Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Пирацетам мен пирролидон туындыларына жоғары сезімталдық; геморрагиялық инсульт, айқын бүйрек жетіспеушілігі (Cl креатинин 20 мл/мин төмен), абыржу депрессиясы, Гентингтон ауруы, жүктілік, емшекпен емізу, жас балаларға 1 жасқа дейін.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Гемостаздың бұзылуы, ауыр қан кетулер, үлкен операциялар кезінде; гипертиреоз; қояншық.

Жоғары көңіл қоюды және тура координациялық қозғалыстарды талап ететін жұмыстарды орындауда және көлік жүргізу кезінде қолдануға болмайды.

Ерекше ұсыныстар: Гемодиализ үшін сүзетін мембрана аппараттарынан өтеді. бүйрек қызметі бұзылған науқастарға үнемі қандағы азот қалдығы мен креатинин деңгейін бақылау қажет.  Гериартриялық науқастарға пирацетамды тағайындауға дейін бүйрек қызметін зерттеу керек. Пирацетам қояншық кезіндегі тырысу деңгейін төмендетеді, ол антиконвульсантты мөлшерін түзетуді қежет етеді. Кортикальды миоклонияны емдеу кезінде, пирацетаммен емдеуді бірден доғару ұстамалардың қайта басталуына әкеледі.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: гиперкинезия (>1%), жоғары тітіркенушілік (>1%), ұйқышылдық (<1%), депрессия (<1%), астения (<1%), қозу, озбырлық мінез құлық, ұйқының бұзылуы, бастың айналуы, бастың ауруы, жыныстық қатынастың жоғарлауы, дірілдеу. Жүрек-тамыр жүйесі мен қан (қан түзелу, гемостаз) жағынан: артериальды гипо- немесе гипертензия, коронарлы жетіспеушіліктің күшеюі. АІЖ мүшелері жағынан: жүректің айнуы, құсу, диарея, іштің ауруы. Зат алмасу жағынан: дене салмағының жоғарлауы (>1%). Тері беткейі жағынан: жоғары сезімталдық тері реакциясы.

Саудаға тіркелген атауы:

Циннаризин

(Cinnarizine)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар25 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ми қан айналымының бұзылыстары: ми тамырларының атеросклерозы, ишемиялық инсульт, геморрагиялық инсульттан кейінгі кезең және бас ми жарақаты, дисциркуляторлы энцефалопатия; бастың айналуы, құлақтың шулауы, басылу және тітіркенушілік, тез психикалық шаршау, бас сақинасы, кәрілік деменция, есте сақтаудың төмендеуі мен жоғалуы, ойлаудың бұзылуы және көңіл қою мүмкіндігінің болмауы; шеткі қан айналым бұзылыстарын емдеу және алдын алу шаралары (Рейно ауруы, бітелуші атеросклероз, бітелуші тромбангиит (Бюргера ауруы), диабеттік ангиопатия, акроцианоз, ауыспалы ақсаңдау, трофикалық және варикозды жаралар, парестезия, суық аяқтар); лабиринтті бұзылыстар симптомдарында ұстап тұрушы терапия, бас айналуыды қоса, құлақтың шулауы (тинитус), нистагм, жүректің айнуы және құсу; кинетоздың алдын алу шаралары. Ішке, мүмкіндігінше тамақтан соң. Ми қан айналымы бұзылғанда: 25–50 мг-нан тәулігіне 3 реттен, шеткі қан айналым бұзылыстарында: 50–75 мг-нан тәулігіне 3 реттен, тепе теңдіктің бұзылуында: 25 мг-нан тәулігіне 3 реттен, кинетоздың алдын алу шараларында: ересектерге — 25 мг-нан жол жүрудің алдында 30 минут алдын, қажеттілік кезінде қайта 6 сағаттан соң ең жоғарғы ұсынылатын мөлшердің алдында — 225 мг. Балаларға ересектердің жарты мөлшерін тағайындайды. Циннаризирге жоғары сезімталдық кезінде емді ½ мөлшерден бастайды, біртіндеп жоғарлату арқылы.