Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Тақырыбы: Алтын балта

Мақсаты: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту, оқушыларды адалдыққа, адамгершілікке, қанағатшылдыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас. Әдісі: сұрақ-жауап, іздену,әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер,сызба

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Қанағат, нысап деген сөздер жайлы естігенің бар ма? Олар жайлы не білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі кімдер жайлы? Кейіпкерлерін ата. Неліктен «Алтын балта» деп атаған деп ойлайсың? Ертегідегі жасыл түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт. Қара түспен ерекшеленген сөздерді теріп оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты? Сипаттап айт.

ІҮ. Түсінгендерін тексеру: Ертегіден көңіліңе не түйдің? Кедей кімнен балта алды? Не істеді? Балтаға не болды? Кедей диірменшіден не деп жалынды? Диірменші не істеді? Диірменші кедейге қандай жан екенсің деді? (дүниеқоңыз емес, ақ пейіл, адал жан екенсің) . Ал, байға не деді? ( Қоя тұр, құлқыны тоймаған қу неме!)

Ү. Бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Қанағатшылдық, нысап деген не екен? Берілген күн сәулелерін ертегі кейіпкерлерімен ата.(Кедей, диірменші, бай). Күннің әрбір сәулесін қандай бояумен бояр едің? Неге?

ҮІ. Үйге тапсырма: оқып, түсінгенін әңгімелеу. 2. бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Тақырыбы: Құмырсқаның қанағаты

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету,

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, қиялын дамыту, дүниетанымын кеңейту,

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды нысапшылдыққа, ойлап сөйлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, әңгімелеу.

Көрнекілігі: Құмырсқа суреті

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ертегі кімдер жайлы? Кейіпкерлерін ата. Неліктен «Алтын балта» деп атаған деп ойлайсың? Кедей кімнен балта алды? Не істеді? Балтаға не болды? Кедей диірменшіден не деп жалынды? Диірменші не істеді?

ІІІ. Өткенді қорыту: Қорыта келгенде, диірменші кедейге қандай жан екенсің деді? (дүниеқоңыз емес, ақ пейіл, адал жан екенсің) . Ал, байға не деді? ( Қоя тұр, құлқыны тоймаған қу неме!). Ертегіден көңіліңе не түйдің? Сенің пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі кім және не жайлы?

Кейіпкерлерін ата. (ғалым, құмырсқа)

Олай болса, оқыған ертегіні пайдаланып, құмырсқаны сипатта. (нысапты). Ғалым қандай адам еді?

Ғалым құмырсқаға қандай сұрақ қойды?

Құмырсқа не деп жауап берді?

Жауабын тыңдаған ғалым не деді? (Ақылың мен қайратың көп екен. Енді қанағатың қандай екенін білейін, ...)

Сені қоршаған адамдардың арасында осындай мінез-сипаттағы адамдар бар ма?

Оларға сенің көзқарасың?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ Сабақты қорыту:

Қорыта келгенде, қалай ойлайсың, құмырсқа қандай жәндік?

Неге құмырсқа дәнді жеп бітірмеді?

Оның бір жылдан кейінгі жағдайы қандай болды?

Неге бидайды тауыспапты?

Құмырсқаның жауабы?

Бұл жауаптан қандай шешімге келуге болады?

Сенің бойыңда осы аталған мінез сипаттары бар ма?

Тағы қандай жақсы мінездерің бар?

Жаман қылығың бар ма?

Сабақты бекіту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Құмырсқадан нені үйрендік?

ҮІІ. Үйге тапсырма: Оқу, әңгімелеу

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]