Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КАЗ.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

Жанама әсерлері

Обсессивті-компульсиялық бұзылыстар мен депрессиямен ауыратын 1087 науқастың, Солтүстік Америкадағы клиникалық зерттеулерде бақылау барысында флувоксаминді қолданғанда, 22% науқаста жанама әсерлердің пайда болуына байланысты қабылдауды доғарған. Солардың ішінде (жақшаның ішінде плацебе тобында кездескен пайыздар көрсетілген): Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: бастың ауруы 3% (1%), бастың айналуы 2% (1% аз), астения 2% (1% аз), ұйқының қашуы 4% (1%), ұйқышылдық 4% (1% аз), ашуланшақтық 2% (1% аз), үрейлену 1% (1% аз), қобалжу 2% (1% аз). АІЖ жағынан: жүректің айнуы 9% (1%), анорексия 1% (1% аз), ауыздың құрғауы 1% (1% аз) диспепсия 1% (1% аз), құсу 2% (1% аз), диарея 1% (1% аз), іштің ауруы 1% (0%).

Плацебо барысында - обсессивті-компульсиялық бұзылыстармен ауыратын науқастарды зерттеулік бақылауда, флувоксаминді 100–300 мг/тәулік мөлшерінде 10 апта қабылдағанда және депрессияда, флувоксаминді осы мөлшерде 6 апта қабылдағанда, жиілігі 1% артық келесі жанама әсерлер байқалған (жақшаның ішінде плацебе тобында кездескен пайыздар көрсетілген): Жүйке жүйесі мен сезім мүшесі жағынан: бастың ауруы 22% (20%), бастың айналуы 11% (6%), астения 14% (6%), ұйқышылдық 22% (8%), ұйқының қашуы 21% (10%), ашуланшақтық 12% (5%), үрейлену 5% (3%), қобалжу 2% (1%), депрессия 2% (1%), ОЖЖ-нің белсендіруі 2% (1%), дірілдеу 5% (1%), дәмнің өзгеруі 3% (1%), амблиопия 3% (2%). Жүрек-тамыр жүйесі мен қан (қанның түзілуі, гемостаз): жүректің соғуы 3% (2%), вазодилатация 3% (1%), артериальды гипертензия 2% (1%). Респираторлы жүйе жағынан: жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы 9% (5%), диспноэ 2% (1%), есінеу 2% (0%). АІЖ мүшелері жағынан: анорексия 6% (2%), ауыздың құрғауы 14% (10%), тістердің зақымдалуы 3% (1%), дисфагия 2% (1%), диспепсия 10% (5%), жүректің айнуы 40% (14%), метеоризм 4% (3%), диарея 11% (7%), іштің қатуы 10% (8%), құсу 5% (2%). Несеп жыныс жолдары жағынан: шәуеттің бұзылуы 8% (1%), либидоның төмендеуі 2%(1%), бедеулік 2% (1%), аноргазмия 2% (0%), жиі несептің бөлінуі 3% (2%), несептің ұсталмауы 1% (0%). Басқада: тұмау тәрізді синдром 3% (2%), қалтырау 2% (1%), тершеңдік 7% (3%).

Саудаға тіркелген атауы:

Милнаципрана гидрохлорид

(Milnacipran)

Шығарылу түрі. Капсулалар 25 мг, 50 мг

Қолдану көрсеткіштері мен мөлшерленуі.

Депрессивті жағдайлар. Ішке (мүмкіндігінше тамақпен бірге), 50 мг-нан тәулігіне 2 реттен, бірнеше ай бойы (емдеу ұзақтығы жеке тағайындалынады).

Кері көрсеткіштері

Жоғары сезімталдық, қуық үсті безінің қатерсіз гиперплазиясы, бір мезгілде МАО баяулатқыштарының А және Б типтерімен бірге қолданғанда, серотониннің, адреналиннің, норадреналиннің қайта нейрональды ұсталуын талдамды баяулатқыштары, клонидин, дигоксин, моклобемид, жүктілік, емшекпен емізу, жас балалар мен жасөспірімдер (15 жасқа дейін).

Сақтандыру.

Бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастарда креатинин клиренсіне байланысты мөлшерін төмендетеді. МАО баяулатқыштары мен милнаципраннің қабылдау арасы екі апталық үзілісті құрайды. Емделу кезінде алкоголь ішімдігін қолдануға болмайды. Емделу кезінде науқастар жоғары көңіл қоюды, тез психикалық және қозғалыс реакцияларын талап ететін потенциальды қауіпті қызмет түрлерімен айналысуға болмайды.

Келесі мәселелі жағдайларда тәуекел мен пайданы салыстырып қарастыру қажет:

Қояншық, дәріге тәуелділік, тұнжыр ой, гипомания, тырысу жағдайлары немесе анамнезенде инфаркт миокарды болуы.

Әрекеттесуі: 1 қосымшаны қара.

Жүктілік: Қолдануға болмайды.

Емшекпен емізу: Емделу кезінде емшекпен емізуді доғару керек.