Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Ұйқышылдық, ортостатикалық гипертензия, ауыздың құрғауы, іштің қатуы, диспепсия, диарея, тері бөртпелері, жэарыққа сезімталдықтың жоғарлауы, дене температурасының жоғарлауы, акинез, естің шатасуы комаға дейін, мазасыздану, қозу, бастың айналуы, бастың ауруы, сандырақтау синдромы, жоғары мөлшерде ұзақ қолданғанда көз бұршағында және қасаң қабақта жиналуы, еттекір циклінің бұзылуы, глюкоза метаболизмінің бұзылуы, жыныстық бұзылыстар.

Саудаға тіркелген атауы:

Фентанил (fentanyl)

Шығарылу түрі . Егуге арналған ампуладағы ерітіндісі 0,005%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Премедикация (әр түрлі наркоздарда; азот тотығына қосымша ретінде). Операциядан кейнгі жансыздандыру. Нейролептанальгезия (дроперидолмен бірге).

Ересектерде: премедикация үшін, сонымен қатар операциядан кейінгі кезеңде ересектерге Фентанилді бұлшық етке егеді 0.05‑0.1 мг-нан (1‑2 мл). Біріктірілген жансыздандыру үшін препаратты көктамырға 0.1‑0.2 мг (2‑4 мл) мөлшерде егеді. Нейролептанальгезия үшін Фентанилді көктамырға 0.06 мг мөлшерде егеді, бөліп, әр 20 минут сайын, тыныстың жиілігін бақылау арқылы. Жоғары мөлшерде (0.05‑0.1 мг/кг дене салмағы) Фентанилді жүрекке ашық өндірістік операция кезінде. Балаларға премедикация және операциядан кейінгі жансыздандыру мақсатымен қолданғанда Фентанилді бұлшық етке 0.002 мг/кг дене салмағына есептегендегі мөлшерді, операция алдынды 30‑60 минут бұрын егеді. Жансыздандыруды ұстап тұру үшін, сонымен қатар біріктірілген жансыздандыру кезінде Фентанилді көктамырға 0.002 мг/кг немесе бұлшық етке 0.0015‑0.0025 мг/кг дене салмағына тағайындайды.

Кері көрсеткіштері

Кесар тілігі. Бас ми қысымының жоғарлауы. Тыныс алу орталығының тежелуімен жүретін жағдайлар.

Сақтандыру.

Препараттың қолданылуы жоғары мамандандырылған мамандықпен арнайы стационар жағдайларында жүргізілуі тиіс. Операциядан кейінгі кезеңде науқасты қатаң бақылау тиіс. Арық науқастарда, ұзақ операция кезінде, жиі қайта қолдану жағдайларында фентанилдің созылмалы әсері дамуы мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С.

Емшекпен емізу: төс сүтіне өтеді. Емшекпен емізу кезінде қолданбау керек.

Жанама әсерлері

Фентанилді қолданған кезде жиі брадикардия және тыныстың тежелуі байқалады. Үлкен мөлшерді енгізгеннен кейін немесе көктамырға тез енгізген жағдайларда бұлшық еттің тарылуы және көкірек құрсағының тарылуы байқалуы мүмкін.

Мөлшерден тыс қолданғанда

Симптомдары: брадипноэ, апноэ, тыныстың тежелуі, бұлшық еттің тарылуы. Емдеу: арнайы антагонистіне налорфин, леванорфан, налоксон жатады. Тыныстың тежелуі және бұлшық еттің тарылуы кезінде, сонымен қатар миорелаксанттарды және өкпенің жасанды вентиляциясын қолданады. Брадикардияны шеттету үшін атропинді қолданады. Гипотензия жағдайында сұйықтықты парентеральді енгізуде тағайындайды.

Саудаға тіркелген атауы:

2. Анальгетиктер, қызуды басатын дәрілер (антипиретиктер), стероидты емес қабынуға қарсы дәрілік заттар (сеққз), аяқ қақпаны кезінде және ревматизм ауруларында қолданылатын дәрілік заттар.

Ауырсынуды жедел және созылмалы деп жіктеуге болады. Жедел ауырсыну ұзаққа созылмайды және оның себебін анықтауға болады (ауыру, жарақат). Созылмалы ауырсыну сауыққаннан кейін де болуы мүмкін немесе оның себебі созылмалы аурулар болуы мүмкін. Ауырсыну психоэмоциональды аясына әсер етуімен түрленуі мүмкін, ауырсынумен күресуде осы салаға өте маңызды мән беру керек. Дәрілік заттармен емдеуде ауырсынудың дамуына жауап беретін, шеткі және орталық механизм түрленуіне бағытталған. Нейрогенді ауырсыну, кәдімгі анальгетиктермен емдеуге мойынсынбайды; үш тармақты жүйке ауырсынуын емдеу үшін карбамазепинді қолдану ұсынылады (5.1 бөлім), амитриптилинді (24.2.1 бөлім) диабеттік невропатияда және ұшықтан кейінгі невралгияда тағайындалынады.

Опиоидты емес анальгетиктер (2.1 бөлім) сүйек-бұлшық ет аурулары үшін қолданылады, ал опиоидты анальгетиктер шамалы және ауыр висцеральды ауруларда қоладанылады (2.2 бөлім). Қабынуға қарсы әсері бар опиоидты емес анальгетиктерге ацетилсалицил қышқылы және басқа да стероидты емес қабынуға қарсы заттар (СЕҚҚЗ) жатады; олар ревматоидты артрид сияқты созылмалы қабыну ауруларында ауруды және қабынуды төмендетеді, бірақ ауруды және аурудың үдеуінің баяулауын өзгертпейді (аурудың өзін түрлендірмейді). Сонымен қатар симптоматикалық ауырсынуларды шеттету үшін парацетамол қолданылады. Ревматоидты артритті және басқа да буындардың созылмалы ауруларын емдеу үшін ауруды түрлендіретін антиревматикалық заттар (АТАЗ) қолданылады, олар аурудың нәтижесіне жақсы әсер етеді (2.4 бөлім). Аяқ қакпаны кезіндегі жедел ұстамалардағы ауырсынулар мен қабынуларда СЕҚҚЗ-дың немесе колхициннің көмегімен шеттетеді. (2.3.1 бөлім); аллопуринол - ксантинді оксидазаның баяулатқышы (2.3.2 бөлім) аяқ қақпанын ұзақ емдеуде қолданылады.