Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

11.2. Арнайы қолдануға арналған қан плазмасының бөлігі альбумин (albumin human)

Шығарылу түрі

Белсенді зат‑адам сары суының ақуызы. Егуге арналған ерітінді (1 мл‑0,1 г белсенді зат) 100 мл флаконда.

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Жарақаттық және операциялық шок, күйіктер, сусызданумен және қанның құнарлығымен жүретін жағдайлар. Нутритивті дистрофия кезінде дамитын гипопротеинемия және гипоальбуминемия, нефротикалық синдромдарда, нефрозонефриттерде, бауыр циррозы, ұзақ жүретін ірінді үдерістерде. Науқастың тамақтануының бұзылуымен болатын АІЖ зақымдануы (жара аурулары, ісіктер және т.б.). Препараттар көк тамырға тамшылатып 50‑60 тамшы жылдамдықта минутына енгізіледі. Бір реттік мөлшері ‑200 мл.

Кері керсөткіш.

Тромбоз, артериальды гипертония, ішкі қан кетулер жалғасу кезінде.

Сақтандыру.

Жанама әсерлері.

Дене қызуының жоғарлауы, бел тұсының ауруы, есекжем.

Саудаға тіркелген атаулары:

Белсендірілген РЕкомбинантТЫ фактор VII  

(FACTOR VII)

Шығарылу түрі

Ұнтақ 1,2 мг, 2,4 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Қан кетулер (сонымен қатар хирургиялық операция кездерінде алдын алу шаралары) туа пайда болған науқастардағы мен жүре пайда болған науқастардағы гемофилияның коагуляция факторларының (FVIII немесе FIX) баяулатқыштарымен.

К/т болюсты енгізу кезінде (2–5 мин). Мөлшерін жеке қолдану көрсеткіштеріне байланысты 3-6 КЕД диапазонында (60-120 мкг/кг) талдайды; ұсынылатын бастапқы мөлшер — 4,5 KEД (90 мкг)/кг. Енгізу арасы мен емнің ұзақтығы қанның кету ауырлығына, баяулатқыштардың болуына және талап етілетін фактор VII деңгейіне байланысты болады. Қатты қан кетулерде немесе үлкен операциялардан кейінгі емдеулер 2-3 аптаға созылуы мүмкін. егуге арналған ерітінді асептикалық жағдайларда дайындалынады. Араластыру алдында ұнтақты және еріткішіт бөлме температурасына дейін жылытады (37 °C жоғары емес), ерітуді препаратқа берілген нұсқау бойынша жасайды. Енгізуді ерітіндіні араластырғаннан кейін тез жасау керек, егер ерітінді тез егілмесе, ұзақтығы мен сақтау мерзіміне жауапкершілікті қолданушы береді. Араластырғаннан кейін препаратты тоңазытқышта 2-8 °C сақталғанда 24 сағат ішінде қолдануға болады. Ішінде ерімеген бөлшектерден тұратын ерітіндіні қолдануға болмайды.

Сақтандыру.

Аса сақтықты егер науқасқа хирургиялық операция жасалса, онда жаншылған жара болса сақтау керек, ауыр атеросклероз немесе тромбозды асқынуларда, септицемияда байқап қолдану тиіс. Бір мезгілде протромбин жиынтығының құнарлығын қолданудан бас тарту керек (белсендірілген немесе белсенді). Бір шприцте кез келген дәрімен бірге егуге болмайды.

Ерекше нұсқаулар: Қатты қан кетулерде препаратты стационарда қолдану керек. Жеңіл немесе орта қан кетулерде үйде емдеуге болады, гемофильді орталықпен немесе гематолог дәрігерімен тығыз байланыста болу қажет, бірақ 24 сағаттан артық емес. Егер қан кетуді тоқтату мүмкін болмаса, міндетті түрде ауруханаға жатқызу керек.

Әрекеттесуі: қосымшаны қара…

Жүктілік: Жүктілік кезде — тек айқын қажеттілік кезде ғана.

Лактация кезеңі: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері.

Сирек жағдайларда — қызу, бастың ауруы, құсу, АҚ өзгеруі, қышыну, терінің қызаруы, жеке жағдайларда — тромбоциттер санының және фибриноген деңгейінің төмендеуі, ПДФ-тің және Д-диметраның пайда болуы, тромбозды асқынулар (сонымен қатар миокардтың инфаркты).

