Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:----------

Тақырыбы: Әнші Әміре Мұзафар Әлімбаев

Мақсаты: Әміре Қашаубаев өнерімен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту; дұрыс, түсініп оқу дағдыларын жетілдіру; әсемдікке, зеректікке, өнерге деген құштарлығын арттыру.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, түсінідіру, әңгімелеу.

Көрнекілік: арнайы суреттер, сызба.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Құрманғазы мен Дина қай жылы кездесті? Құрманғазы неге налыды,неге қуанды? Динаның ойнаған күйі қалай аталатын? («Көбік шашқан») Құрманғазы Динаға қандай бата берді? Дина атасына қандай ант берді? Оны қалай орындады?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Бұл қай жылы болған? Құрманғазы кім ? Дина ше? Өзің қандай аспапта ойнағың келеді? Әсемдік дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қандай музыкалық аспаптарды білесің? «Кім жылдам?» Топқа бөлініп өнер туралы мақал –мәтелдерді айтудан жарысу.

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Мәтінде Лениногорск қаласы жайлы не айтылған ? Бұл қай жылы еді? Әртістер келгенде қандай жағдайға кезікті? Не болды? Қиындықтан қалай және кім шығарды?

1-топқа

- Суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Әңгімеле.

Жазушы Әміренің сыртқы түрін қалай бейнелеген?

 2-топқа

Лениногорск қаласымен өнер адамдарын байланыстырған қандай оқиға?

- Әнді Әміре қалай айтады?

- Әнді жүрегімен шабыттанып айтады.

Әміре кім? Қай жылы бүкілдүниежүзілік жарысқа қатысты?

 3-топқа

Сол кезде Әмірені мемлекет қайраткері Луначарский: «Қазақ

даласының бұлбұлы» деп атаған.Қазіргі кезде

қазақтың бұлбұлы атанған әншілерді білесіңдер ме?

- Роза Бағланова, Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева.

 4-топқа жіңішке сұрақ.

- Әміренің әнін халық қалай тыңдайды?

- Халық сүйіп тыңдайды.

Мәтіндегі Риддер қаласы туралы не айтылған?

Эссе жазу: «Егер мен әнші болсам!»

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: 1.Мәтіндегі аты аталған өнер адамдары жайлы не білесің? 2. Сызбамен жұмыс. Берілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықта.

Аспанды қақ жарғандай

Тасыған қар суындай

Сеңдей соғылысады

бір сәтте қаптап, ағылып

топырлайды, бір-біріне жол бермейді

күшті, қатты

Мәтінге сүйені, сызбаның сол жақ бөлігіндегі тіркестерге қатысты сөздерді ата. (әлуетті үн саңқ етті. Әр тараптан халық клубқа қарай ағылды-ай келіп. Келген жұрт клубқа сыймай.)

ҮІІ. Қорыту: Суретпен жұмыс. Зер салып қара. Мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Жоғарыдағы сызбаның сол бөлігіндегі сөздерді пайдаланып әңгімеле.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, көкшіл түспен берілген сөздердің мағынасын сөздіктерге қарап біліп кел.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]