Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

12. Жүрек қан-тамырлар дәрілік заттары

12.1. Антиангинальды дәрілік заттар

Тәжірибелік көзқарас бойынша стенокардияны негізі үш түрге бөлуге болады:

  • Тұрақты стенокардия, бұл жағдай үшін миокардтың ишемиясы кезінде оттегіге қажеттілік артуы керек (физикалық күш түскен кезде), көбінесе тұрақты стенокардия жүрек қан тамырларындағы атеросклероздық түйіндіктер салдарынан болады.

  • Тұрақсыз стенокардия, тұрақты стенокардия мен миокард инфаркты арасындағы өтпелі сатысы болып келеді. Алғашқы рет ауыр стенокардия көрінісі пайда болады немесе тұрақты стенокардия барысы күтпеген жерден нашарлайды.

  • Принцметал стенокардиясы (вазоспастикалық стенокардия, вариантты стенокардия) негізіне түйнеу мен жүрек тамырлар тонусының қысқа мерзімге жоғарлауы жатады, ол кезде ұстамалар тыныш күйде де болуы мүмкін.

Тұрақты стенокардия

Дәрілерді жедел ауру сезімін жеңілдету және алдын алу шаралары үшін қолданады, дәрілер қатарына органикалық нитраттар, бета адренотежегіштер, кальций өзекшелерінің тежегіштері және кардиомиоциттердің ишемияға тұрақтылығын жоғарлататын коронаропротекторлық әсері бар дәрілер жатады.

НИТРАТТАР. Органикалық нитраттар вазодилатациялық ықпалға ие; Стенокардияның және физикалық күш түссер алдындағы стенокардия, күйзеліс жағдайлардағы стенокардияның алдын алу шаралары мен басу үшін, қысқа әсерлі дәрілік түр глицерил тринитраттын қолданады. Изосорбид динитрат пен изосорбид мононитрат анағұрлым тұрақты және стенокардия ұстамаларының алдын алу шаралары кезінде қолдануға болады. Антиангиналды ықпалының төмендеуіне әкелетін нитраттарға төзімділік, көбінесе ұзақ әсер ететін нитраттарды қолданатын науқастарда байқалады. Науқастарда төзімділік дамуының алдын алу үшін, «нитратсыз кезенді» қажет ететін айғақтық деректер бар. Тасқыну, бас ауру және ортостатикалық гипотензия сияқты жанама ықпалдар нитраттармен жүргізілетін терапияны шектеуі мүмкін, бірақ бұл ықпалдарға да төзімділік тез дамиды.

БЕТА-АДРЕНОТЕЖЕГІШТЕР. Жүректе адренергиялық рецепторларды тежейді, ол жүрек лақтырысын және миокардтың жиырылуын төмендетеді, ал оның салдары, әсіресе физикалық күш түсу кездерінде оттегіге қажеттілікті төмендетеді. Бета-тежегіштері – тұрақты стенокардиямен ауыратын науқастар үшін бірінші бөлімдегі терапия болып келеді. Бета-тежегіштерді қоданғанда ангинозды ұстаманы туғызбау үшін, біртіндеп алып тастау керек; оларды жүрек тамырының вазоспазммен (Принцметал стенокардиясы) ауыратын науқастарға қолданбау керек. Бета-тежегіштер демікпе ұстамаларын қостауы мүмкін және бронхиалды демікпемен ауыратын науқастарға тағайындауға болмайды және өкпенің тарылу аурулары кезінде байқап қолдану керек. Кейбір дәрілер атенолол мен метопролол бета 2 (бронхиалды) рецепторларға аз ықпал етуі мүмкін, сол себепті қатыстылық кардиоселективті болып келеді. Ауа жүретін жолдарға аз ықпал етуі мүмкін, бірақ, бронхты тарылту әсерінен айрылмаған, сол себепті аталған науқастарға қолданбау керек. Бета-тежегіштер брадикардия туғызады және миокардтың жиырылуын төмендетуі мүмкін, кейде жүрек жетіспеушілігін күшейтеді. Оларды атриовентрикулярлы тежелудің екінші және үшінші дәрежелерінде немесе шеткі тамырлардың ауруларымен ауыратын науқастарға тағайындауға болмайды. Бета-тежегіштерді қант диабеті кезінде байқап қолдану керек, себебі тахикардия сияқты гипогликемия симптомдарының бетпердесі болуы мүмкін. Бета-тежегіштер, әсіресе талдамсыз әсер ететін, инсулиннің гипогликемиялық ықпалын күшейтіп, гипогликемия туғызуы мүмкін.

КАЛЬЦИЙ ӨЗЕКШЕЛЕРІНІҢ ТЕЖЕГІШТЕРІ. Әсіресе L типті кальций өзекшелері арқылы кальций иондарының жылжуына кедергі жасап, жүректің өткізгіш жүйесіндегі жасушаларға, жүрек тамырлары мен шеткі артериялардың тегіс бұлшық етті жасушаларындағы кардиомиоциттерге әсер етеді. Верапамилді тұрақты стенокардия кезінде баламалы бета тежегіш ретінде қарастыруға болады, бета тежегіштермен жүргізілетін терапияда стенокардияны бақылау жеткіліксіз кезде ұзақ әсер ететін дигидропиридиннің туындысымен (амлодипин) толықтыруға болады. Кальций өзекшелерінің тежегіштерін тұрақты стенокардиямен ауыратын науқастарға физикалық күш түсу кезінде төзімділікті жоғарлату үшін қолданады. Кальций өзекшелерінің тежегіштерін вазоспастикалық стенокардия (Принцметал стенокардиясы) кезінде қолдануға мүмкін.

КОРОНАРОПРОТЕКТОРЛЫҚ ЗАТТАР. Цитопротекторлық ықпалы үлгіқалыпты қолданылатын нитраттардың, бета тежегіштердің және кальций өзекшелерінің антагонистерінің антиангиналді ықпалын толықтырады.