Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, психоз және ауыр депрессия кездеріндегі ұйқының бұзылуы, миастения, жүктілік (I үшайында), босану, емшекпен емізу, жас балаларға (ішке қолдану үшін).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Мидың органикалық зақымдалуы, жүрек және/немесе тыныс алу және/немесе бауыр жетіспеушілігі, ұйықтау кезіндегі апноэ, жүктілік (II және III үшайында), жас балалар (кіріспе наркоз үшін).

К/т енгізуді тек реанимациялық жабдықпен қамтамас етілген медициналық мекемеде ғана жүргізілуі тиіс, сонымен қатар оны қолдануға үйретілген мамандар ғана жүргізуітиіс (миокардтың жиырылу қызметін тежейтін және тыныстың тоқталуымен байланысты). Парентеральды енгізілгеннен кейін науқас 3 сағат бойы бақылануы тиіс. К/т тез енгізу кезінде (әсіресе балалардағы жүрек-тамырлар жүйесінің тұрақсыз жағдайларында және нәрестелерге енгізгенде) апноэ, гипотензия, брадикардия, жүректің немесе тыныстың тоқтауы болуы мүмкін. Парадоксальды реакциялардың дамуы жиі балалар мен егде және кәрі науқастарда байқалады. Мидазоламды қабылдағаннан кейін бір тәулік бойы көлік жүргізуді бақаруда, сонымен қатар жоғары көңіл қоюды және тура координациялық қозғалыстарды талап ететін жұмыстарды орындауда сақ болу керек. Алкоголь ішімдіктерін қабылдауға болмайды, сонымен қатар басқа да ОЖЖ-нің тежелуін туғызатын заттарды, мидазоламды қолданғаннан кейін 24 сағат бойы қолдануға болмайды. Бірнеше апта бойы көп қолданғанда, үйренгіштік дамуы мүмкін (ұйықтататын ықпалы бір шама төмендейді), сонымен қатар дәрілік тәуелділік, тіпті терапиялық мөлшерде қолданғанның өзінде. Бірден доғарған кезде алып тастау синдромы даму мүмкін (бастың және бұлшық еттің ауруы, үрейлену, күш түсу, ауыр жағдайларда — деперсонализация, елестер және б.), сонымен қатар «қайта беру» феномені дамиды — бастапқы симптомдардың уақытша күшеюі (инсомния).

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы D. Жүктіліктің I үшайында кері көрсетілген және босану кезінде. II және III үшайында мүмкін, егер күтілетін ықпал ұрық үшін потенциальды тәуекелден басым болса.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.

Жанама әсерлері

Ішке, парентеральды.

Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: ұйқышылдық, әлсіздік, бұлшық ет ауруы, эмоцияның тоқырауы, реакция жылдамдығының төмендеуі, бастың ауруы, бастың айналуы, атаксия, диплопия, антероградты амнезия (мөлшерге тәуелді), парадоксальды реакциялар (қобалжу, психомоторлы қозу, озбырлық және б.).

Басқалар: диспепсиялық көріністер, тері реакциялары, жергілікті реакциялар (эритема және егілген жердің ауруы, тромбофлебит, тромбоз). Тұрақтылықтың, дәріге тәуелділіктің, алып тастау синдромының, «қайта беру» феноменінің дамуы мүмкін («Сақтық шараларын» қара).

Парентеральды енгізуде: тыныс алу көлемінің және/немесе тыныс жиілігінің азаюы (23,3% науқастарда к/т енгізгеннен кейін және 10,8% б/е енгізгеннен соң), уақытша тыныстың (15,4% науқастарда к/т енгізгеннен соң) және/немесе жүректің тоқтауы, кейде өлімге әкелетін ықпалы — ықпалдар мөлшерге тәуелді болады және жиі егде жастағы созылмалы аурулармен бір мезгілде наркотикалық анальгетиктерді қолданғанда байқалады, сонымен қатар к/т тез енгізгенде болады; ларингоспазм, ентігу; шамадан тыс айқын тыныштандыру, тырысулар (шала туылған және нәрестелерде), абстинентті синдром (ұзақ к/т енгізгеннен кейін бірден алып тастау); вазодилатация, АҚ төмендеуі, тахикардия; жүректің айнуы, құсу, ықылық, іштің қатуы; аллергиялық, сонымен қатар терінің (бөртпе, есекжем, қышыну) және анафилактоидты реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы:

Тофизопам

(Tofisopam)

Шығарылу түрі.

Таблеткалар 50 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Невроздар, психопатия, эмоциональды күш түсумен жүретін тұлғалық дамудағы патологиялық мінездемесі, вегетативті бұзылыстар, қорқыныш, апатия, белсенділіктің төмендігі, еліктірмелі уайымдалар; шамалы психопатологиялық симптомдардың реактивті депрессиясы, инициативтің болмауы, әлсіздік, кардиалгия (өздігінен немесе басқа препараттармен біріктіріліп қолдану), стенокардия, делириозды жағдайлар (қозуды және вегетативті симптомдардың дамуын басу), маскүнемдік абстиненция, климактериялық синдром; миастения, миопатия, неврогенді бұлшық ет атрофиясы және б. екіншілік невротикалық симптомдармен жүретін патологиялық жағдайлар, ол кезде миорелаксиялық әсері айқын анксиолитиктер кері көрсетілгенде. Ішке 50–100 мг/тәу (ең жоғарғы мөлшер 300 мг) 1–3 қабылдауға 4-12 апта бойы, біртіндеп доғару уақытын қоса есептегенде. Балаларда, егде және соматикалық ауруларда мөлшерін 2 есеге азайтады.