Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Ұйқышылдық, қалжырау, бастың айналуы, бұлшық ет әлсіздігі байқалады. Сирек ‑ атаксия. Өте сирек ‑ парадоксальды реакциялар: қозудың күшеюі немесе бірден айқын бұлшық еттердің тарылуы. Парентеральды қолданғанда кейбір АҚ төмендеуі байқалады, өте сирек жағдайларда тыныс алу қызметінің бұзылыстары болады. Кейде к/т енгізгеннен кейін ықылық пайда болуы мүмкін. Акушерлік тәжірибеде препаратты босануды жеңілдету үшін тағайындағанда, нәрестелерде және өте жиі шала туылған нәрестелерде уақытша бұлшық ет гипотониясы, гипотермия, тыныс алу қызметінің бұзылуы байқалуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы:

ДРОПЕРИДОЛ (DROPERIDOL)

Шығарылу түрі . Егуге арналған ампуладағы ерітінді 25 мг/ 10мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Нейролептанальгезия (фентанилмен біріктірілген). Науқасты құралдармен, сонымен қатар эндоскопиялық зерттеулерге дайындағанда, хирургиялық араласуларда, әр түрлі наркоздарда қолданылады. Операциядан кейінгі кезеңдегі психикалық мазасыздану; әр түрлі уланулар (біріктірілген ем құрамында); Шок жағдайлары; ауыр дәрежелі күйіктер. Жүректің, бауырдың, бүйректің зақымдалуы.

Премедикация үшін: ересектерге 2.5‑5 мг-нан (1‑2 мл) бұлшық етке тағайындайды, 15‑45 минут алдын хирургиялық араласуларда. Балаларда Дроперидолдың мөлшерін дене салмағына 0,1 мг/кг құрайды. Хирургиялық анестезия үшін: ересектерге препаратты көктамырға 15-20 мг мөлшерде енгізеді (6‑8 мл), балаларға көктамырға дене салмағына 0.2‑0.4 мг/кг мөлшерде немесе бұлшық етке дене салмағына 0.3‑0.6 мг/кг мөлшерде енгізеді. Ұзақ операцияларда хирургиялық наркозды ұстап тұру үшін Дроперидолды 2,5-5 мг (1-2 мл) мөлшерде қай енгізуге болады. Операциядан кейінгі кезеңде 2.5‑5 мг (1‑2 мл) мөлшерде бұлшық етке тағайындайды. Көрсетілген мөлшерді әр 6 сағат сайын енгізуге болады.

Кері көрсеткіштері

Препаратқа және морфин туындыларына жоғары сезімталдық; Экстрапирамидалық бұзылыстар. Кесар тілігі; Ерте жастағы балалар (3 жастан кіші).

Сақтандыру.

Дроперидолды қолданар алдында бірнеше күн алдын гипотензивті дәрілердің мөлшерін төмендеткен дұрыс, кейін олардың енгізілуін толық доғару керек. Мөлшерден тыс қолдану. Симптомдары: артериальды қысымның бірден төмендеуі. Емдеу: арнайы антидоттары жоқ. Асқазанның жуылуы, белсендірілген көмірді, симптоматикалық ем қолдану ұсынылады. Сұйықтықты, аналептиктерді, вазопрессорлық заттарды, енгізу көрсетілген, тек адреналинді қолануға болмайды.

Егде жастағыларға, жарымес және седацияға айтарлықтай бейім келетін әлсіреген науқастарға, QT-қашықтығының ұзаруында, гипотензияда, қанда пролактин саны жоғарлағанда; алғашқы мөлшер төмен дәрежеде ұсынылады. Хирургияда жансыздандыру индукциясы ретінде жалғыз дәрі ретін қолданылмауы керек. Экстрапирамидалық ықпалдарын және QT-арақашықтығының ұзаруын анықтау үшін және қарыншалардың жыпылықтауында – дірілдеу белгілерін ЭКГ-де мониторинг жасау. Бутирофенон қатарының препараттары ықпалы жағынан фенотиазин қатарының препараттарымен бара-барА. Дроперидолды жедел психотикалық жағдайларды шеттету үшін парантеральды енгізуде тиімді, тиімділігін басқа нейролептиктермен саластыру әрі қарай зерттеулерді талап етедіА.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: FDA категориясы С.

Емшекпен емізу: емшекпен емізу кезінде қолдануға болмайды.