Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

С

Егін жинау

ергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ. Қорыту: Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Пікіріңді дәлелде

Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің?

Өз бетіңше ереже құрастыр және соны сақтауға әдеттен:

Нанды құрметтеу ережесі

1………. 2………. 3…………

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

ҮІІ.Үйге тапсырма. Оқу, әңгімелеу, №7 тапсырма. Бағалау

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Қатқан нан

Мақсаты:

  1. Білімділік: Қатқан нан мәтіні жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Нанды қадірлеуге, кісі еңбегін сыйлауға тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер.

Түрі: аралас

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Комбайыншы» өлеңін жатқа сұрау.

Өлеңді мәнерлеп жатқа айттырып. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Білімдерін тексеру. Дүниедегі ең дәмді ас қандай тағам деп ойлайсың? Нанды құрметтеуге байланысты қандай әдептілік ережесін білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ү. Жаңа сабақ. 1.Оқулықпен жұмыс,іштей оқу, тізбектей оқу. Қатқан нан жайлы әңгімелеу.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Нан туралы тақырып осы бөлімде неге берілген деп ойлайсың? Нан қалай біздің дастарханға келеді, ретімен айтып көр.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІІ. Бекіту. «Нансыз өмір жоқ» дегенді қалай түсінесің? «Нан туралы мақал-мәтел».

Нанды құрметтеу ережесі

1………. 2………. 3…………

Нан қоқымын шашпаңдар

Жерде жатса баспаңдар

Теріп алып қастерлеп

Торғайларға тастаңдар.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:1. жаттау, түсініп оқы. 2.бағалау.

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

ІІІ бөлім. «Туған елім, туған жерім»

Сабақтың тақырыбы: Астана- бас қала

Сабақтың мақсаты:

  1. Білмділік: Қазақстан астанасы Астана қаласы жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Елін сүюге, байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу,ойын

Көрнекілігі: мазмұнды суреттер, Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Мақсат қою кезеңі.Тақырыбын, мақсатын хабарлау. 1. Суретпен жұмыс. Өлеңді жатқа айту.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1.Мәтінді түсініп оқу. Ат қою, бөліктерге бөліп оқу. 2. Сөздік жұмыс. 3. Мәтінде не туралы айтылған? Жер-су, кісі аттары қалай жазылған? 3. Дәптермен жұмыс.

Топтап жаз.

І – топ: Таулары: Алатау, Қаратау, Тарбағатай, Шолақ тауы, Айтау тауы, Мұғалжар тауы, Қазғұрт, Сарыарқа, Маңғыстау, Алтай, Тянь-Шань, Жоңғар алатауы.

ІІ – топ: Көлдері: Балқаш, Жайсаң, Алакөл, Сасықкөл, Каспий теңізі, Балықтыкөл, Марқакөл, Бұқтырма көлі.

ІІІ– топ: Ағаштары:Қарағаш, Тянь-Шаньдық шырша, Арша ағашы(денсаулық ағашы), Торанғы (шөл даланың падишасы).

ІҮ– топ: Кен байлықтары:Мұнай мен табиғи газ, қоңыр көмір,темір, қара металл, мыс(түсті метал), сынап, алтын, күміс, полиметалл, уран, ас тұзы, минералды су көзі.

Ү – топ: Атақты адамдары:Бауыржан Момышұлы, Жамбыл Жабаев, Абай Құнанбаев т.б

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Қазақстанның тағы қандай байлықтары мен құрылыстарын білесің? Медеу, Хан –шатыры, Ақ-орда.

Астана қаласында қандай көрнекі жерлер бар? Суреттер топтамасы бойынша әңгімелеп айт.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

Ү. Бекіту кезеңі: Қорытындылау. Қ.Р. орталығы қай қала? Сен Астана қаласына бардың ба? Барсаң онда не көрдің? Әңгімелеп көр.

ҮІ. Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Мәтінді оқу, мағынасы жақын сөздерді тауып көр. 2.Бағалау

Бекітемін:_________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]