Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Жалқау мысық

Менің бір әдемі мысығым бар. Өзі өте сүйкімді. Оның бізбен тұрғанына алты жылдай болып қалды. Бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ол сондай тынымсыз еді. Кішкене доп, оралған жіп көрсе, сонымен ойнайтын. Ал қәзір оны орнынан тұрғыза алмайсың. Күндіз де, түнде де пештің түбінде жатып алып ұйқыдан бас көтермейді. Сөйтіп, менің мысығым жалқау болып кетті. Маған мысығымның осы мінезі ұнамай жүр.

(«Балдырған» журналынан)

Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: сүйкімді, сондай тынымсыз, бұрын, алғаш асырап алған кезімізде, ұйқыдан бас көтермейді, оралған жіп көрсе, жалқау.

Жоспар:

  1. Сүйкімді мысық. 2.Ойынға құмарлық. 3.Ұнамсыз қылық.

ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік? Не жайлы жаздық? Мысық неге жалқау болды деп ойлайсың? Бұл мәтінен өзіңе қандай әсер алдың?

Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау.

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Мамандық таңдау Т. Молдағалиев

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға мамандықтар жайлы түсінік бере отырып, мәнерлеп түсініп оқуға үйрету;

  2. Дамытушылық: тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту;

  3. Тәрбиелік: үлкенді сыйлауға, құрметтеу тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралас

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сызба

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық. Қажетті құрал-жабдықтарын алғызып, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Кім жүйрік?» өлеңін мәнерлеп оқыту. Сұрақ-жауап арқылы баға беріп, үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Кіріспе әңгіме жүргізу.Мамандық жайлы суреттер топтамасымен жұмыс

ІҮ.Жаңа сабақ: 1 . « Кім жылдам?» ойынын сызықтармен жүргізу. (өз бетінше орындау) Өзің кім болғың келетіні жайында әңгімеле. 2. Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. Сызбаны толтыру.

Өлеңде аталған мамандықтың аты

Сол мамандықтарды сипаттап жаз

Инженер

Дәрігер

Ақын

Аграном

Жерден алтын табады

Адамдарды емдеп, жазады

Өлең жазады.

Егін даласында қызмет етеді.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

Ү. Білімді тексеру. 1.Суретпен жұмыс: Кім бейнеленген? Ұшқышты сипатта. 2. Екі өлеңді салыстыр.

Т.Молдағалиев.

Мамандық таңдау

Екі өлеңнің ұқсастығы

Қ. Аманжолов.

Ұшқыш болғым келеді.

Әр баланың өз арманы, болашақта кім болғысы келетіні жайлы туралы.

мамандық таңдау

Болашақта ұшқыш болатыны және сол мамандық қалай ұнайтыны жайлы айтылған.

ҮІ. Қорыту. Қандай тарауды аяқтадық?

Талаптан да, білім мен өнер үйрен.

ҮІІ. Үйге тапсырма:1. Мәнерлеп оқу, ұшақтың түрлері жайлы біліп кел.2.бағалау

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Жақсылардың жақсысы Р. Босилек (болгар жазушысы)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға мамандықтар жайлы түсінік бере отырып, түсініп оқуға үйрету;

  2. Дамытушылық: тілін , сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту;

  3. Тәрбиелік: еңбекке баулу

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, сызба, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Құрал-жабдықтарын алғызып, сабаққа әзірлік жүргізу. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Жатқа айту. 2. Саған қандай мамандық ұнады? Неге? Суретте қандай мамандық иесінің суреті салынған? Өз сөзіңмен сипаттап бер.

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сен үлкейгенде кім болғың келеді?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Жұмбақ шешу. Ерекшеленген сөздерді дауыстап оқу, түсіндіру.

Ү. Жаңа сабақ: Өрмек, ұршық және кітап жайлы ертегіні оқу.Оқулықпен жұмыс.Іштей оқу.Тізбектей оқу. Сөздік жұмыс. Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Жақсылардың жақсысы деп неге айтты? Қыз неге қуанды? Бөлмеден ол не көрді? Ол неге ренжіді? Әкесі қалай түсіндірді?

ҮІІ. Қорыту. Бүгін не өттік? Құрылысшы маманы не істейді?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр.2.Бағалау.

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы: Адамдық-борышың Шәкәрім Құдайбердіұлы. Өз біліміңді тексер.

