Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Үііі тарау. Табиғат-менің өз үйім.

Тақырыбы: Қайрымдылық. Мағзұм Сүндетов

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қайрымдылық,мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, сөздік жазылған плакат,суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Әңгіме қалай аталған? («Торғай»). Неге торғайдың жан ұшырып шырылдап жүрді. Неге торғай жерге құлап түсті? Оған кім көмекке келді? Есін жиған торғай не істеді? Ақбілектің есіне қандай ойлар келді. Ақбілек неге қуанды?

ІІ.Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен Ақбілектің орнында болсаң не істер едің? Жылан жайында өзің естіген қандай оқиғалар білесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың тазалық керек пе? Ол не үшін керек?

Ү. Жаңа сабақ: 1.2. Оқулықпен жұмыс. Мағзұм Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесін түсініп оқу. Жалғастырып тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Бәкене- аласа. Қақ- іркіліп қалған жауын суы. 3. Бала Мұхтар киімін қалай ұстайтын? Анасы қандай ескерту айтатын? Мұғалім класс алдында Мұхтар жайлы не деді? Үйіне қайтқанда ол қандай оқиға куәсі болды. Ол не істеді? Неге Мұхтар қуанды? Балалардың әрекеті дұрыс па? Мұхтар неге ұялды? Апасы не деді? Мұхтарға апасының несі ұнады?

  1. Неліктен Мұхтардың киімі лас болды?

Себебі: Ол қақтың ішіндегі күшікті құтқарды.

  1. Күшікті не үшін құтқарды?

Күшікке балалар тас атып, ол жан ұшырып, үрейленіп, аянышты халде еді.

  1. Неге анасы ұрыспады?

Себебі: Баласының қайрымдылығына риза еді

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Егер сен Мұхтардың орнында болсаң не істер едің?

Венн диаграммасы арқылы адамның жаман және жақсы қасиеттерін салыстыр.

Жаман қасиет Ұқсастығы Жақсы қасиет

Т

Қайырымдылық

ақырыптың басты идеясын тірек сызба түрінде беріп, бос орындарға тиісті сөздерді қой.

Жақсылық жасау, қорғау, ізгілікті іс, көмектесу.

Еңбекқор, мейірімді, ақылды, тәртіпті, кішіпейіл.

4) Тақырыптың басты идеясы неде?

А) Екеуіде адамға ортақ қасиет: жаман, жақсы.

Б) Қайрымдылық – жақсылық жасау, қорғау, ізгілікті іс, көмектесу.

ҮІІ .Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Қайырымдылық деген не? Қайырымдылыққа тағы не жатады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, мазмұнын айту.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]