Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Бостандық таңы атты Ш. Құдайбердіұлы

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға тәуелсіздік, бостандық жайлы айта келе, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Елін сүюге, тәуелсіздікті дәріптеуге, жақсы әдептерге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, Ту.Елтаңба.Әнұран.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа әзірленуі

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1.Қ.Р. мемлекетік тудың белгілерін ата, сипаттап бер. Елтаңбада нелердің бейнелері бейнеленген? Жатқа әнұранды айту, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

Ендеше, Қазақстан Республикасының рәміздерін атайықшы.

Ту, Елтаңба, Гимн.

Қазақстан Республикасының жалауының түсі көк, ашық тартымды, табиғатқа жақын, көңіліне сенім ұялататын кемпірқосақтағы жарқыраған жеті түстің бірі, аспан мен судың түсі.

Көк түс шындықты, тазалықты, адалдықты белгілейді. Жалаудағы күн – Әмір күші. Күннің жылуымен уақыт, апталар мен айлар өлшенеді. Қыран құс бүркіт – еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі, алға қойған мақсатқа, шырқар биікке, болашаққа самғайды.

Ал мемлекетіміздің Елтаңбасы – геометриялық пішін – дөңгелекке ұқсас. Елтаңбаның ортасында шаңырақ, бұл әрбір отбасының бірлігі, тыныштығы тәріздес, киіз үйге жарық сәулені шашыратып тұрғандай. Көкпеңбек көгілдір таза аспан жарқырап тұр. Бейбітшілік шаңырағын көтерген уықтар, төгілген күн сәулесі, киелі қос тұлпар, адам баласының досы. Алтын қанаттар елдің болашағын қорғаған, достықты ұстап тұр.

Ал, бес жұлдыз – барлық жер шарына құшағымыздың ашықтығын білдіреді.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақты мақсатымен таныстыру

ІҮ. Жаңа сабақ. Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. 2.Сөздік жұмыс.

3. Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді? Нелерден аулақ бол дейді?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

Ү. Сабақты қорыту. 1.Жақсы-жаман әдеттерді екі бағанға бөліп жаз, үш сөйлем құр.

2.Түсініп оқы: «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек»

Шоқан Уәлиханов мәтінге қатысы бар ма? Бостандық деген не екен? Қалай ойлайсың?

ҮІ. Үйге тапсырма. Түсініп оқу. ҮІІ. Бағалау

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Мұқағали Мақатаев. Үш бақытым. Туған тілім.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Мұқағали Мақатаев жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға, салыстыра білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Есте сақтау,ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Өзінің ана тілін сүюге, қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық. «Алақан» жаттығуы.

  • Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болуы керек дейді? Нелерден аулақ бол дейді? Өлеңді мәнерлеп оқыту. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру. М.Мақатаевтың қандай өлеңін білесіңдер? Жатқа айту.

ІҮ.Жаңа сабақ: 1.Суретке зер сала отырып, М.Мақатаевтың өмірімен танысу. 2. Өлеңдерді тыныс белгілеріне мән беріп, дұрыс, түсініп оқу.

Үш бақытым

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған берем ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің,

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, - Отан дер ем.

…Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай – ақ кел дағы от ал менен.

3. Неліктен өлең «Үш бақытым» деп аталады?

Туған тілім

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Көк аспанда қанат қағып ұшқанда

Өз тілінде қиқулайды құстар да.

Өз тілінде кісінейді құлыншақ…

Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

Д. Әбілевтің өлеңі не туралы? Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек.

Шоқан Уәлиханов.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

Ү. Сабақты қорыту. «Оты сөнген, от ал менен, жүрегімді суырып алыңдар» деген тіркестерді қалай түсінесің?

ҮІ. Үйге тапсырма: жаттау

ҮІІ. Бағалау.

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Туған ел. Сәкен Сейфуллин

Мақсаты:

  1. Білімділік: Сәкен Сейфуллин жайлы айта келіп, өлеңді мәнерлеп оқуға;

  2. Дамытушылық: Салыстыра білуге үйрету; есте сақтау, ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Туған жерге, тілге деген сүйіспеншілігін арттыру.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.

