Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, ауырсынулар (іште, прекардиальды, бастың), тәбеттің жоғалуы, психикалық дискомфорт.

Саудаға тіркелген атауы:

Месна

(Mesna)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 400 мг/4 мл 200 мг/2 мл ампулада; таблеткалар 600 мг, 400 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Егуге арналған ерітінді: цитостатиктердің уротоксикалық әсерінің алдын алу шараларында — алкилді агенттері туғызған оксазафосфориндер туындылары, геморрагиялық цистит. Ингаляцияға арналған ерітінді: бронхиальды демікпе, созылмалы және обструктивті бронхит, өкпенің эмфиземасы мен ателектазы, бронхоэктазды аурулар, реанимация бөлімшесіндегі нейрохирургиялық және торакальды операциядан кейінгі аспирациялық пневмония, және (алдын алу шаралары менг емдеу). Мұрынға арналған аэрозолды назальды: секреттің бөлінуінің қиындауымен жүретін ринит, (симптоматикалық ем). Егуге арналған ерітінді: ифосфамидтермен демеулеген геморрагиялық циститтің алдын алу шаралары үшін — к/т құю арқылы енгізеді (баяу) 240 мг/м 2 немесес 20% цитостатиктердің мөлшерінен бір мезгілде цитостатиктермен бірге және 4 және 8 сағаттан кейін оксазафосфариннен кейін. Цитостатиктерді үзіліссіз енгізгенде (24 сағ) цитостатиктерді 20% мөлшерде бастапқы цитостатик мөлшерінен енгізеді, кейін 100% мөлшерде — 24 сағат бойы енгу және 6-12 сағат сол мөлшерде — инфузия аяқталған соң. Ингаляцияға арналған ерітінді: ингаляциялық, 1–2 ампула ішіндегісін (таза күйінде немесе сумен араластырылған 1:2) тәулігіне 3–4 рет. Курс — бірнеше күннен бірнеше аптаға дейін. Эндотрахеальды, 1–2 мл-ді сондой мөлшерде тазартылған суда ерітеді немесе изотониялық ерітіндіде және трахеостомия үшін түтікше көмегімен енгізеді немесе кеңірдек іші зонд арқылы, емшараны әр сағат сайын қайталайды секреттің сұйытылып және босап шығуына дейін. Лаваждан кейінгі гайморит кезінде гаймора қуыстарын инстилляция жасау — 2–3 мл араластырылмаған ерітіндіні әр 2-3 күн сайын. Мұрынға арналған аэрозоль назальный: интраназальды, екі мұрын жолына, 1 мөлшерден (бір мезгілде шашу арқылы) 4 реттен тәулігіне.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық (басқа да тиолды қосылыстарға). Ингаляцияға арналған ерітінді: жалпы әлсіздік, тиімсіздікпен байланысты жөтел, бронх ағашындағы кілегейдің қоюлануысыз болатын бронхиальды демікпе.

Сақтандыру.

Флаконда бензил спиртінің іздері болуына байланысты, оларды нәрестелерге және жаңа туылған балаларға қолданбайды, бірақ егде жастағы науқастарға сақтықпен қолдануға болады. Ерекше ұсыныстар: ампуланың ішіндегі қолданылмаған ерітіндіні тастау керек, себебі ол тез тотығады. Мультимөлшерлі флакондарды 8 күнге дейін сақтауға болады. Бала туатын жастағы әйелдерге сақтықпен қолданады. Т/а енгізуге болмайды. К/т тек баяу енгізу керек (бірнеше минуттық үзіліспен).

Қолдану шектеулері: Жүктілік, емшекпен емізу.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдануға болмайды.

Емшекпен емізу: Қолдануға болмайды.

Жанама әсерлері

Диспептикалық көріністер (жүректің айнуы, құсу, диарея), гематурия, теріде және шырышты қабаттағы аллергиялық көріністер. Ингаляцияға арналған ерітінді: жөтел, көкіректе күйдіру және ауырсынудың болуы, бронхоспазм.

Саудаға тіркелген атауы:

Налоксон

(naloxone)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 0,04%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Опиоидтық анальгетиктерді шамадан тыс қолданғандаВ; операциядан кейінгі тыныстың тежелуіВ. Этанолмен жедел уланғандағы кома кезіндеВ. Септикалық шок кезіндегі артериальды гипотензияА.

Инфузионды насосты қолдану арқылы ересектерге ұзақ көктамырға енгізу 10 мг, 30 мл 5%көктамырға енгізуге арналған глюкоза ерітіндісінде араластыру, жылдамдығы, жауап реакциясына қарай талданған.

Кері көрсеткіштері.

Жоғары сезімталдық.

Сақтандыру.

Жедел абстинентті синдромды үдететін кездегі, опиоидты анальгетиктерге немесе басқа жағдайлардағы физикалық тәуелділік; жүктілік; емшекпен емізу; жүрек тамыр аурулары.

Налоксона гидрохлоридін сол мөлшерде бұлшық етке және тері астына енгізу мүмкін, тек көк тамырға енгізу мүмкін болмаған кезде (баяу әсерінің басталуы).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы В.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді.