Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Қимыл және сөйлеу қозуы (наркоздан шығу кезінде), жүректің айнуы, құсу, тыныстың бұзылуы тоқтауына дейін (к/т тез енгізген кезде), аяқ-қолдың және тілдің тырысып тарылуы.

Саудаға тіркелген атауы:

Тиопентал натрий (thiopental sodium)

Шығарылу түрі . Егуге арналған ұнтақ сауытта 500 мг, 1000 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Ұзаққа созылмайтын хирургиялық операция кездерінде. Кіріспе және жалпы жансыздандыруды ұстап тұру (басқа наркозға арналған заттармен бірге).

Науқастың жалпы жағдайына және премедикация түріне байланысты, ұйықтататын мөлшер 0,2-ден 0,4г құрайды. Жалпы мөлшер, қысқа хирургиялық операцияларда қажетті мөлшер‑0.4‑0.8 г, ең жоғарғы мөлшер‑1 г. Ұйқыны қалыпты ұйқыға жақындатуды қамтамас ету үшін, препаратты баяу және үздіксіз енгізу керек. Препарат ерітінділері тұрақсыз, сондықтан оларды ex tempore дайындайды; көбінесе 2.5% немесе 5% ерітіндіні дайындайды.

Кері көрсеткіштері

Препаратқа жоғары сезімталдық. Бауырдың, бүйректің органикалық аурулары, бронхиальды демікпе, айқын метаболиттік бұзылыстар, ауыр қан айналым бұзылыстар. Науқастың анамнезінде немесе туыстарында жедел порфирия ұстамаларының болуы, тиопенталдың абсолюттік кері көрсеткіші болып табылады.

Сақтандыру.

Препарат парасимпатикалық жүйке жүйесінің тонусын жоғарлататын болғандықтан, оны қолданар алдында атропиннің адекватты мөлшерін енгізу керек. Наркозды ұйқының басталу мерзімінен бастап, тыныс жолдарының өткізгіштігін қамтамас ету керек. Әсіресе тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында (бұл кезде кеңірдектің интубациясы қажет) тиопентал натрийді енгізген сақтық керек. Жансыздандыру ұзаққа созылғанда, тиопентал натрий арқылы туғызылған ұйықтататын ықпалды, к/т ұзақ әсер ететін анестетиктерді енгізу арқылы ұстап тұрғанда, жиналу ықпалының қауіпсіздігіне байланысты, тиопентал натрийдің мөлшері 1,0 г. аспауы тиіс. К/т енгізу жерде ауыру сезімін төмендету үшін жылы компресстер қолданылады, сонымен қатар 0,5% прокаин ерітіндісін, физиологиялық ерітіндіні және гиалуронидазаны егеді. Тиопентал натрийдің артерияға егуі тез арада оның тарылуын туғызады, ол егу жерінің дистальды бөлігіндегі қан айналымын бұзады, сондықтан негізгі тамырдың тромбозы болу мүмкін. Бұндай жағдайлар пайда болған кезде енгізуді тез доғарып, тарылуды шеттетуге арналған ем шараларын жүргізу керек (мысалы, иық өрімін тежеу, артерия ішіне прокаинды егу). Бір мезгілде сонымен бірге қандай да бір антикоагулянттарды егу. Препараттың тез ерігіштігі ерітіндіні тез дайындауға мүмкіндік береді. Бір сауыт бір қолдануға тағайындалған. Тек мөлдір ерітінділерді қолдану керек!

Жанама әсерлері

Ларингоспазм, бронхоспазм, сілекейдің гиперсекрециясы, гиперсаливация, әр түрлі дәрежедегі тыныстың тежелуі мүмкін. К/т тамырға тез енгізгеннен коллапс дамуы мүмкін. Өте сирек –енгізілген жерде ауырсыну немесе тығыздау болуы мүмкін.

Саудаға тіркелген атауы:

Пропофол (propofol)

Шығарылу түрі . Көктамырға енгізуге арналған эмульсия 10 мг/мл; 20 мг/мл

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Кіріспе жансыздандыру. Жансыздандыруды ұстап тұру. ӨЖВ жүргізілетін науқастарда тыныштандыратын ықпалды қамтамас ету үшін.

