Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

2.Бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Тақырыбы: Ертегілер. Ажалдан құтқарған асыл сөз

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып,өз сөздерімен әңгімелей білуге,ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту;

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, ойлап сөйлеуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау,әңгімелеу

Көрнекілік: жануарлар суреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Балалардың өзіне ұнаған шумақтарын жатқа сұрау. Өлеңде қандай төлдер туралы жырланған? Қылықтары туралы не дейді? Төлдерді қалай шақырады? Төрт түлікті қалай күтеміз? Төрт түліктің пайдасы?

Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Өткенді қорыту: Өздерің салған суреттерің жайлы әңгімелеп беріңдер? Неге салдың? Ол төл саған неге ұнайды? Несімен? Төлдер жайлы қандай жұмбақтар білесің? (Кішкентай ғана бойы бар, Айналдырып киген тоны бар.(қой). Иір-иір денесі, сахараның кемесі. Ащы шөптер-тамағы, шөлге шыдап бағады. (түйе) т.с.с.)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ертегі қандай әдебиет түріне жатады? Оның қандай түрлері болады?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі кімдер жайлы? Кейіпкерлерін ата.

Мәтіннен қойшының жауаптарын теріп оқы. Сөздеріне мән бер.

Қойшыны ажалдан құтқарған не?

Ол қандай хикая айтып берді?

Мәтін неліктен «Ажалдан құтқарған асыл сөз» деп аталған?

Басқаша қалай атауға болады?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Мәтінді төмендегідей бөліктерге бөліп, шегін тауып оқы және әңгімеле.

  1. Шөл қысқан хан шеруі (Ерте кезде бір хан шеру ...)

  2. Қойшы мен шабармандар (Шапқыншылар адырдың ...)

  3. Ханның әмірі ( Шақыртқанда неге келмейсің, ...)

  4. Сұңқар мен шөже торғай хикаясы ( - Тақсыр, хан, дат! – дейді. ...)

  5. Ханның сөзден жеңілуі (Хан райынан қайтып, қойшыны ...)

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Кімдер жайлы әңгімеледік?

Саған ертегі ұнады ма? Несімен?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу.

2.бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]