Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Тақырыбы: Қарлығаштың құйрығы неге айыр.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың ертегіні түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге баға беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту,

  3. Тәрбиелік: Оқушыларды қайырымдылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіріп, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Ертегі не жайлы еді?

Ғалым қандай адам?

Ғалым құмырсқаға қандай сұрақ қойды?

Құмырсқа не деп жауап берді?

Жауабын тыңдаған ғалым не деді?

Неге құмырсқа дәнді жеп бітірмеді?

Оның бір жылдан кейінгі жағдайы қандай болды?

Неге бидайды тауыспапты?

Құмырсқаның жауабы?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Құмырсқа қандай жәндік? Өз сөзіңмен құмырсқаны сипаттап көр. Өз басыңа құмырсқадан қандай үлгі алдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . 3.Қандай құстарды білесің? Қарлығаш қандай құс?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Ертегіні түсініп, жалғастырып оқу. Ертегі не жайлы?

Кейіпкерлерін ата. (Айдаһар, Түлкі, Маса, Қарлығаш).

Ауруға ұшыраған Айдаһардың хәлін суреттеген жерді мәтіннен тауып оқы. Түлкінің қандай өнері бар еді?

Масаның зұлымдығын көрсеткен тұсты оқы.

Маса қандай жануарлардың қанын татты?

Неге баланың қанын сорды?

Қарлығаш нені аңсаған құс еді?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Маса, Қарлығаш, Айдаһар – үшеуінің айқасқан көрінісін қарасөзбен әңгімеле. Осы мәтін бойынша суретті фильм жасап көр. Берілген суреттерді пайдалан. Тағы қандай суреттер жетпейді? (баланың, үшеуінің айқасының т.б.)

ҮІІ. Қорытындылау: Бүгінгі сабақтан не білдік?

Қарлығаш қандай құс?

Ол адамға кім?

Саған суретті фильм ұнады ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма : ертегіні оқу, мазмұнын айту.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Тақырыбы: Қарлығаш пен Шөже торғай (мысал)

Мақсаты: Оқушылардың мысалды түсініп оқып, өз сөздерімен әңгімелей білуге, ондағы кейіпкерлерге мінездеме беруге, өзіндік пікір айтуға үйрету; сөздік қорын байыту, қиялын дамыту; дүниетанымын кеңейту, оқушыларды ұстамдылыққа, сабырлыққа, өзін-өз түсіне, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: . Ертегі не жайлы? Кейіпкерлерін ата. Ауруға ұшыраған Айдаһардың халі қандай еді? Түлкінің қандай өнері бар еді? Масаның мінезі қандай? Маса қандай жануарлардың қанын татты? Неге баланың қанын сорды? Қарлығаш нені аңсаған құс еді? Ол адам баласы үшін қандай күреске түсті? Ол адамға кім деп ойлайсың?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Достық туралы қандай мақал-мәтел білесің? Достық

- ардың ісі. (Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды. Дос жылатып айтар, Дұшпан күлдіріп айтар.)

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. 3.Ұстамды, шыдамды адам деп қандай адамдарды айтамыз? Саған ондай адамдар ұнай ма?

ҮІ.Жаңа сабақ: оқулықпен жұмыс. Мысалды жалғастырып, түсініп оқу. Шөже мен Қарлығаштың әңгімесін мәтіннен тауып оқы. Шөже Қарлығаштан не сұрағысы келді? Қарлығаш оның сұрағына қалай жауап берді? Шөже торғайға өзінің мінезі өзіне ұнай ма екен?

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтінді рөлге бөліп оқу. Шөже торғайға қандай мінездеме бересің? Қарлығашқа ше? Қалай ойлайсың, осындай мінезді адамдар болама? Жеңілтек мінезден пайда бар ма?

ҮІІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік? Қандай мінез болған жақсы екен? Неге мысал деп аталған деп ойлайсың? Өзіңе не алдың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: мысалды түсініп оқу, әңгімелеу. Бағалау.

№ 122. Тақырыбы: Мазмұндама «Балаларын шомылдырған аю»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі:жазбаша бақылау.Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Күн өте ыстық еді. Аңшы өзен бойымен жағалап бара жатты. Ағаш арасынан бір нәрсе салдыр- гүлдір етті. Аңшы қорқып, ағаш басына шықты. Қараса, аю келе жатыр екен. Жанында екі қонжығы бар. Балалары енесіне еркелеп келеді. Аю өзеннің жанына келіп, балаларының біреуін жауырынынан тістеді де, суға сүңгітіп алды. Қонжық аяқтарын тырбаңдатып жұлқынады, барылдап бақырады. Бірақ енесі оны босатпады, тағы бір-екі рет суға сүңгітіп алды. Мұны көрген екінші баласы орманға қарай қаша жөнелді. Бірақ енесі мұны ұстап алып, суға сүңгітіп шығарды. Салқын суға шомылып шыққаннан кейін, аюдың балалары сергіп кетті. Олар қатты-қатты сілкінді де, енелерімен бірге орманға кірді. Аңшы балаларын тәрбиелеп жүрген аюға қызыға қарады.

Мазмұндау жоспары:

1.Аңшы қайда келе жатыр еді? 2. Аю балаларын қалай шомылдырды? 3.Суға шомылған қонжықтардың көңіл-күйі қандай болды? 4.Аңшы неге қызықты?

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Аю балаларын қалай шомылдырады екен? Сен шомылғанда не істейсің?

Ү. Үйге тапсырма: Өткенді қайталау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]