Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Өтпелі күйдіру және көздің ішкі қысымының жоғарлауы; ұзақ қолданғанда жергілікті тітіркендіру, қызару, ісіну мен конъюнктивит дамуы мүмкін; қатынасты дерматит; жасы кіші балаларда және егде жастағыларда жүйелік улы әсері байқалуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы:

21.6. Вирустарға қарсы заттар

Ацикловир

(acyclovir)

Шығарылу түрі. Көз майы

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ұшықтық кератитА. Ленталы майды 10 мм төменгі конъюнктивальды қапшыққа жағады күніне 5 реттен (әр 4 сағатта). Жазылғаннан кейін емді 3 күндей жалғастырады.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық. Жас балаларға (3 жастан кші).

Сақтандыру.

Ашылған көз майының түбегін 1 айдан артық қолданбауы керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Плацент арқылы өтеді. Жүйелік қолдануға болмайды.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Жанама әсерлері

Күйдіру, тітіркендіру. Сирек аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы:

Идоксуридин

(Idoxuridine)

Шығарылу түрі. Ерітінді (көз тамшысы) 0,1%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Кератиттер немесе кератоконъюнктивиттер, herpes simplex (жай ұшық вирусымен) туғызған. Көзге тамызу, ересектерге және балаларға — 1 тамшыдан әр сағат сайын күні бойы және 2 сағаттан түнде, жақсаруына қарай тамызу жиілігін азайту (инфекцияны бақылау) 1 тамшыдан әр 2 сағаттан күндізгі уақытта және әр 4 сағат сайын түнгі уақытта, кейін сауыққаннан соң 3-5 күндей жалғастыру, толық жазылғанша, ең жоғарғы емделу ұзақтығы 21 күн.

Кері көрсеткіштері

Жүктілік, бор қышқылынан тұратын басқа препараттармен бір мезгілде қолдану.

Сақтандыру.

Қасаң қабақтың терең жаралары; ұзақ немесе шамадан тыс көп қолдану қасаң қабақты зақымдауы мүмкін; препараттың қолдану жиілігі мен ұзақтығын жоғарлатпау керек, 7 күннен кейін жақсару болмаса қолдануды доғару керек; бір мезгілде кортикостероидтармен қолдану.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С. Плацент арқылы өтеді. Қолдануға болмайды.

Емшекпен емізу: Төс сүтіне өтеді. Жанама әсерлері

Кейде: күйдіру, шаншу, тітіркендіру, ауыру, конъюнктивит, ісіну, қабыну, фотофобия, қышыну; сирек аллергиялық реакциялар.

Саудаға тіркелген атауы:

22. Жатырдың ет қабатының (миометрияны) жиырылу белсенділігін жоғарлататын немесе тежейтін заттар

22.1. Жатырдың ет қабатының жиырылу белсенділігін жоғарлататын заттар

Медициналық түсіктерді жүргізу үшін, тууды шақыру және белсендіру және плацент жабысқан жерден қан кетуді азайту үшін простагландин (ПГ) препараттары мен окситоцин тобы қолданылады. Осы ДЗ, сонымен қатар эргометрин жиырылудың туғызған айқындылығына байланысты, әртүрлі қарқынды ауырумен жүретін, жатырдың жиырылуын туғызады. Жатырға әсер етуінен басқа, окситоцин препараттары гипофиздің алдыңғы бөлігіндегі лактотропты гормонның бөлінуін күшейту арқылы, сүттің секрециясын жоғарлатады. Қастауыш алколоидтары миметрияның жиырылу белсенділігін және тонусын жоғарлатады; оларды жатырдан қан кетуде және босанғаннан кейін жатырдың кері дамуын тездету үшін қолданады.

Түсік жүргізу. ПГЕ2 динопростон мен жасанды ПГЕ1 аналогтары мизопростолды қолдану мүмкін. Алдын ала антигестагенді препарат мифепристонды енгізу дәрілік жүктілікті үзуді жеңілдетуі мүмкін.

Тууды шақыру және белсендіру. Әйелдердегі интакты ұрық көпіршігімен тууды демеу үшін, динапростонды қолданған дұрыс. Әйелдерде ұрық көпіршігінің жарылған кезде, тууды шақыру үшін динапростан мен окситоциннің ықпалы тепе-тең болып келеді.

Жатырдан қан кетудің алдын алу мен тоқтауда. Эргометрин мен окситоцинді қолдануға болады. Жүктіліктің ерте сатысында окситоцин мен эргометринді біріктіріп қолдану, анағұрлым тиімдірек, оларды жеке қолданғанға қарағанда.

Метилэргометрин

(Methylergometrine)

Шығарылу түрі. Егуге арналған ерітінді 0,2%

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Жоғары сезімталдық, жүктілік, босанудың 1--ші және 2-ші кезеңі ұрық басы көрінгенше (жатыр бұлшық еттерінің тоникалық жиырылуы ұрықтың асфиксиясын туғызуы мүмкін).

Ішке, б/е және к/т. Парентеральды енгізгенде бір реттік мөлшер 0,1–0,2 мг-нан (0,5–1 мл 0,2% ерітінді), ішке — 1–2 табл. күніне 2–3 реттен. Парентеральды енгізуді ішке қабылдаумен біріктіруге болады. Атониялық жатырдан қан кету кезінде — 0,2 мг-нан б/е немесе 0,1–0,2 мг-нан к/т, 2 сағаттық үзіліспен қайта енгізуге болады. Субинволюция терапиясы, лохиометр, босанғаннан кейінгі қан кету кездерінде — ішке 0,125–0,25 мг-нан немесе т/а, б/е 0,1–0,2 мг-нан тәулігіне 3 реттен. Босанудың екінші кезеңін белсенді жүргізгенде — иықтың алдыңғы бөлігі көрінгенде 0,1–0,2 мг-нан к/т баяу енгізеді немесе тура бала шыққаннан кейін (кеш емес). Жалпы жансыздандыру жағдайында босанған кезде — 0,2 мг-нан. Кесар тілігі кезінде — баланы алып шыққаннан кейін к/т 0,05–0,1 мг-нан немесе б/е 0,2 мг-нан егеді. Түсік кездерінде, жатыр мойынының түтігін кеңейткеннен кейін — к/т 0,1–0,2 мг-нан. Өздігінен болатын түсіктерде — к/т 0,05–0,1 мг.