Көрнекілік: суреттер топтамасы, мазмұнды суреттер

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезең:1. Сабаққа дайындақтарын тексеру. «Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді мәнерлеп оқыту. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

Туған тілім

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Көк аспанда қанат қағып ұшқанда

Өз тілінде қиқулайды құстар да.

Өз тілінде кісінейді құлыншақ…

Деген кім бар: өз тіліңді ұстанба?

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

ІІІ. Білімді тексеру кезеңі: М.Мақатаевтың өлеңі неліктен «Үш бақытым» деп аталады? Д. Әбілевтің өлеңі не туралы? Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

ІҮ. Мақсатын қою кезеңі. Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Жаңа сабақ: 1. Суреттер топтамасын пайдаланып, С. Сейфуллин туралы әңгімелеу. Сәкен Сейфуллин 1894 жылы дүниеге келген. Астанада С.Сейфуллин атынан мұражай бар. 2. Өлеңді дұрыс, түсініп оқу. 3.Ақын туған даласын кімге теңейді? ( анаға) Суретті пайдаланып, ақын ойын түсіндіріп көр.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ.Жаңа сабақты пысықтау: Суретпен жұмыс: Зер сал. Табиғат адамға не береді?

ҮІІ.Бекіту кезеңі.«Табиғат-ана» деген сөз тіркесімен суреттің арасында байланыс бар ма?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.Өлеңді жаттау.2.Бағалау

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Сен ұйықтап жатқанда. Бердібек Соқпақбаев

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Бердібек Соқпақбаев жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Дамылсыз жұмыс істейтін мамандықтармен таныстыра отырып еңбекке, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекілігі: суреттер топтамасы, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа даярлық. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өлеңді жатқа айту. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

Ақын туған даласын кімге теңейді?

ІІІ. Өткенді қорыту. Неге Табиғат ана деп айтамыз?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Тақырыбымен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Суреттер топтамасын пайдаланып, Бердібек Соқпақбаев туралы әңгімелеу. Бердібек Соқпақбаев 1924 жылы дүниеге келген. 1992 жылы қайтыс болған. Б.Соқпақбаев жазушы. Ол өзі туралы мінездемесінде былай деген: Мінез-құлық жағынан Қожа өзге емес, менің өзіме ұқсайды. Ол қандай кітаптар жазған. «Менің атым Қожа», «Әжесінің баласы» атты кітаптар жазған.

2. Мәтінді түсініп оқу.Әр бөлімде не жайлы айтылғанын анықтау.

3. Суретпен жұмыс: суретте қандай жұмыс түрлері көрсетілген? Мәтіннің мазмұнына сүйеніп, сурет бойынша әңгіме құр.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Күндіз қаптап жүретін трамвай, троллейбус, автобустар түнде қайда барып тұрады?

Олардың әрқайсысының арнаулы тұрағы - демалуға жайғасатын орны бар.

Ол жерде түнімен жұмыс істейтін адамдардың қызметі не?

Адам ауырып, сырқаттанып қалған кезде көмекке нені шақырады?

Олар түнімен қандай қызмет атқарады?

Аумағы бүкіл бір кварталды алып жатқан сарғыш дуал не екен?

Ол жерде нелер басып шығарады?

Неліктен түнімен жұмыс істейді?

Осы бөлімдерді байланыстырып тұрған не?

Бұлардың барлығының қай кезде жұмыс істеулері туралы айтылған?

Мәтіннің мазмұнын мына жоспар бойынша әңгімеле.

а) Арнаулы тұрақ; б) Баспахана;

ә) «Жедел жәрдем»; в) Байланыс бөлімдері.

ҮІІ. Бекіту. Бердібек Соқпақбаевтың қандай кітабын білесің?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, мазмұнын әңгімеле. 2.бағалау.

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Мен өз елімді сүйемін. Сырбай Мәуленов.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Сырбай Мәуленов жайлы айта келіп, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, алған білімін тиянақтау;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Туған еліне,жеріне деген сүйіспешілігін арттыру, мейрімділікке тәрбиелеу;

Көрнекілігі: суреттер, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық

Жарқырап күн ашылды

Айналаға нұр шашылды

Мақсатымыз білім алу

Еңбектену арқылы

«5» ке қол жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Бердібек Соқпақбаев кім? Қандай кітабын, әңгімелерін білесің? Қандай жұмыс түрлерімен таныстық? Сен ұйықтап жатқанда қандай жұмыс мамандары жұмыс істейді? Керек пе? Балаларға түсінгендерін әңгімелету. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Өткенді қорыту: Сен үлкейгенде кім болғың келеді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Суреттерге қарап Сырбай Мәуленов туралы әңгімеле.

Көрнекті ақын Сырбай Мәуленов 1922 жылы дүниеге келген. 1993 жылы қайтыс болған. Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Туған жерсіз адамның күні жоқ.

Сырбай Мәуленов «Балалық шақ», «Алыс кетіп барамын» атты кітаптары бар.

2.Мәтінді түсініп, жалғастырып, іштен оқу арқылы жазушының көңіл күйін түсіну.

Жазушы туған ел неден құралады дейді? Оның мағынасы неге тереңде жатыр дейді?

Туған жерсіз адамның күні жоқ деп неге айтты?

Туған елдің тілі баршаға жанға түсінікті дегенді қалай түсінесің?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Шығармадағы негізгі ойды анықта:

  • туған тіл;

  • туған ел;

  • туған жер;

ҮІІ. Бекіту:

Сызбадағы сөздерді пайдаланып, мәтінді әңгімеле.

Салыстырып сипатта дегенді қалай түсінесің?

Астананың әсемдігі жайлы не айтар едің?

Алматы қаласымен салыстырып көр?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу, сурет салу. 2.бағалау

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Рәсім. Медеу Сәрсеке.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға «Рәсім» мәтінін түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету, алған білімін тиянақтау;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Туған еліне,жеріне деген сүйіспешілігін арттыру, мейрімділікке тәрбиелеу; Көрнекілігі: суреттер, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық

Жарқырап күн ашылды

Айналаға нұр шашылды

Мақсатымыз білім алу

Еңбектену арқылы

«5» ке қол жеткізу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сырбай Мәуленов «Мен елімді сүйемін» мәтінін түсініп оқу және әңгімелетіп Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Өткенді қорыту: Жазушы туған ел неден құралады дейді? Оның мағынасы неге тереңде жатыр дейді?

Туған жерсіз адамның күні жоқ деп неге айтты?

Туған елдің тілі баршаға жанға түсінікті дегенді қалай түсінесің?

Сен еліңді сүйесің бе?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: Рәсім деп нені түсінесің? Рәсім – әдет-ғұрып, сал-дәстүрдің көрінісі. Медеу Сәрсекенің «Рәсім» мәтінін оқу, тізбектей оқыту. Берілген тақырыптармен қай бөлімді атар едің? Әр бөлімнің неліктен осылай аталғанын дәлелде. Әр бөлімге өзің қандай зат қояр едің?

Сызбаны толықтыру:

Бөлімдердің атауы

бөлімдер

Өзің қандай ат қояр едің?

Ашулы көк қаршыға

І

……….

Қарт әншінің батасы

ІІ

……….

Күндей жомарт, шөлдей сараң қарт

ІІІ

……….

Сәлемдесу – адамгершілік белгісі

ІҮ

………

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Мәтін неліктен «Рәсім» деп аталған деп ойлайсың?

Қандай рәсімдерді білесің?

Жаяу Мұса туралы деректер жинастыр.

ҮІІ. Бекіту:

Қаныштың міндетті парызындай көріп орындайтын бір рәсімі не?

Қаныштың арнайы барып сәлем берген атақты әнші, сазгер кім?

Сырқаттанып жатқан қарт Жаяу Мұса неге қарқылдай күлді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу, сурет салу. 2.бағалау

Бекітемін:_________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]