Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Үііі тарау. Табиғат-менің өз үйім.

Тақырыбы: Қамқорлық. Бердібек Соқпақбаев

Мақсаты:

  1. Білімділік: Табиғатты қорғауға, мейрімділікке баули отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Табиғаттағы тірі тіршілікке жанашырлықпен қарауға, қорғауға, мейрімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі : аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Көжек» атты ертегі не жайлы екен? Көжекті тастап кеткен (кім? анасы)(не? қоянның анасы) Оны кім тауып алды? Қайда әкелді? Ал, көжек болса не істеді? Шаруаның аяушылығына көжек не деп жауап берді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Саған ертегі ұнады ма? Туған жер деген сөз саған қандай әсер етеді? Туған жер жайлы қандай мақал-мәтелдер білесің?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Балалар, үйлеріңде қандай жануарлар немесе құстар бағасыңдар?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Бердібек Соқпақбаевтың «Қамқорлық» әңгімесін түсініп, жалғастырып оқу. Суретпен жұмыс. Осы суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?

-Мәтінге сүйеніп, суреттегі торғайдың халін сипатта.

-Торғайдың халі сенде қандай көңіл күй туғызды? Жантастың қылығы ше? Өз көз қарасыңды білдір?

Мәтінде жаз мезгілісуреттелген. Жантас қатігез,бұзық бала. Балапан торғай үрейленіп, қорқып ұшты. Жантастың қасына Қожа келді.

Қожа балапанға жаны ашып үйіне алып кетті

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: «Табиғат-менің өз үйім.» бөлімінен торғай туралы қандай әңгіме оқып едің? Есіңе түсір. (Ж. Аймауытовтың «Торғай» әңгімесі). Ж. Аймауытов пен Б. Соқпақбаевтың шығармаларын салыстыр.

Сұрағы.

Жүсіпбек Аймауытов

Бердібек Соқпақбаев

Әңгімесі қалай аталады?

(Торғай)

(Қамқорлық)

Торғай неден қорқып еді?

(жылыннан)

(Жантастан)

Торғайға ара түскен кім?

(Ақбілектен)

(Қожадан)

1.Балапан торғай неге қатты үрейленді ?

Себебі: Жантас балапан торғайды рогаткасымен қайта-қайта атқылады.

2.Жантас торғайды неге атты?

Себебі: ол бұзық, безбүйрек бала .

3. Жантастың қасына Қожа неге келді?

Себебі: Қожа торғайға көмектескісі келді.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік? Қожаның орнында сен болсаң не істер едің?

ҮІІІ Үйге тапсырма:1. оқу, салыстырып сипаттау.

2. Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]