Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі: 12.05.2015

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Сабақтың тақырыбы: Жиреншенің баласы. Әке мен бала.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Жиренше шешен мен Әз Жәнібек жайлы, Әке мен бала мәтінінің түсінігін айта келіп, қазақ халқының өмірімен таныстыру, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойлау, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Елінің тарихын, өткенін сыйлауға тәрбиелеу;

Сабақтың типі: аралас.

Әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіріп, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Қасқыр хан қандай адам еді? Оның ойына не түсті? Кімді шақыртты? Алдар болса оған қандай әңгіме айтып берді? Сөйтіп, Қасқыр хан Алдардан қалай жеңілді ? Жеңілген Қасқыр хан Алдарға не істеді?

Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Алдаркөсе жайлы тағы қандай әңгіме оқыдың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық . Жиренше шешен жайлы не білесің?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен Әз Жәнібектің және Жиренше шешеннің сөзін тауып оқы. Шешеннің баласы қандай ақылдылық көрсетті? Ол әкесінің айтқанын орындады ма? Шешеннің баласы қандай тапқырлық көрсетті? Әз Жәнібек шешеннің баласына қандай құрмет көрсетті?

Мәтінді түсініп оқу. Әкесі баласына қандай ақыл айтты? Баласы әкесінің тілін алды ма? Әкесі оған қандай мақал айтты? Сен ол мақалды қалай түсінесің?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: «Жақсыдан жаман туар ма?» дегенді қалай түсінесің? Халықта тағы қандай сөз бар? ( Шешеннің сөзі- мерген, Шебердің көзі – мерген; Асыл тастан шығар, Өнер жастан шығар; Ұстаздан шәкірт озар; ...).Оны қалай түсінесің?

Таудан аққан тас бұлақ

Құймай қоймас теңізге.

Жақсы әкеден туған ұл,

Қанша жаман десең де,

Тартпай қалмас негізге,-

Мәтіндегі нақыл сөзді тауып оқы. «Білгеннің тілін алмасаң, білместігің көрінер». Мәтіннің осы нақыл сөзге құрылғанын дәлелде.

ҮІІ.Қорыту: Бүгінгі сабақтан не білдік?

Қандай шешен сөздер білесің? ( Көп білсең де, Көптен артық білмейсің; Тәрбие- тәлімнен; Бала, баланың ісі шала; ...)

ҮІІІ. Үйге тапсырма : мәтінді оқу, мазмұнын айту.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]