаттан кейін) енгізуден кейінгі мөлшерлеу тәртібін бүйректің шығару қызметінің жағдайын ескеріп, қандағы креатинин мен метотрексаттың құнарлығын жүйелік бақылау (ең аз дегенде тәулігіне 1 рет) жағдайы кезінде жеке белгілейді.

Кері көрсеткіштері. В12 витаминінің жетіспеушілігімен туындаған мегалобласты қаназдық, препаратқа жоғары сезімталдық.

Сақтандыру. Несептің қышқыл реакциясы кезінде, асцитте, сусыздануда, экссудативті плевритте, бүйрек қызметінің бұзылуында сақтықпен тағайындайды. Жүректің айнуы және құсу кездерінде сіңірілуі төмендуі мүмкін (парентеральды енгізу дұрыс). Науқастарды бақылау: емнің алдында және емделу кезеңінде үнемі бүйрек қызметі мен зәрдің рН бақылау қажет.

Байқаусызда метотрексатты мөлшерден тыс қолдану кезінде, мүмкіндігінше кальции фолиантты тез қабылдауды бастау қажет.

Балаларға қолдану кезінде тырысуға қарсы дәрілердің тиімділігі төмендеу салдарынан тырысулардың жиілеуі мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қатаң көрсеткіштер бойынша қолданылуы мүмкін.

Емшекпен емізу: Кері көрсетілген

Жанама әсерлері

Ішке қолданған кезде – жүректің айнуы, құсу. Аллергиялық реакциялар (есекжем, анафилактикалық шок).

Саудаға тіркелген атауы: