Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, пролактинтәуелді ісіктермен жүргенде (гипофиздің пролактиномасы және сүт безінің қатерлі ісігі), феохромоцитома; қосымша леводопаны қабылдау, сонымен қатар жыбырлауық аритмияның дамуына әкелетін ДЗ қабылдау: хинидин, дизопирамид, амиодарон, соталол, бепридил, цизаприд, сультоприд, тиоридазин, эритромицин, винкамин, галофантрин, пентамидин, спарфлоксацин; лактация кезеңі, жас балаларға (14 жасқа дейін).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Жүктілік, қояншық, паркинсонизм (жағдайдың нашарлауы), егде жас (АҚ айқын төмендеуі немесе шамадан тыс тыныштандыру), бүйрек жетіспеушілігі.

Емді қолданар алдында болған гипокалиемияны түзету керек. Гипертермия дамыған кезде, әсіресе үлкен мөлшерлерді қабылдағанда болатын, препаратты қабылдауды доғару. Амисульприд тырысу табалдыдығын төмендетуі мүмкін, сондықтан анамнезенде қояншық бар науқастар, емделу кезінде үнемі бақылауды қажет етеді. Амисульприд Q-T аралығын мөлшерге тәуелді ұзартады, ол қарынша аритмияларының даму тәуекелін ұлғайтады, әсіресе туа пайда болған немесе жүре пайда болған Q-T аралығының ұлғаюы брадикардия, гипокалиемия тұсында болады. Препаратты тағайындағанша және емделу кезінде, осы ырғақ бұзылысының дамуына ықпал ететін факторларды (брадикардия 55/мин төмен, гипокалиемия, Q-T аралығының туа пайда болған ұзаруы немесе айқын брадикардия туғызатын ДЗ бір мезгілде қолданғанда) бақылау ұсынылады. Емделу кезінде науқастар жоғары көңіл қоюды, тез психикалық және қозғалыс реакцияларын талап ететін потенциальды қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды. Емделу кезінде алкогольды қолдануға болмайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В. Жүктілік кезінде қолдану ұсынылмайды, егер күтілетін ықпал ұрық үшін потенциальды тәуекелден жоғары болса (жүкті әйелдерде адекватты және қатаң бақыланылатын зерттеулер жүргізілмеген).

Емшекпен емізу: Емшекпен емізу кезінде кері көрсетілген (амисульприд төс сүтіне өте ме жоқ па белгісіз).

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: ұйқының қашуы, мазасыздану, қозу, ұйқышылдық, экстрапирамидалық бұзылыстар, кешкі дискинезия, тырысу талмалары, қатерлі нейролептикалық синдром. АІЖ мүшелері жағынан: іштің қатуы, жүректің айнуы, құсу, ауыздың құрғауы. Басқада: гиперпролактинемия (сонымен қатарсүт безінің ауруы, аменорея, галакторея, гинекомастия, жыныстық қатынас дисфункциясы, бедеулік), дене салмағының жоғарлауы, гипотензия, брадикардия, ЭКГ-да QТ аралығының ұзаруы, бауыр трансаминаза деңгейінің жоғарлауы, аллергиялық реакциялары.

Саудаға тіркелген атауы:

