Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Тақырыбы: Бесік жыры. («Бесік жыры» кітабынан)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қазақ салт-дәстүрі және атадан келе жатқан ауыз әдебиетінің бір түрі бесік жыры жайлы түсінік беру, мәнерлеп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Ананы қадірлеу, сыйлауға, салт-дәстүрді жалғастыра білуге тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, мәнерлеп оқу,әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Қазақ ауыз әдебиетіне қандай шығармалар жатады?

1,2 кластарда осы жайлы қандай тақырыптар өтіп едік? («Атадан қалған асыл мұра» атты бөлімнен: ертегілер, жырлар, аңыздар, мысалдар, жұмбақ, мақал-мәтелдер, шешен сөздер, асыл көркем сөздер, ...)

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе.

Қазақ халқының салт-дәстүрі бойынша жас туылған баласын бесікке салған. Таза, әрі жайлы болады деп есептеген. Ұрпағын дәріптеген қазақ, жас баласын бес жасқа дейін атасындай (құдайындай) сыйлап, тек демей өсірген. Сонда , балапанын мәпелеген ана, баласын бесік жырын айту арқылы жұбатқан.

2. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқу. Әр шумағын талдау. Не жайлы айтылған? деген сұраққа жауап беру.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Анасы баласын қалай жұбатқан?

Ол баласына жақсы көру сезімін қалай жеткізген?

Анасы баласына деген тілегін қай жолдарда айтады?

Баласының үлкейіп, адам болуын армандаған шумақтардан не байқадың? Анасы баласының кім болғанын қалайды?

Сенің кім болғың келеді?

Санамалап дәптеріңе жазып ал. (жылқышы, батыр, ұста, шешен, балуан, ғалым)

ҮІІ. Бекіту. Бүгінгі сабақта не жайлы білдік?

Өлең неге «Бесік жыры» деп аталған?

«Көп қиыннан өтерсің» дегенді қалай түсінесің?

Қазақ баланың тұсауын кескен. Ол жайлы не білесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мәнерлеп оқу, өзіңе ұнаған шумағын жаттап ал, мазмұнын әңгімеле.

2.бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Тақырыбы: Төрт түлік туралы жырлар.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Төрт түліктің төлдері құлын, ботақан, қошақан, бұзауқан өлеңдері туралы түсінік беру;

  2. Дамытушылық: Шапшаң мәнерлеп оқуға дағдыландыру; тілін сөздік қорларын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу.

Көрнекілігі: төрт түлік суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді мәнерлеп оқу, жатқа айту. Анасы баласын қалай жұбатқан? Жақсы көру сезімін қалай жеткізген? Анасы баласына деген тілегін қай жолдарда айтады? Баласының үлкейіп, адам болуын армандаған шумақтардан не байқадың? Анасы баласының кім болғанын қалайды? Санамалап айтып көрші? Сенің кім болғың келеді?

Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Білімдерін тексеру: «Көп қиыннан өтерсің» дегенді қалай түсінесің? Қазақ баланың тұсауын кескен. Оның неше түрі бар? Ол жайлы не білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Кіріспе әңгіме төрт түлік туралы. Қандай үй жануарларын білесіңдер? Пайдасы қандай?

Ү. Жаңа сабақ. Торы құлын, сиыр, қой, ешкі жайлы өлеңді оқу, талдау, суретін көрсету, таныстыру.Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу, тізбектей оқу, қайталанып тұрған сөздерді табу. Қимыл-әрекетін білдірген сөзді табу.

Сөздік жұмыс: (жағы-қалақтай, оқыра, сәйгел, мөңкіген, жөңкіген, қақтаған, қалақтай, бұлақтай, жасқаған) мағынасын талдау.

Түйенің, қойдың, ешкінің, сиырдың төлін қалай атайды?

Сүтін ше?

Пайдасы қандай?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Өлеңде қандай төлдер жырланған? Қылықтары туралы не дейді? Төлдерді қалай шақырады?

Төрт түлік туралы мақал-мәтелдер.

  1. Мал өсірсең қой өсір

Өнімі оның көл көсір.

Қойдың сүті қорғасын

Қойды ұрған оңбасын

  1. Нар жолында жүк қалмас.

  2. Бақырауық демесің,

Бағалы көлік түйе

Жұмбақ шешу:

Иір-иір денесі

Сахараның кемесі

Ашы шөптер тамағы

Шөлге шыдап бағады (түйе)

ҮІІ. Бекіту: Өлеңде қандай төлдер жырланған?

Қылықтары туралы не дейді?

Төлдерді қалай шақырады?

Төрт түлікті қалай күтеміз?

Төрт түліктің пайдасы?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Ұнаған өлеңді жаттау, суреттерін салу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]