Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Үііі тарау. Табиғат-менің өз үйім.

Сабақтың тақырыбы: Арқарға үлкен мүйіз неге керек? Кәдірбек Сегізбай

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Арқарға мүйіздің не үшін керектігі жайлы айта отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Көрнекілік: суреттер, сөзжұмбақ, плакат

Әдіс-тәсілі: Түсіндіру,баяндау, сұрақ-жауап , іздену.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесінен біз не білдік? Торғай қалай отыр еді? Жантас не істеді? Жантастан торғай не істегендей болды? Бірақ, Жантас оны аяды ма? Торғайға кім арашашы болды? Қожа қандай қамқорлық жасады?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Осы екі баланың қайсысының қылығы дұрыс, қайсысының қылығы дұрыс емес? Неліктен? Сен не істер едің?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Қалай ойлайсың, арқарға үлкен мүйіз неге керек?

Жануарлар қандай топтарға бөлінеді? Жануалар жабайы және үй жануарлары.

Үй жануарларын ата. Үй жануарлары: сиыр,қой,түйе,жылқы,ешкі.

Жабайы жануарларды ата. Аю,елік,киік,арқар.

4.Мүйізі бар үй жануарларын ата Мүйізі бар үй жануарлары: ешкі,сиыр.

5.Жануарларға мүйіз не үшін керек?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, жалғастырып, түсініп оқу. Қошанның атасы кім болып істейді деп ойлайсың? (Орманшы)

Ол атасымен қайда барды? (орманға)

Жол-жөнекей Қошан не істеуден шаршамады? Атасына сұрақ қоюдан шаршамады.

Қошан жартастың түбінен нені көрді? Үлкен мүйізді көрді.

Атасы Қошанның сұрағына не деп жауап берді? Арқардың мүйізі.

Қошан атасының сұрағына қалай жауап іздеді? Тезірек жауап табуға тырысты.

Жауабын таба алды ма?

Сонымен, арқарға мүйіз не үшін керек екен? Өзіңнің мәтінді оқымай тұрып берген жауабыңмен салыстыр.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Мәтіннің әрбір бөлігіне ат қой. (Серуенге шығу. Арқардың мүйізі. Мүйіздің пайдасы. Немесе өзің басқаша ат қойып көр)

Венн диаграммасы арқылы үй құстарын және жабайы құстарды салыстыр

Арқар Ұқсастығы Киік

4) Тақырыптың басты идеясы неде?

а) Екеуіне де ортақ қасиет: тұяқты жабайы жануар.

б)Арқардың ерекшеліктері: Ешкігі ұқсас, мүйізі үлкен тауда жүретін жүйрік аң.

в) Киіктің ерекшеліктері: Қойға ұқсас,көздері үлкен,аяқтары арық.

ҮІІ.Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Арқарға мүйіз не үшін керек екен?

Неліктен арқар таулы жерлерде тіршілік етеді? Себебі, ол аязға өте төзімді. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған? Себебі,арқар бағалы кәсіптік жануар. Неге арқардың мүйізі мықты болады? Себебі,арқар қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі жануар.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру. мәтінді оқы, ойлан, әңгімеле.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]