Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі: 14.05.2015

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Тақырыбы: Шешендік сөздер. Абылай хан. (Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға сөз шебері жас бала Жақсы Жанайдар, Абылай хан және Бұхар хан жайлы айта отырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Шыншылдыққа,батылдыққа және сөз мағынасының астарын таба білуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілігі: Абылай хан суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Әз Жәнібек пен Жиренше шешен не жайлы әңгімелесті. Шешеннің баласы қандай ақылдылық көрсетті? Ол әкесінің айтқанын орындады ма? Шешеннің баласы қандай тапқырлық көрсетті? Әз Жәнібек шешеннің баласына қандай құрмет көрсетті?

«Әке мен бала» әңгімесінде әкесі баласына қандай ақыл айтты? Баласы әкесінің тілін алды ма? Әкесі оған қандай мақал айтты?

Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Жақсыдан жаман туар ма?» дегенді қалай түсінесің?

«Әке балаға сыншы» дегенді қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

3. Абылай хан туралы не білесің? Оның суретіне қарап мінездеме беріп көрші? Ол қандай адам деп ойлайсың?

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу.

Жанайдар қай заманда өмір сүрген?

Бұхар ханы Абылайға не үшін елші жіберген?

Абылай Бұхар ханның сөзінің мәнісін түсіндіріп беруді кімге тапсырды? (Күлік Жәнке батыр биге кісі жіберген. Жәнке батыр оған , он төрт жастағы Күнту баласы Жанайдарды жібереді.)

Сол сөздің мәнісі не екен? (тұз).

Абылай Бұхар ханның өтінішін қалай орындады?

Бұхар ханы қырық биге қандай қандай сұрақ берді?

Олардың жауабына Бұхар ханның риза болмағанын қайдан байқадың? Жанайдар Абылайды неліктен Бұхар ханынан артық деп бағалады? Абылайдың отырған жерін неге артық деді?

Бұхар ханы бала жауабына риза болғанын неден байқадың? (қырық биге сыйлағаны жалғыз балаға бергеніне тең болыпты)

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтін неге «Абылай хан» деп аталған? «Май қатығы не?» деген жұмбақты Жанайдардың шешкен жауабын тауып оқы, жаттап ал. Басқа да жұмбақтарды тап, мағынасына мән бер.

ҮІІ. Қорыту:Бүгінгі сабақтан кімдер жайлы білдік? Жанайдарды неге үйге отырғызбайды екен? Сендер өздеріңе қандай әсер алдыңдар? Сендердің араларыңда осындай балалар бар ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: .Мәтінді оқы, түсінгеніңді әңгімеле. Бағалау

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]