Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, гипергликемия, инсулинома (парадоксальды гипогликемиялық реакция дамуы мүмкін), феохромоцитома (катехоломиндердің қанға шығарылуын белсендіру арқылы, гипертензия туғызуы мүмкін), шошқа және/немесе сиыр ақуызына аллергия болуы.

Сақтандыру.

Қант диабеті кезінде гипергликемия даму тәуекелі жоғарлайды.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолданылуы тек өмірге қажеттілігі бойынша.

Емшекпен емізу: Қолданылуы тек өмірге қажеттілігі бойынша.

Жанама әсерлері

Жүректің айнуы, тоқтамайтын құсулар, гипокалиемия симптомдары (айқын бұлшық ет әлсіздігі, анорексия, аритмия, миалгия, жеке бұлшық ет топтарының сіресулері), дегидратация, аллергиялық реакциялар (бастың айналуы, жарықтан қорқу, терідегі бөртпелер мен қышынулар, тыныстың бұзылуы).

Саудаға тіркелген атауы:

Пиоглитазон

(Pioglitazone)

Шығарылу түрі. Таблеткалар 15 мг, 30 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қант диабетінің 2-ші типі, емдәмнің, физикалық жаттығуларда және төмендегі аталған заттармен монотерапияның ықпалы болмаған кезде, монотерапия немесе сульфонамид туындыларымен, метформинмен немесе инсулинмен біріктіріп қолдану. Ішке тәулігіне 1 рет тамақ қолдануына байланысты емес. Мөлшерін жеке талдайды. Бастапқы мөлшер 15–30 мг-нан, ең жоғарғы тәуліктік мөлшер — 45 мг/тәулігіне, біріктірілген ем кезінде — 30 мг/тәулігіне.

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, қант диабетінің 2-ші типі, диабеттік кетоацидоз, бауыр ауруының асқыну сатысында, АЛТ деңгейі, қалыпты мөлшерден 2,5 есе жоғары болғанда, жүктілік, емшекпен емізу.

Сақтандыру.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

18 жасқа дейін, себебі бұл топтағыларда тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталынбаған.

Ісінулері бар және бауыр ферменттерінің деңгейі шамалы жоғары науқастарға сақтықпен тағайындау керек. Біріктірілген терапиядағы гипогликемияның дамуы сульфонамидтердің немесе инсулиннің мөлшерін төмендетуді қажет етеді. Бүйрек жетіспеушілігінде мөлшерді түзетудің қажеті жоқ. Сары аурудың пайда болуы кезінде емді доғарады. Пременопауза кезеңіндегі науқастардағы ановуляторлы циклде қабылдаулар овуляцияны туғызуы мүмкін және жүктіліктің даму тәуекелін жоғарлатады (сенімді ұрықтануға қарсы шаралар қолдану керек).

Ерекше ұсыныстар: Емді гликозирленген гемоглобин деңгейін бақылаумен, емдәм мен физикалық жаттығуларды біріктіріп жүргізу керек.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдану кері көрсетілген.

Емшекпен емізу: Қолдану кері көрсетілген.

Жанама әсерлері

Гипогликемия, ісінулер (4,8% жағдайлары монотерапия кезінде және 15,3% — инсулинмен біріктіргенде), қаназдық (1–1,6% жағдайларда), билирубин, АСТ, АЛТ, сілтілік фосфатаза мен гамма-глютамилтрансфераза деңгейінің төмендеуі.

Саудаға тіркелген атауы:

Репаглинид

(Repaglinide)

Шығарылу түрі. Таблетки 0,5 мг, 1 мг, 2 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Қант диабетінің 2-ші типі емдәм мен физикалық күш түсу тұсында, сонымен қатар метформинмен біріктіріп емдеу (емдәм және физикалық жаттығулардың тиімсіздігінде, әлде репаглинидпен немесе метформинмен монотерапияның тиімсіздігінде). Ішке, 15–30 минут тамақ алдында, көбінесе негізгі тамақтың алдында тәулігіне 3 реттен. Мөлшерін жеке талдайды. Бастапқы мөлшері — 0,5 мг-нан. Мөлшерін жоғарлатуды ем басталғаннан кейін 1-2 аптадан соң жүргізеді, гликемия деңгейіне сүйеніп. Ең жоғарғы бір реттік мөлшер — 4 мг-нан, тәуліктік — 16 мг. Егер науқас басқа пероральды гипогликемиялық заттар қабылдаса немесе гликозилирленген гемоглобин деңгейі жоғары болса немесе ол 8% тең болса, ұсынылатын бастапқы мөлшер – 1 мг болады.