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушының білімін тиянақтап, өлеңді мәнерлеп оқуға үйрету;

  2. Дамытушылық: Оқушылардың ой -қиялын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі : қорыту, білімін тиянақтау.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілігі: оқулық, суреттер, тест сұрақтары.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй жұмысын сұрау: Жақсылардың жақсысы деп неге айтты? Қыз неге қуанды? Бөлмеден ол не көрді? Ол неге ренжіді? Әкесі қалай түсіндірді? Оқушыларға мәтінді әңгімелетіп, сұрақ-жауап арқылы баға беріп үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Сен қалай ойлайсың, жақсылардың жақсысы деген не ? Саған не ұнайды? Сенің анаң, әкең саған қандай ақыл айтады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Суреттер топтамасымен жұмыс: Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы әңгімелеу.

Ү.Жаңа сабақ. 1.Өлеңді түсініп оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу, мағынасына көңіл бөлу. 2.Сөздік жұмыс. 3. Теріп оқу: а) қызыл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқы, ақын нені өсиет ететінін

айт. ә) көкшіл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқы, қарама-қарсы мағыналы сөздерді ата.

ҮІ. Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІІ. Түсінгендерін тексеру. Бөлім қалай аталады? Талаптан да, білім мен өнер үйрен.

ҮІІІ. Қорыту: Өнер үйренуге шақыратын мәтіндер.

ІХ.Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, жасыл түспен ерекшеленген сөзді тауып оқы, мағынасы жуық сөз тіркесін тауып кел.

Бағалау

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

ІІ бөлім. Маужырап барқыт қоңыр күз...

Сабақтың тақырыбы: Ауыл күзі Тайыр Жароков

Мақсаты:

  1. Білімділік: Жыл мезгілдері жайлы түсінік бере отырып, оқушыны өлеңді мәнерлеп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға,ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі : жаңа сабақ

Көрнекілік: суреттер, кестелер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа даярлық, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Балалар,сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Жаңа сабақ: 1.Суретпен жұмыс: Неше жыл мезгілін білесің? Суретте қай мезгіл бейнеленген? Қандай бояуды көбірек қолданған? Саған күз несімен ұнайды?

2.Өлеңді мәнерлеп оқу. Теріп оқу. Неге сары бояумен ерекшеленген ?

3. Жазбаша жұмыс:Өлеңге сүйеніп, осы сөз тіркестерімен сөйлем құр.

Үлгі:

Берілген сөз

немесе сөз тіркесі

Сөйлем

Сұрша бұлт

Мектеп

Бұтақты бүге балбырап

. . .

Күзгі аспанда сұрша бұлт жиі пайда болады

Күзде балалар мектепке оқуға барады.

Күз мезгілінің бірінші күні «Білім күні».

Адамдар піскен жемістерін жинауға кіріседі.

Қызқы мезгілге дайындалады.

. . .

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ІІІ. Пысықтау: Өлеңде тағы қандай сөздерді сарғыш түспен бояр едің? Күз несімен қызық? Табиғатта қандай өзгерістер болады? Оқу қайсы айда басталады, ол қалай аталады?

ІҮ. Қорыту: Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік? Сенің ауылыңдағы күз кереметі жайлы әңгімелеп бер.

Ү. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау.Бағалау

Бекітемін:_________________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Тақырыбы: Жеміс бағында И. Бази (татар жазушысы)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Күз мезгілінің кереметін қайталай отырып, оқушыны түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ой-қиялын тиянақтай білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі : аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап,талдау, түсіндіру.

Көрнекілігі: суреттер, сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа әзірлік

- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Өлеңді жатқа айту, суретте қай мезгіл бейнеленген? Қандай бояуды көбірек қолданған? Саған күз несімен ұнайды ?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Күзде қысқа қалай дайындық жасайды сенің ата-анаң?

Сен оларға көмектесесің бе? Қалай?

ІҮ.Мақсат қою кезеңі. 1.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. 2. Жұмбақ шешу (апорт алма). Сөздік жұмыс. 3. Осы алма жайлы Т. Жароковтың өлеңінде не делінгенін айт.

Ү. Жаңа сабақ: 1. Мәтінді түсініп, жалғастырып оқу. 2. Мәтінге сүйеніп берілген сөздерге қатыстырып тіркестер тап.

Сөз

Сөз тіркесі

алманың

моншақтай

хош

қып- қызыл

. . .

. . .

. . .

. . .

. . .

. . .

Осы сөздерді қандай түске бояр едің?

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Суретпен жұмыс: мәтінге сүйеніп әңгіме құр.

ҮІІ. Қорыту. Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы білдік?

ҮІІІ Үйге тапсырма:1. Оқу, салыстырып сипатта 2.бағалау.

Бекітемін:_________________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]