24.2. Көңіл күйдің бұзылуы кезінде, қолданылатын дәрілік заттар

24.2.1. Антидепрессанттар

Үш циклді және туыс антидепрессанттар және тәжірибеге бір шама кеш енгізілген талдамды серотонинді қайта ұстап қалуды баяулатқыштар (ТСҚҰҚБ) депрессивті бұзылыстарды емдеуде кеңінен қолданылады. Антидепрессанттармен емдегенде клиникалық жауап емнің басталуынан кейін екі аптадан соң байқалады және толық жағдайдың жақсаруына 6 апта қажет. Тиімді ем үшін ең маңыздысы жоғары жеткілікті мөлшер қолданылуы керек, бірақ анау айтқан жоғары емес, улы ықпалдарды туғызбау үшін. Төменгі мөлшерлер егде жастағы науқастар үшін қолданылады. Бір антидепрессантты бір мезгілде қолдану ұсынылмайды, себебі ол емнің тиімділігін жоғарлатпайды, керісінше жанама ықпалдардың немесе әрекеттесуінің күшеюіне әкеледі. Емнің басында әр 1-2 аптада науқастарды сұрастырып отыру керек. Емді ең аз дегенде 4 аптаға дейін жалғастырады (егде жастағыларда 6 аптаға дейін), ықпал болмаған кезде басқа антидепрессанттарға ауыстыруды қарастыруда. Жартылау жауап болған жағдайларда, емді 2 аптаға дейін жалғастырады (егде жастағы науқастарда жауап алу үшін көп уақыт керек). Аурудың беті қайтқан кезі емнің 3-12 айдан кейін басталады. Толық терапиялық мөлшермен емдеуді ең аз дегенде 4-6 ай бойы жүргізілуі керек симптомдар жойылғаннан соң (егде жастағыларда 12 ай бойы). Емді алдын ала доғаруға болмайды, симптоматиканың қайталануы мүмкін. Анамнезенде қайталанушы депрессиямен жүретін науқастар ұстап тұрушы емді жалғастыруы керек (ең аз дегенде 5 жыл бойы, мүмкіндігінше белгісіз уақытқа дейін). Бара-бар ұстап тұрушы ем ретінде литий қолданылуы мүмкін (24.2.2 бөлімді қара). Мөлшерді төмендетуді біртіндеп жүргізеді, шамамен 4 апта бойы немесе одан көп, егер алып тастау симптомы пайда болса (ұстап тұрушы мөлшерлерде болған науқастарда 6 ай).

Үш циклді және туысты антидепрессанттарды үлкен немесе кіші тыныштандыратын ықпалды препараттарға бөлуге болады. Тыныштандыратын қасиеті бар антидепрессанттарға амитриптилин жатады, тыныштандыратын ықпалы төмен препараттарға — имипрамин жатады. Бұл дәрілік заттар психимоторлы және физиологиялық бұзылыстармен жүретін депрессияны емдеуде ең тиімдірек болып келеді. Жанама ықпалдары антихолинергиялық симптомдардан тұрады — ауыздың құрғауы, көрудің анықсыздығы, іштің қатуы және несептің ұсталуы. Жүрек аритмиясы мен тежелуі болуы мүмкін. Бір мезгілде үш циклді антидепрессанттардың ең төмен санын жазып беру керек, себебі олар мөлшерден тыс болғанда өмірге қауіпті.

ТСҚҰҚБ асқазан-ішек бұзылыстарын, ұйқының бұзылуы мен жоғары сезімталдық реакциясын, тері бөртпелерін туғызуы мүмкін (жүйелік реакциялардың басталуы мүмкін, емді доғару мүмкіндіктерін қарастыру керек), бірақ олардың тыныштындыратыны шамалы және шамалы антихолинергиялық (антимускаринді) және кардиотоксикалық ықпал туғызады, үш циклді антидепрессанттарға қарағанда. ТСҚҰҚБ улылығы төмен мөлшері шамадан тыс болғанда, ескі үш циклді қосылыстарға қарағанда. Кейбір мәліметтер бойынша, ТСҚҰҚБ өзін өзі өлтіру ойын күшейтеді.

АМИТРИПТИЛИН

(AMITRIPTYLINE)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 25 мг, 50 мг; егуге арналған ерітінді 10 мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Шамалы—ауыр депрессияларА. Депрессия, ішке, ересектерге бастапқыда 75 мг (егде жастағы мен жасөспірімдерге 30–75 мг) күніне бірнеше қабылдауға немесе бір рет түнде, қажеттілігіне байланысты біртіндеп жоғарлату 150–200 мг-ға дейін күніне; 16 жасқа дейінгі балаларға депрессияны емдеу үшін ұсынылмайды [ӘДҰ].