Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық; жүктілік, емшекпен емізу кезінде; жас балалар (14 жасқа дейін); порфирия.

Сақтандыру

Фамотидинді бірден алып тастауға болмайды («рикошета» синдромы).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория В.

Емшекпен емізу: фамотидинмен емдегенде емшекпен емізуді доғару керек. Жанама әсерлері

К/т енгізгенде: брадикардия, естің шатасуы (көбінесе егде жастағыларда), тахикардия, АВ- тежелу, асистолия, гипотензия. Ішке қолданғанда: жүректің айнуы, құсу, диарея немесе іштің қатуы, ауыздың құрғауы, бастың ауруы, құлақтың шулауы, миалгия. Жоғары сезіталдық реакциясы (қызбаны, артралгияны, миалгияны, анафилаксияны қоса); қан жағынан болатын бұзылыстар (агранулоцитозды, лейкопенияны, панцитопенияны, тромбоцитопенияны қоса). Антиандрогенді әсер (гиперпролактинемия, гинекомастия) – өте сирек болады.

Саудаға тіркелген атауы:

17.2 Құсуға қарсы дәрілік заттар

МЕТОКЛОПРАМИД

METOCLOPRAMIDE

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, метоклопрамид гидрохлорид 10 мг [ӘДҰ ұсынылған]. Инъекция (егуге арналған ерітінді), метоклопрамид гидрохлорид 5 мг/мл, ампулада 2 мл  [ӘДҰ ұсынылған]. Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Асқазан –ішек жолдарының аурулары кезінде жүректің айнуы мен құсу, цитотоксикалық заттармен емдегенде немесе сәулемен емдеу кезінде; гастроэзофагеальды рефлюкс; гастропарез; премедикация және операциядан кейінгі кезең; асқазан-ішек жолдарын интубация жасау кезінде; бас сақинасы кезіндегі жүректің айнуы мен құсу. Балаларда қолдану этиологиясы белгілі құсуды шеттету мүмкін болмаған кездегі ауыр жағдайларда шектелген, сәулемен емдеу және химиотерапия кезіндегі құсуларда, ішектің интубациясында, премедикацияда.

Көк тамырға баяу (1–2 минут барысында), ересектерге 10 мг 3 реттен күніне; жасөспірімдерге 15–19 жастағы (дене салмағы 60 кг төмен) 5 мг 3 реттен күніне; балаларға 1 жасқа дейін (10 кг дейін) 1 мг дейін күніне екі рет, 1–3 жас (10–14 кг) 1 мг-нан 2–3 реттен күніне, 3–5 жас (15–19 кг) 2 мг 2–3 реттен күніне, 5–9 жас (20–29 кг) 2,5 мг 3 реттен күніне, 9–14 жас (30 кг және жоғары) 5 мг 3 реттен күніне (кәдімгі ең жоғарғы мөлшер, әсіресе балалар үшін және жас адамдарға – 500 мкг/кг күніне). Премедикация, көк тамырға баяу, ересектерге 10 мг, бір рет. Ең жоғарғы тәуліктік мөлшер – 60 мг;

Асқазан-ішек жолдарына интубация жасауды жеңілдету үшін, ішке, немесе бұлшық етке, немесе көк тамырға баяу ересектерге 10–20 мг бір рет 10–15 минут зерттеу алдында; жас өспірімдерге 15–19 жастағыларға 10 мг; балаларға 3 жасқа дейін –1 мг, 3–5 жастағыларға – 2 мг, 5–9 жастағыларға – 2,5 мг, 9–14 жастағыларға – 5 мг.

Кері көрсеткіштері

Асқазан-ішек жолдарының өткізгіштігінің бұзылуы, қан кету немесе перфорация, асқазан-ішек жолдарына операция жасағаннан кейін 3–4 күн; тырысу бұзылыстары, феохромоцитома, экстрапирамидалық бұзылыстары, пролактино тәуелді ісіктер.

Сақтандыру

Егде жастағылар, балалар және жас адамдар; бауыр жетіспеушілігі; бүйрек жетіспеушілігі; басқа ауруларға ұқсас болуы мүмкін, мысалы ми құрлысының жоғары қозуы кезінде; асқазан-ішек жолдарына хирургиялық араласулар кезінде 3–4 күндей тағайындаудан бас тарту керек; Паркинсон ауруы; қояншық ауруы; депрессия; порфирия; бронхиальды демікпе, артериальды гипертензия, егде жастағылар, кіші жастағы балалар (дискинетикалық синдромның даму тәуекелінің жоғары болуы).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: ФДА категория В.

Емшекпен емізу: төс сүтіне енеді, пайда мен тәуекелді бара-бар қою; адамдарда асқынулар тіркелмеген. Жанама әсерлері

Экстрапирамидалық бұзылыстар (әсіресе балалар мен жас өспірімдерде); ұзақ қолданғанда – кешкі дискинезия; гиперпролактинемия жағдайлары суреттелген; ұйқышылдық, мазасыздану, бастың айналуы; бастың ауруы; диарея, депрессия, гипотензия және гипертензия; сирек – қатерлі нейролептикалық синдром; бөртпелер, қышыма, ісінулер; көк тамырға енгізгеннен кейінгі миокард өткізгіштігінің бұзылыстары; сирек метгемоглобинемия (әсіресе ауыр глюкозо-6-фосфат-дегидрогеназа жетіспеушілігі кезінде).

Саудаға тіркелген атауы:

ДОМПЕРИДОН

(DOMPERIDONE)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 10 мг.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Әр түрлі генездегі құсу мен жүректің айнуыВ – 40-80 мг/тәулігіне. АІЖ атониясы – 40-80 мг/тәулігіне. Ықылық, құсу, жүректің айнуы, метеоризм, асқазанның атониясы (жарасыз диспепсия – 40-80 мг/тәулігіне.) Өт шығару жолдарының дискенезиясы – 20 мг/тәулігіне. Холецистит, холангит, рефлюкс-эзофагитА - 80 мг/тәулігіне. АІЖ рентгеноконтрасты зерттеулер жүргізгенде перистальтиканың күшеюі – 50 мгВ .