Кіріспе наркоз үшін, премедикацияның барына немесе жоғына байланыссыз, ересек науқастарға (орта дене салмағымен, жалпы жағдайы қанағаттанарлықтай кезде) көктамырға 4 мл-ден (40мг) әр 10секунд сайын тиртірлеу арқылы енгізеді, жансыздандырудың клиникалық белгілері пайда болғанша. Көп науқастарға 55 жасқа дейін пропофолдың мөлшері 2,0-2,5 мг/кг құрайды. 55 жастан үлкен науқастар үшін мөлшері шамалы төмендеу болуыд қажет етеді. 3 және 4 жіктік ASA науқастарына препаратты титрлеу жолымен шамамен әр 10 секунд сайын 2 мл енгізеді. 8 жастан үлкен балаларға Пропофолды көктамырға баяу жансыздандырудың клиникалық белгілері пайда болғанша енгізеді. Мөлшерді жасына және/немесе салмағына қарай тағайындайды. Орта мөлшері 2.5 мг/кг құрайды. 8 жастан кіші балаларға мөлшері жоғары болуы мүмкін. Балаларға 3 және 4 жіктіктегі ASA кіші мөлшерде тағайындайды. Пропофолдың кіріспе мөлшері алғашқы енгізу кезінде, егу алдында желім шприцте лигнокаинмен тікелей араластырып егуді ұсынады: Пропофолдың 20 бөлігі және 1 бөлігі 0.5% немесе 1% лигнокаин гидрохлорид ерітіндісі. Қоспаны асептикалық жағдайда дайындайды және тек индукция үшін қолданады. Жансыздандыруды ұстап тұру үшін Пропофолды үнемі инфузия арқылы немесе қайта болюсты енгізу арқылы қолданады. Үнемі инфузия жасау кезінде препаратты енгізу жылдамдығын жеке талдайды. Көбінесе жансыздандыруды ұстап тұруды қамтамас ету үшін адекватты егу жылдамдығы 4‑12 мг/кг/сағ құрайды. Қайта болюсты енгізу кезінде, жансыздандырудың клиникалық суретіне байланысты, Пропофолдың мөлшерін 25 мг-нан (2,5 мл) 50 мг-ға (5,0 мл) дейін тағайындайды. Балаларға адекватты жансыздандыруды қамтамас ету үшін 9-15 мг/кг/сағ жылдамдықта немесе қажетті жансыздандыру тереңдігін ұстап тұру үшін қайта болюсты мөлшер арқылы енгізеді. ӨЖВ науқастардағы жедел ем жүргізілу кезінде тыныштандыру ықпалын қамтамас ету үшін, препаратты көктамырға құю арқылы ұсынады. Инфузия жылдамдығын, қалаулы тыныштандыру ықпалының тереңдігіне қарай жеке тағайындайды. Көбінесе қанағаттандырылатын тыныштандыратын ықпал инфузия жылдамдығы 0,3-4,0 мг/кг/сағ арасында. Арасластырылмаған пропофол ерітіндісін қолдану. Араластырылмаған Пропофолды инфузия үшін желім шприцте немесе шыны сауытта қолдану мүмкін. Пропофолды араластырылмаған күйде қолданған жағдайларда, жансыздандыруды ұстап тұру кезінде, оның енгізу жылдамдығын бақылай алу үшін перфузорды немесе инфузорды қолануды. Алдын араластырғаннан кейінгі пропофолдың енгізілуі. ПВХ қапшықшасында немесе шыны сауытта к/т енгізу үшін Пропофолдың 1 бөлігін және декстроза ерітіндісінің 4 бөлігін араластырады. Белсенді заттың құнарлығы араластырылған ерітіндіде 2 мг/мл-ден аспауы керек. ПВХ қапшығында араластырғанда қапшықты толық толтыру керек; араластырылған ерітіндіні дайындауда, егуге арналған ерітіндіні алып тастау және оны Пропофолдың эквиваленттік көлемімен ауыстыру керек. Ерітіндіні тікелей қолданар алдында асептикалық жағдайларда дайындау керек. Қоспа тұрақтылығын 6 сағат бойы сақтайды. Бір мезгілде Пропофол мен басқа ерітінділерді үштік қалпақша көмегімен енгізу. Қоспа немесе еріткіш ретінде 5% декстроза ерітіндісін к/т егу үшін қолданады, 0.9% натрия хлорид ерітіндісін к/т егуге немесе 4% декстроза ерітіндісін 0.18% натрия хлорид ерітіндісімен к/т егуге қолданады. Үштік қалпақшаны Пропофол енгізілетін жердің жанына орналастыру керек. Араластырылған Пропофол ерітіндісін инфузияға арналған реттелуші жүйені қолдану арқылы немесе инфузоматтың (перфузомат) көмегімен енгізіледі. Ол бақылаусыз енгізілу тәуекелін болдырмайды.

