Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, бауыр қызметінің айқын бұзылыстары, бауыр жетіспеушілігі, жүктілік және емшекпен емізу, жас балаларға (12 жасқа дейін).

Сақтандыру.

Ламотриджинді бірден доғару кезінде талмалардың жиілеуін қолдау мүмкіндіктерін ескеру және мөлшерін біртіндеп төмендету керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Емделу кезінде емшекпен емізуден бас тарту керек.

Жанама әсерлері

Бастың ауруы, бастың айналуы, ұйқышылдық, ұйқының бұзылуы, әлсіздіктің сезінуі, озбырлық, естің шатасуы, жүректің айнуы, бауырдың дисфункциясы, лимфаденопатия, лейкопения, тромбоцитопения, тері бөртпелері, ангионевротикалық ісінулер, Стивенса — Джонсон синдромы, терінің улы некрозы.

Мөлшерден тыс: Симптомдары: атаксия, нистагм, бастың айналуы, ұйқышылдық, бастың ауруы, құсу, коматозды жағдайлар. Емдеу: асқазанды жуу, белсендірілген көмір.

Саудаға тіркелген атауы:

24.3. Анксиолитиктер және ұйықтататын дәрілік заттар

Жиі қолданатын анксиолитиктер мен ұйықтататын дәрілерге бензодиазепиндер жатады. Үрейленуді емдеуді ең төменгі тиімді мөлшерде, қысқа мерзім уақытына тағайындайды. Ұйқының қашу себебін анықтау керек және гипнотиктерді тағайындау алдында, себебіне сай ем тағайындау. Ұйықтататын дәрілер бірнеше күнге дейін бағалы болуы мүмкін, бірақ бір аптаға дейін.

Тұрақтылық және тәуелділік (физикалық және психологиялық) және кейін препаратты доғару қиыншылықтары, препаратты үнемі бірнеше апта бойы қабылдағанда дамиды. Алкогольдан немесе наркотикалық заттардан тәуелділікте немесе меншіктілігі бұзылған созылмалы үреймен жүретін кездегі науқастарда тәуелділіктің дамуына бейім болады. Анксиолитиктер мен гипнотиктерді жеке талданған мөлшерде тағайындау керек және олардың қолданылуы жедел жағдайлардың бақылауымен шектелуі тиіс, оған еңбек қабілетінен айыратын, абыржу атқылауы, жедел үрейлену және ауыр ұйқының қашуы жатады. 1-2 аптадан артық ұйықтататын дәрілер мен анксиолитиктермен емдеуді негіздеу/ақтау болмайды.

Ұзақ қолданған кезде, препаратты біртіндеп бір апта бойы немесе ай бойы төмендету арқылы доғарады, бірден доғаруда шатасу, улы психоз, тырысу немесе маскүнемді делирияға ұқсас жағдайлар болуы мүмкін. Бензодиазепиндерді алып тастау синдромы кез келген уақытта дамуы мүмкін, ұзақ әсер ететін бензодиазепиндерді алып тастағаннан кейін 3 апта бойы немесе қысқа әсерлі дәрілерден кейін бірнеше сағат ішінде. Бұл синдром ұйқының қашуымен, үрейленумен, тәбеттің жоғалуы мен дене салмағының төмендеуімен, дірілдеумен, жоғары тершеңдікпен, құлақтың шулауымен және қабылдаудың бұзылуымен сипатталады. Бұл симптомдар науқастың бірінші шағымына ұқсас болады және бұл дәрілерді әр қарай тағайындауды белсендіреді. Кейбір симптомдар бензодиазепиндерді қолдануды доғарғаннан кейін бірнеше аптадан немесе айдан кейін байқалуы мүмкін.

Науқастарды ескерту керек, олардың көлік айдау немесе қозғалыстағы құралдармен жұмыс істеу қабілеті төмендейтіндігін, ал алкоголь ықпалды күшейтетіндігін айту қажет.

ДИАЗЕПАМ

(DIAZEPAM)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар, 2мг, 5 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Үрейлену мен ұйқының қашуында қысқа мерзімде емдеуВ; қояншық статусы, қайталанушы тырысу талмаларыС; фебрильды тырысулар, жедел маскүнемдік абстиненция кезінде қосымша терапия ретіндеВ (5.1 бөлім); премедикация (1.3 бөлім). Үрейлену, ішке, ересектерге 2 мг-нан күніне 3 реттен, қажеттілігіне қарай 15-30 мг-ға дейін күніне бірнеше қабылдауға жоғарлатады, егде жастағыларға (немесе әлсірегендерге) ересектерге арналған мөлшердің жартысы. Ұйқының қашуында, ішке, ересектерге 5–15 мг-нан түнде.