Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, құсу, бастың ауруы, сүт безінің жұмсаруы, дене салмағының жоғарлауы, тромбоздар, либидоның өзгеруі, депрессия, хорея, тері реакциялары, хлоазма, гипертензия, бауыр қызметінің бұзылуы, цикл арасында жағылатын бөлінулер, алып тастағанда қан кетулердің тоқтауы, қатынастық линзаның тітіркендіруі; сирек: фотосенсибилизация және бауырда ісіктердің болуы; сүт безінің қатеріл ісігі (ұрықтануға қарсы дәрілерді қолдану кезінде шамалы сүт безінің қатерлі ісігінің даму тәуекелінің жоғарлауы, ол қолдануды доғарғаннан кейін 10 бойы төмендейді; даму тәуекелі препаратты доғарған кездегі жасқа байланысты болады, жалпы қолдану ұзақтығына қарағанда; шамалы сүт безінің қатерлі ісігінің даму тәуекелінің жоғарлауын, аналық безі мен эндометрияның қатерлі ісігінен қорғауына қатынастыру керек, ол доғарғаннан кейін де жалғасады).

Саудаға тіркелген атауы:

Этинилэстрадиол+дезогестрел

(ETHINYLESTRADIOL + desogestrel)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 20 мкг+150 мкг 

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ұрықтануға қарсы. 1 таб/тәулігіне 21 күн, кейін 7 күндік үзіліс. 7 күндік уақытшалық үзіліс кезінде етеккір тәрізді қан кетулер болады. 7 күндік үзілістен кейін, қан кету тоқтаса да тоқтамаса да немесе етеккір бастаған күнде де препаратты қолдануды жалғастырады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық; орта және ауыр дәрежелі гипертензия; гиперлипидемия (отбасылық түрі); артериальды тромбоэмболиялық аурулар, сонымен қатар анамнезенде (миокардтың инфаркты, церебро-васкулярлы аурулар); артериальды немесе венозды тромбоэмболия тәуекелінің болуы; жеке немесе отбасындағы анамнезендегі венозды тромбоэмболия; диабеттік ангиопатия; анамнезенде немесе қазіргі уақыттағы ауыр бауыр аурулары, холестазды сары ауруы, гепатит, жүктілік кездегі сары ауру, Дубина — Джонсона және Ротора синдромы, бауыр ісігі, порфирию, стероидтардан тұратын дәрілік заттарды қабылдау; гепатит (зертханалық көрсеткіштірдің қалпына келуіне дейін және олардың қалпына келгеннен кейін 3 ай бойы); өт тас аурулары; эстроген-тәуелді ісіктер (сонымен қатар оған күдіктер болғанда), себебі белгісіз қынаптан қан кетулер; жүйелік қызыл жегі (сонымен қатар анамнезенде); қатты қышыну, қынап ұшығы, отосклероз немесе алдыңғы жүктілік кезіндегі болған отосклероздың нашарлауы немесе стероидтардың қабылдауы; жүктілік (сонымен қатар оған күдік болғанда).

Сақтандыру.

Егер таблетканы қабылдау арасында 12 сағат өтсе, онда ұрықтануға қарсы дәрілер бұл циклде өз әсеріне кепілдік бермейді. 1 табл. циклдің бірінші немесе екінші аптасында жіберіп алса, келесі күні 2 таблетканы қолдану керек және кейін ретінмен қабылдаутиіс. 2 табл. циклдің бірінші немесе екінші аптасында жіберіп алса, соңғы екі күнде 2 таблеткадан қабылдау керек және циклдің соңына дейін ретімен қабылдау, қосымша ұрықтануға қарсы әдістерді қолдану арқылы; үшінші апта циклінде таблетканы қабылдауды жіберсе – қосымша 7-күндік үзіліс болмайды. Этиолгиясы ишемиялық емес жүрек ауруларында, гипертензияда, қант диабетінді, бүйрек қызметі бұзылғанда, қояншықта, Сиденгама хорееде, бронхиальды демікпеде сақтықпен тағайындау керек. Пероральды ұрықтануға қарсы дәрілер көмірсуларға тұрақтылықты төмендетеді және инсулинге немесе пероральды диабетке қарсы дәрілерге қажеттілікті арттырады. Қолдану кезінде медициналық бақылау қажет, ең аз дегенде әр 6 айда. Вирусты гепатиттен кейін, 6 айдан соң қабылдау керек (бауыр қызметінің қалпына келуінен кейін). Құсу немесе диарея жағдайларында, қосымша механикалық ұрықтануға қарсы әдістерді қолдану керек. Қабылдау кезінде темекі тартудан бас тарту керек (әртүрлі жерде орналасқан тромбоэмболия жиілігі жоғарлайды, әсіресе 35 жастан үлкен әйелдерде). Препаратты қабылдауды жоспарлаған жүктіліктің алдында 3 ай бұрын, жоспарлаған операция және ұзақ иммобилизация алдында (мысалы, жарақаттан кейін) 4 ай бұрын доғару керек, сонымен қатар баяу немесе күшейетін бас сақинасы сияқты немесе қатты бас ауруларында, көрудің бірден нашарлауында, мидың тромбозына немесе инфакртына күдіктенгенде, АҚ бірден жоғарлауында, сары ауру немесе сары аурусыз жүретін гепатитте, жалпыланған қышынуда, қояншық талмаларының пайда болуы немесе жиіленуінде доғарады.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді. Ұрықтануға қарсы дәрілерді бірінші қолдану кезінде, сүттің бөлінуі төмендеуі мүмкін.