Кері көрсеткіштері

Пропофолға анамнезінде аллергиялық реакциялар.

Сақтандыру.

Пропофолды қолданғанда қосымша анальгетиктерді қолдануды қажет етеді. 3 жасқа дейінгі балаларға Пропофолды қолдануға болмайды. Балаларға ӨЖВ кезінде тыныштандыратын заттар ретінде қолдану ұсынылмайды, себебі оның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы салыстырмалы дәлелдемелер жоқ. Себепті-зерттеулер байланысы белгіленбеген, кейбір жағдайларда лицензиясыз қолданған кездер болған, онда теріс көріністер тіркелген (өлімге әкелген жағдайлар да болған); аталған көріністер тыныс жолының инфекцияларымен ауыратын балаларға Пропофолдың ересектерге арналған мөлшерінен жоғары мөлшерді енгізгенде байқалған. Пропофолды қояншықпен ауыратын (тырысудың пайда болу тәуекеліне байланысты), жүрек қан-тамыр ауруларымен, тыныс жүйесінің ауруларымен, бауыр мен бүйрек ауруларымен ауыратын науқастарға, сонымен қатар олигемиямен немесе қатты әлсіреген науқастарға сақтықпен қолдану керек. Май алмасуларының бұзылыстарымен зардап шегетін науқастарға, сонымен қатар басқа да жағдайларда майлы эмульсияларды сақтықпен тағайындау керек. Майдың көп жиналу тәуекелі бар науқастарға Пропофолды тағайындағанда, қандағы липид деңгейлерін мониторинг жасауды ұсынады. Егер мониторинг ағзадан майлар шығуының жеткіліксіздігін тіркесе, Пропофолдың қолдануын келесі жолмен түзету керек. Бір мезгілде көктамырға Пропофол мен басқа да липидтерден тұратын заттарды енгізгенде, олардың мөлшерін түзету керек, себебі 1,0 мл Пропофолда шамамен 0,1 г май бар. Пропофолды енгізгеннен кейін көлік жүргізгенде және басқа да үлкен көңіл қоюды талап ететін жағдайларда сақ болу керек. Пропофол қажетті ваголитикалық әсерге ие емес және оны қолдануда болатын брадикадиямен байланыстыра (кейде айқын), сонымен қатар асистолия болады. Кейбір жағдайларда кезбе жүйкесінің тонусы басым болғанда немесе брадикардияның дамуына себеп болатын басқа дәрілермен бірге қолданғанда, кіріспе жансыздандыру алдында немесе оны ұстап тұру кезеңінде көктамырға антихолинергиялық заттарды егу керек.

Пропофолды тек анестезия аймағында жұмыс істейтін мамандар ғана немесе арнайы дайындық өткен қызметкерлер ғана қолданады (немесе қажет жағдайларда жедел ем жүргізу дайындығын өткен дәрігерлер); тыныс жолының еркін өткізгіштігін ұстап тұру үшін, өкпенің жасанды вентиляциясына, ауамен қанықтыруға, сонымен қатар басқа да реанимациялық шараларға үнемі мониторинг жүргізу қажет.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Пропофолды жүктілік кезінде қолданудың қажеті жоқ. Препарат плаценталық кедергіден өтіп, неонатальды депрессия туғызады, сол себепті оны акушерлік тәжірибеде жансыздандыру мақсатымен қолданбайды. Пропофолды жүктіліктің І үшайында үзу кезінде жалпы жансыздандыру үшін қолданады.

Емшекпен емізу: Пропофолды қабылдаған емізулі әйелдерде, нәрестелер үшін қауіпсіздік тіркелмеген.