Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Алмас қылышты ардагер (Ел аузынан)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Бөгенбай батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне, салт-дәстүр, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: Бөгенбай батыр суреті, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ.

Ондай болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Халық қорғаны» мәтіннің мазмұнын әңгімелету. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

Мәтінде қазақ халқының басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Халықты жаудан қорғаған батырдың аты кім? Ақ боз атқа мінген адамды кім дер едің? (Қабанбай батыр) Жоңғар шапқыншылығнан кейін қазақ халқы қандай қасіретке ұшырады? Қаракерей Қабанбай жұрттан не құрды?

ІІІ. Өткенді қорыту: Бұқар жырау кім? Ол кімдер жайлы жырлады? Бұқар жырау Қабанбай батыр жайлы қалай жырлады? Өлеңді жатқа айту.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Өткен сабақта оқылған мәтінді пайдаланып, сызбаны толтыр.

Ү. Жаңа сабақ: Суретпен жұмыс:

Суретте кім бейнеленген?

Оның батыр екенін қайдан білдіңдер?

Атқа мінген адамды кім дер едің? (Бөгенбай батыр)

Суретке ат қой, әңгімеле.

2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының ойын түсіну.

Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болды?

Халықты неге шақырды?

Қалай ойлайсың батырлар буырқанып шықпаса не болар еді?

3.Сөздік жұмыс.(мәміле, тоқырау, уәж, ірігенді ширату, бурқану)

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІІІ. Сабақты қорыту: Халықты жауға қарсы үгіттеген, күш жинаған батырдың аты кім? 2. Сызбаны толтыр. Бұқар жырау Бөгенбай батыр туралы не деді ? Өз сөзіңмен түсіндір. (аттың басын тартпаған, жаудан қайтпаған, қорғасындай балқыған еңбек қылған, сарп қылған бар күшін) 3. Мәтінге сүйеніп, суреттегі батырды сипатта. Екі мәтінді салыстыр.

Халық қорғаны.

Екі мәтіннің ұқсастығы

Алмас қылышты ардагер

батырлар

қазақ батырлар

жоңғар шапқыншылығы

батырлардың әскер құруы

Қабанбай батыр

Бөгенбай батыр

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Бұқар жырау жырын жаттау.

2.бағалау

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Ақжолтай Ағыбай батыр. Марат Әбсемет

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Ақжолтай Ағыбай батыр жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Туған еліне, тарихына деген сүйіспешілігін арттыру, батылдыққа, батырлыққа тәрбиелеу;

Сабақтың типі: аралас

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіріп, баяндау.

Көрнекіңігі: суреттер, пікір ағашы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық.

Тәлім сәтін өткізу: Әрбір ісім: Оқу, ұғу, үйрену.

Әрбір сөзім: Адалдық, шындық, ынтымақ.

Ондай болса сабағымызды ынтымақпен, бірлікпен бастайық

Үй тапсырмасын пысықтау: Бұқар жырау жырын жатқа айту. Халықты жауға қарсы үгіттеген, күш жинаған батырдың аты кім? Суретте кім бейнеленген?

Оның батыр екенін қайдан білдің?

Бөгенбай батыр неше жасында қолбасшы болды?

Халықты неге шақырды?

Қалай ойлайсың, батырлар буырқанып шықпаса не болар еді?

Мәтіннің мазмұнын әңгімелету. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

Үй тапсырмасын пысықтау: Бөгенбай батыр жайлы не білдік? Үлкейгенде сен қандай адам болғың келеді?

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . 3.Өткен сабақта оқылған мәтінді пайдаланып, пікір ағашын толтыр.

ІІІ. Жаңа сабақ: «Алмас қылышты ардагер» мәтінін пайдаланып, пікір ағашындағы сызбаны толтыр. 2. Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы негізгі ойды табу. 3 Мәтінде ел басынан өткен қандай кезең туралы айтылған? Теріп оқу: 1.Патша үкіметінің саясаты қандай еді? Кенесары кім? (Қасым хан ұрпақтар-Кенесары)

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Орыс патшалығының басқыншылығының саясаты қандай еді? Неліктен Ағыбай батырдың есімі Кенесары ханмен қатар айтылады? Қарсы күш жинау неге керек болды? Халық Ағыбай батырды неліктен «Ақжолтай батыр» деп атаған?

Ү. Қорытындылау: Мәтінді қандай бөліктерге бөлуге болады? Ат қой. Басқаша тағы қалай атауға болады?

1.Орыс патшалығының басқыншылығы немесе саясаты.

2.Қарсы күш жинау.

3.Ағыбай батыр.

4. Халықтың Ағыбай батырды бағалауы.

ҮІ. Үйге тапсырма : мәтінді оқу, мазмұнын айту.

Бекітемін:_________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]