Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі: 20.05.2015

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Сабақтың тақырыбы. Бала Әйтекенің билігі

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды қазақтың Әйтеке биінің балалық шағымен таныстыру;

  2. Дамытушылық: Түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету; сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Батылдыққа, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Қазбек бидің айтқан сөзін жатқа айту. Қазбек би қандай бала болып өсіп келе жатыр еді? Оған кім күш көрсетті? Оны байқап қалған кім еді? Ол оларға не жұмсамақ болды? Қазбек би оны қалай тоқтатты.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Үш төбе би туралы не білдік? Әр атаның не айтқанын, қандай ақылды

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық . Әйтеке би туралы 2 кластан не біліп едік? Ол қалай бата беріп еді?

« Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін. Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. Әумин!»

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен бала Әйтекенің сөзін тауып оқу. Мәтіннен Қосуақ бидің Әйтекеге берген бағасы айтылған жолдарды тауып, дауыстап оқу. Мәтіндегі «жолсоқтылау болып» тіркесін басқа сөздермен алмастырып көр.

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Ауылға кімдер келді?

Олар неге кепті?

Ауыл шетінен оларды кім кездестірді?

Олар кімді іздеп келеді екен?

Бала Әйтеке оларға қалай амандасты?

Жөн сұрасқаннан кейін ол не деді? (- Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аларсыздар.)

Қосуақ бидің үйіне келгендерге Ғажабы неде болды?

Неге таңқалды?

Қосуақ би ол баланы кімнің баласы деп таныстырды? (Байекемнің баласы Әйтеке шығар.

Атасы Ақша биге тартып, ай маңдай ұл боп өсіп келеді.Тіл-көзден аман жүрсе, әлі талай әділ сөз айтар кезі алда! – депті.)

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІІ. Қорыту:

Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік?

Әйтеке би балалық шағынан қандай бала болып өсіпті?

Сен өзің осы әңгімеден қандай әсер алдың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқу, әңгімелеу.

Бағалау

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі: 21.05.2015

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Сабақтың тақырыбы: Әнет баба әңгімелері

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға қазақтың даналық, тапқырлық сөздің иесі болған Әнет баба жайлы айта келе, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Салт-дәстүрін,тарихын құрметтеуге, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: бекіту.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Сабаққа дайындық: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: «Бала Әйтекенің билігі» әңгімесінде ауылға кімдер келді? Олар неге кепті? Ауыл шетінен оларды кім кездестірді? Олар кімді іздеп келеді екен? Бала Әйтеке оларға қалай амандасты? Жөн сұрасқаннан кейін ол не деді? (-Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аларсыздар) Қосуақ бидің үйіне келгендерге Ғажабы неде болды? Неге таңқалды? Қосуақ би ол баланы кімнің баласы деп таныстырды? (Байекемнің баласы Әйтеке шығар. Атасы

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: «Балаңызды ат босағада тепсе – бүтін құн, жабықта тепсе – жарты құн, түзде тепсе – төрттің бірін аларсыздар » қалай түсінесің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

3. Қалай ойлайсың, осы шешен сөздер, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер не үшін керек? Әнет баба туралы естігендерің бар ма? Әкім деген кім?

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Түсініп оқу. Әр азат жолды оқып, өз сөзімен әңгімелеу. Әңгіме түйінін табу. Әнет баба Қазыбек биге қандай өсиет қалдырды? Қазбек «Әкім» сөзін қалай шешті? «Ә» дегені- әділ бол, «К» дегені – күншіл болма, көпшіл бол, «І» дегені – ілтипатты бол, «М» дегені – менмен болма, мейірман бол, - деген.)

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: «Әкім» сөзінің әр әрпіне әдемі сөздер ойластырып жаз. (әсем бол, көңілді бол, ізгілікті бол, мейірімді бол. т.). Әнет бабаның Қазбек биге өсиет айтқысы келмеу себебін түсіндір. ( жасы келіп қартайған, қасынан жан тайған, басынан мал тайған адамнан не кеңес, не өсиет сұрайсың? – деп ...)

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІІ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақтан не жайлы білдік? Әнет баба неге өсиет айтқысы келмеді? Қазбек би неге кетпей қойды? Ол қандай бата алды? Оның шешуі қандай еді? Мәтіндегі тағылым сөзінің мағыналас қатарын тап. (сабақ, өсиет, үлгі т.с.с.)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Түсініп оқып, әңгімелеу.

Бағалау.

№ 133. Тақырыбы: Мазмұндама «Арыстан мен қозы»

Мақсаты: Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, оқып берген мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету; логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру; ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

Түрі: жазбаша бақылау . Әдісі: қорыту

Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Мақсатын қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;

ІІІ. Жаңа сабақ: Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]