Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Үііі тарау. Табиғат-менің өз үйім.

Тақырыбы: Киіктің айласы. Әуелбек Қоңыратбаев

Мақсаты:

  1. Білімділік: Мәтінді түсініп оқуға, мәтіннің негізгі ойын табуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Тілін , дұрыс сөйлеу қабілетін, ой өрісін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Ақылдылыққа, ойланып іс-әрекет істеуге тәрбиелеу; адамгершілікке баулу.

Сабақтың түрі : аралас.

Көрнекілігі: оқулық, сурет.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Бала Мұхтар киімін қалай ұстайтын? Анасы қандай ескерту айтатын? Мұғалім класс алдында Мұхтар жайлы не деді? Үйіне қайтқанда ол қандай оқиға куәсі болды. Ол не істеді? Неге Мұхтар қуанды? Балалардың әрекеті дұрыс па? Мұхтар неге ұялды? Апасы не деді? Мұхтарға апасының несі ұнады?

ІІІ. Өткенді пысықтау: Мұхтардың іс-әрекетіне баға бер. Қайырымдылық деген не? Қайырымдылыққа тағы не жатады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар кім біледі киіктің баласын қалай атайды? Киікті қай жерден көрдің?

Ү. Жаңа сабақ. Кітаппен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу.Әр жабайы аң мен жануарлар жауларынан қалай сақтанады екен? Киіктер лақтарымен суатқа келгенде, оларды нелер күтіп тұрған? Сонда ақсақ теке қандай айла ойлап тапты? Шынында да теке ақсақ па екен? Неге олай істеді деп ойлайсың? (Үйірін, қатаймаған лақтарын аман сақтау үшін өтірік ақсап, айла етті. Қасқырларды басқа жаққа адастырып әкетті.) Ақбөкен қандай жануар екен? Ол туралы не білесің?

Сұрақтарға жауап бер:Мәтінде жыл мезгілінің қайсысы суреттелген?

Ж:Мәтінде күз айы суреттелген.

Киіктер қайда келді?

Ж: Киіктер суатқа келді.

Тал тасасында нелер отырды.

Ж:Тал тасасында қасқырлар отырды.

Проблемалы сұрақ Әрбір аңның не жануардың қорғанатын несі болады?

Әрбір аң мен жануардың қорғанатын қару –құралы және айла-тәсілі болады.

ҮІ. Білімдерін тексеру: Аң мен жануарлардың жауларынан сақтанатын қару-құралын, айла- тәсілін ата. (қасқырдың қаруы- тіс, қабанның қаруы-азу, Ақбөкен-аяғымен.) «Таяқ сілтем жер» тіркесіндегі «таяқ сілтем» сөзін басқаша айтып көр. (жақын, алыс емес,...) «Діңкесі құрыған» тіркесінің мағыналас қатарын тап. (шаршаған, әлсіреген,талған, ...)

Венн диаграммасы арқылы үй құстарын және жабайы құстарды салыстыр

Киік Ұқсастығы Касқыр

4) Тақырыптың басты идеясы неде?

А) Ақбөкеннің айла-тәсілінің өткірлігінде.

Б) Адамға еш зияны жоқ , табиғатта шөп жеп қоректенеді.

Сұраққа жауап бере отырып, түсіндір.

Киікті қазақтар киелі жануар дейді, бірақ олардың саны шамадан тыс азайып бара жатыр.Сен қалай ойлайсың осы дұрыс па?

Табиғаттың әрбәр бөлігін сақтап қалу міндетіміз.Бұл киіктер Қазақстанның «Қызыл кітабына » енген және қорықтар мен табиғи парктерде көбейтуге жол салынған. Осы бағытты әрі қарай дамыту қажет.

ҮІІ Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Әңгіме нелер жайлы екен? Ақсақ киіктің ақылдылығын көрсететін тұсты тағы бір оқып шық. Суретпен жұмыс. Суретке зер сал. Мәтінге сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.

ҮІІІ Үйден: 1. Оқу, әңгімелеу; Табиғаттағы аң-құстардың тіршілігі туралы әңгімеле.

  1. Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]