Саудаға тіркелген атаулары:

ФАКТОР VIII КҰНАРЛЫҚ

(FACTOR VIII CONCENTRATE)

Шығарылу түрі

Қанның VIII ұю факторы қанның қалыпты сары суындағы қалыпты ақуызы болып табылады, моноклональды әдіспен алынған қанның үлгілерінің пуласын тазалау арқылы. Әртүрлі млшерде бір рет қолдануға арналған сауыттарда шығарлады

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Ұюдың VIII факторының жетіспеушілігі анықталынған А типті гемофилиямен ауыратын науқастарды емдегенде. Жеке мөлшерлеу науқастың емге дейінгі және емнен кейінгі белгілі ара қашықтықтықта ұю ерекшелігіне байланысты болып келеді. Антигемофильді VIII фактордың бір бірлігі қалыпты адам плазмасындағы 1 мл пулға сәйкес болып келеді. Стационардағы науқастар үшін бір реттік мөлшер 1 кг дене салмағына 20‑50 бірлікті құрайды, ерекше жағдайларда мөлшерін жоғарлату мүмкін; препарат көбінесе әр 12‑24 сағат сайын енгізіледі, ерекше жағдайларда жиі жасалады.

Кері керсөткіш.

Тышқан ақуызына жоғары сезімталдық, себебі кейде тазартылған моноклональды факторларда тышқан ақуыздарының іздері қалады.

Сақтандыру.

Вирустармен зақымдану тәуекелі толығымен алып тасталмайды. Себебі антигемофильді фактор әртүрлі плазма пулаларынан дайындалған, оларда патогенді вирусты гепатит қоздырғыштары болуы мүмкін. Антигемофильді фактор қанның изогемагглютининнің А және В топтар іздері болады, сондықтан факторларды үлкен мөлшерлерде енгізгенде немесе жиі қолданғанда қанның А, В, АВ топтарындағы науқастарда қаныаздықтың өрлеуін монитор жасау керек және тамыр ішіндегі қанның гемолиз мүмкіндіктерін ескеру керек. Препаратты енгізу алдында және емшара кезінде жүректің соғу жиілігін және плазмадағы антигемофильді фактор деңгейін бақылау қажет.

Жанама әсерлері.

Жүрек‑қан тамырлар жүйесінде: қызару, тахикардия. Орталық жүйке жүйесінде: парестезия, бастың ауруы. Асқазан‑ішек жолдарында: жүректің айнуы, құсу. Басқалары: аллергиялық, вазомоторлы реакциялар, тамақта және көкіректе қысылу (жұтыну мен тыныс алудың қиындауы).

Саудаға тіркелген атаулары:

Фактор IX комплекс

(Factor IX complex)

Шығарылу түрі

Лиофилизирленген ұнтақ 600 МЕ, 1200 МЕ

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі

Фактор IX жетіспеушілігі кезіндегі геморагиялық синдром (туа пайда болған немесе жүре пайда болған), гемофилия В және А (монотерапия немесе фактор VIII баяулатқыштарымен біріктіріп қолдану), кумаринді антикоагулянттармен жүргізілетін терапия (сонымен қатар жарақаттар мен операция кезінде). К/т, құю немесе тамшылатып, бірақ 2 мл/минутынан артық емес. Мөлшерлеу тәртібін жеке қанның ІХ фарторын бақылау арқылы белгілейді. Шұғыл жағдайларда бірінші мөлшер — 1 МЕ/кг ІХ фактор деңгейін 0,5–1% жоғарлатады, ал келесі осы мөлшердің енгізілуі — 1–1,5% жоғарлатады. Тісті жұлғанда және кіші операциялар кезінде ІХ фактор деңгейі қалыпты 30% төмендемеуі тиіс, асқазан-ішек жолдарынан қан кетулерде — 30–50% төмен, ал бас ішінің қан құйылуында немесе үлкен операцияларда — 60% төмен. Қан кетудің ұзақ алдын алу шараларында (ауыр гемофилия B) — 18–30 МЕ/кг аптасына бір рет немесе 9–15 МЕ/кг-нан 2 реттен аптасына.

Кері керсөткіш.

Жоғары сезімталдық, жедел тромбоз, жедел миокард инфаркты, ҰТБ синдромы, фактор VII жетіспеушіліг, жүктілік және емшекпен емізу.

Сақтандыру.

ІХ факторға түзілген антиденелер жартылай немесе толығымен препаратты демеулеуі мүмкін екендігін есте сақтау керек; бұл жағдайларда мөлшерді жоғарлату және белсендірілген протромбин фактор жиынтығын және/немесе иммуносупрессорларды қолдану ұсынылады. Пульстың шамалы жиілеуі кезінде, енгізуді баяулатады немесе доғарады.

Тромбоз және ҰТБ-синдром тәуекелі жоғарлайды.

Әрекеттесуі: қосымшаны қара…

Жүктілік: Жүктілік кезінде қолдану кері көрсетілген.

Лактация кезеңі: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері.

Инфекциялық ауруларға тұрақтылықтың төмендеуі, тромбоэмболия, аллергиялық және иммунопатологиялық реакциялар: арқаның ауруы, жүректің айнуы, есекжем, тахикардия, артериальды гипотензия, ентігу, анафилактикалық реакциялар; ІХ факторға антиденелер түзілуі мүмкін.

Саудаға тіркелген атаулары: