Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Саливацияның жоғарлауы, жүректің айнуы және құсу, ішек шаншулары, диарея; мөлшерден көп қолдану белгілеріне бронхоконстрикция, бронхи­альды секрецияның жоғарлауы, жастың ағуы, тершеңдік, өздігінен болатын дефекация мен несептің шығуы, миоз, нистагм, брадикардия, жүрек тежелуі, аритмия, гипотензия, қозу, шамадан тыс жарық түс көрулер, фаскуляция мен салға әкелетін әлсіздік жатады; тромбофлебит жағдайлары тіркелген; бром тұздарын қолданумен байланысты болған бөртпелер.

Мөлшерден тыс

Холинергиялық криз: брадикардия, гиперсаливация, миоз, бронхоспазм, жүректің айнуы, перистальтиканың күшеюі, диарея, жиі несептің шығуы, тіл мен қаңқа бұлшық еттерінің тартылуы, біртіндеп жалпы әлсіздіктің дамуы, АҚ төмендеуі, сал. Емдеу: мөлшерді төмендету немесе емді доғару, қажет жағдайда атропинді (1 мл 0,1% ерітінді) енгізу.

Саудаға тіркелген атауы:

Пипекурония бромид

(Pipecuronium bromide)

Шығарылу түрі. Егуге арналған лиофилизирленген ұнтақ 4 мг еріткішпен

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Операция кезінде бұлшық еттердің релаксациясы үшін, эндотрахеальды интубация жүргізуде. К/т. Ерітіндіні егу үшін берілген еріткішті қолдану арқылы ex tempore дайындайды. Эндотрахеальды интубацияда — 70–85 мкг/кг (сукцинилхолин тұсында 40–50 мкг/кг), ұстап тұрушы мөлшер — 10–15 мкг/кг. Балаларға: наркоз үшін (диазепаммен, кетаминмен, фентанилмен және азот тотығымен біріктіріп) бастапқы мөлшер — 80–90 мкг/кг; қайта — 30% бастапқы мөлшер; нәрестелерге — 50–60 мкг/кг.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық (сонымен қатар бромидтерге), миастения, бауыр, бүйрек қызметінің бұзылыстары, айқын жүрек жетіспеушіліктері, жүктілік (ерте мерзімде).

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Интубация, ӨЖВ, оттегі терапиясын жүргізу мүмкіндіктер жағдайы бар кезде ғана, тек мамандандырылған анестезиологтың бақылауымен ғана тағайындалуы мүмкін. Антагонистері (холинэстераза баяулатқыштары) мен атропин міндетті түрде болуы қажет. Операция кезінде және ерте операциядан кейінгі кезеңде өмірге қажетті қызметтерді ұстап тұру және олардың бұлшық тонусының толық қалпына келуіне дейін міндетті түрде мониторинг жүргізу қажет. Мөлшерді талдау науқастың жасына, жынысына, дене салмағына, семіздік дәрежесіне, бауыр ауруына, бүйрек қызметі деңгейіне (плазмадағы креатинин мен оның СІ құрамы бойынша) қарай жүргізеді. Жедел және созылмалы электролиттік тепе-теңдік бұзылыстарында немесе ҚНЖ бұзылу мүмкіндіктерінде, миорелаксациялық ықпалдың күшеюі, сол сияқты әлсіреуі болатынын ескеру керек. Таралу көлемінің жоғарлауымен жүретін жағдайларда, мысалы жүрек қан-тамыр аурулары кезінде айналым уақытының баяулауы, латентті кезеңді ұзаруына әкелуі мүмкін.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Тыныс алу жетіспеушілігімен және апноэмен жүретін қанқа бұлшық еттерінің салы, гипотензия, брадикардия,тромбопластин мен протромбин уақытының шамалы белсенуінің жоғарлауы, гипертензия, миокардтың ишемиясы, цереброваскулярлы бұзылыстар, тромбоз, жүрекшенің фибрилляциясы, қарынша экстрасистолиясы, креатинин деңгейінің жоғарлауы, гипогликемия, гиперкалиемия, бұлшық ет атрофиясы, гипестезия, ОЖЖ-нің тежелуі, ентігу, анурия, тері бөртпелері.

Саудаға тіркелген атауы:

Суксаметоний 

(suxamethonium)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 0,1 мг/5 мл ампулада (хлорид)

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Операция кезінде бұлшық еттердің релаксациясы үшін, эндотрахеальды интубация жүргізуде. К/т. Ерітіндіні егу үшін берілген еріткішті қолдану арқылы ex tempore дайындайды. Эндотрахеальды интубацияда — 70–85 мкг/кг (сукцинилхолин тұсында 40–50 мкг/кг), ұстап тұрушы мөлшер — 10–15 мкг/кг. Балаларға: наркоз үшін (диазепаммен, кетаминмен, фентанилмен және азот тотығымен біріктіріп) бастапқы мөлшер — 80–90 мкг/кг; қайта — 30% бастапқы мөлшер; нәрестелерге — 50–60 мкг/кг.