Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

ҮІІ бөлім. Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Тақырыбы: Қасым Аманжолов. Көктем Қ. Мұқышев. Көктем

Мақсаты:

  1. Білімділік: Көктем өлеңді мәнерлеп оқып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру;

  2. Дамытушылық: Еркін сөйлей білуге үйрету , сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Қоршаған орта табиғатын қорғай, зерттей білуге баулу сөздік қорларын дамыту; әсемдікті қадірлеуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру.

Көрнекілігі: аңдар суреттері, сызба.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Көктем сәні ертегісін ролге бөліп оқу, мәтін бойынша сахналық қойылым, сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Білімдерін тексеру: Саған көктем мезгілі ұнай ма? Несімен?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

1. Қазір  қай  мезгіл? (Қыс  мезгілінің  соңғы  күндері)

2. Қыс  мезгілінен  кейін  қандай  мезгіл  келеді? (Көктем)

3. Көктем мезгілі несімен ерекшеленеді? (Ауа райымен, табиғатымен,    мерекелермен)

4. Көктем  айларын  ата? (Наурыз, сәуір, мамыр)

Ү. Жаңа сабақ: Қабыкен Мұқышевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп, іштей, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу. Өлеңде не жайлы айтылған екен? «Жуып жердің омырауын» тіркесінің мағынасын түсіндір. «Дегдіді» сөзіне мағыналас сөздерді тап. (кепті). Гүлдің түсін білдіріп тұрған сөздерді тауып оқы.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

1.Көктем келбеті ақын тілімен қалай суреттелінген?

Бұлақ туралы не делінген?

Өзен туралы ше?

Көктемгі жаңбырды сипатта.

Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады?

Ол туралы ақын не дейді?

Осы өлеңдер бойынша қандай сурет салар едің?

ҮІІ. Қорыту: Бүгін қандай тақырыптар өттік?

Көктемде қандай өзгерістер болады екен?

Осы өлең бойынша сурет салып көр.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Қалаған өлеңіңді жатта.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

ҮІІ бөлім. Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Тақырыбы: Қош келдің, Наурыз! Міржақып Дулатов

Мақсаты:

  1. Білімділік: Наурыз мерекесі жайлы айта келе, табиғаттың сұлулығы, оның құдіреттілігі, әсемдігі жайлы түсінік беру;

  2. Дамытушылық: Түсініп оқуға, еркін әсерлей сөйлеуге баулу, сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Табиғатты қорғай, зерттей білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, әшекейлер

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді жатқа айту. Көктемде қандай өзгерістер болады екен? Балалар не істеді? Саған көктем мезгілі ұнай ма? Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Оқушының үйден салған суреттеріне талдау жасау. Көктем мезгілінде қанша ай бар?

Көктем мезгіліндегі табиғаттағы өзгерістерді айт.

Көктемде қандай жұмыстар істелінеді?

Сенің жанұяң қандай көктемгі істер істеді?

Көктем мезгіліне деген сенің көңіл күйің?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Наурыз мерекесі қашан болады? Ол қандай мереке? Сенің тұратын жеріңде Наурыз мерекесі қалай тойланады?

Ү. Жаңа сабақ: кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. мәтінді қайталап оқу. Сөздік жұмыс. (байлаулы, деуге сыяды, тіршіліктің негізі, мал тойынады.) Мәтінге сүйеніп «Наурыз- ұлттық мейрам» деген тақырыпта топ алдында сөйлеуге дайындал. Ол үшін: жоспар бойынша тапсырманы орында.

1. Жоспар құр. 2.Іштей не сөйлейтініңді сол жоспарға сәйкес ретте. 3. Сөйлейтін сөзіңді есіңе сақта. 4. Түсінікті тілмен, әдемі қимылмен ойыңды толық әңгімелеп бер.

ҮІ. Түсінгендерін сұрау:

Ұлттық қандай мейрамдар болады?

Наурыз мейрамы ше?

Оны бізден басқа қандай елдер тойлайды?

Қашан? Қашан құт, қашан жұт болдатынын халық қалай болжаған?

Қазақ малы үшін не істеген ?

Қандай әрекеттерге барған?

Халық тіршілігін қалай түрлендіре білген?

Бүгінгі күні Наурыз мерекесін қалай мерекелейді?

Наурыз мерекесінің ең негізгі тағамы не?

Ол қалай жасалады? Әңгімелеп көр.

ҮІІ. Бекіту. «Тіршіліктің арқауы алдыменен-тамақ. Дүние жаратылғаннан бері, жанды-жансыздың бәрінің талас-тартысы, шынын айтқанда, тамақ үшін» деген жолдардағы ойды әр қарай жалғастырып көр. Сенің пікірің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу,түсінгенін әңгімелеу.

Бағалау

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

ҮІІ бөлім. Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Сабақтың тақырыбы: Ер еңбекте сыналады. Жекен Жұмаханов

Мақсаты:

  1. Білімділік: Мәтінді мәнерлеп оқуға, мазмұнын айта білуге дағдыландыру;

  2. Дамытушылық: Сөйлеу дағдысын, тіл байлықтарын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, мамандық таңдай білуге, адамгершілікке, ойын өрбіте білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілік: оқулық, сюжетті суреттер.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ұлттық қандай мейрамдар болады?

Наурыз мейрамы ше?

Оны бізден басқа қандай елдер тойлайды?

Қашан? Қашан құт, қашан жұт болатынын халық қалай болжаған?

Қазақ өзінің малы үшін не істеген ?

Қандай әрекеттерге барған?

Халық тіршілігін қалай түрлендіре білген?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Бүгінгі күні Наурыз мерекесін қалай мерекелейміз? Наурыз мерекесінің ең негізгі тағамы не?

Ол қалай жасалады?

Өзің қалай Наурыз мерекесін тойлайсың?

Несімен есте қалады?

Сендерге Наурыз мерекесі ұнайды ма?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Саған құрылысшы мамандығы ұнай ма?

Олар не істейді?

Жұмбақты шешіп көр

«Топырақты асаймын, тауда, сайда жасаймын»

бұл не? (экскаватор).

Экскаватормен не істейді? Өзің көрдің бе?

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Әр азат жолды түсініп оқып, мәніне көңіл бөлу. Рөлге бөліп оқу.

Құрылыста адам көппе? Адамға не көмекке келеді? Ол машиналардың атын білесің бе? Мәтіндегі машиналардың айтысы немен бітті? Келекетіп күлген машинаның күні не болды? Енді машина кранға күлетін болды ма? Осы жерде қандай мақал бар еді? (Күлме досқа, келер басқа. т.б...). Кран машинаға қандай ескерту айтты? Мәтін қандай мақалмен аяқталған екен? («Ер еңбекте сыналады.») Сенің пікірің?

ҮІ. Түсінгендерін сұрау: Берілген суреттер топтамасын пайдаланып, мәтін бойынша мультфильм жаса. Тағы қандай кадр қосар едің? Қатысушы кейіпкерлердің сөздерін дайында.

ҮІІ. Бекіту: Бүгінгі сабақта қандай тақырып өттік? Мәтін не жайлы екен? «Ер еңбекте сыналады» дегенді қалай түсінесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: түсініп оқу, мазмұндау.

Бағалау

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]