Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

ҮІІ бөлім. Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Тақырыбы: Өз біліміңді тексер. (бөлімді қайталау,тест.)

Мақсаты:

  1. Білімділік: Қасым Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқи отырып, табиғаттың сұлулығы, әсемдігі жайлы түсінік беру;

  2. Дамытушылық: «Масатыдай құлпырар жердің жүзі» тарауын қайталай отырып білімімен, біліктілігін бақылау, сөздік қорын жетілдіру; жан-жақты ойлауға үйрету қабілетін дамыту;

  3. Тәрбиелік: Еңбекке, әдептілікке, инабаттылыққа және табиғатты қорғау, бақылау, зерттей білуге тәрбиелеу.

Түрі: қайталау

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену, өзіндік жүмыс.

Көрнекілігі: арнайы көктем жайлы суреттер, тест материалы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылардың зейінін,назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. «Балалар, сендер сабаққа зейін қойыңдар. Іштеріңнен: «Мен жақсы адаммын, мен әйбәтпін!» деп бірнеше рет қайталаңдар. Бір- біріңе қарап, жымиыңдар.»

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: О.Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңінде ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді? Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген? Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтінін қалай бейнелеген? Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім, ол жайында не білесің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше? Болашақта сен кім болғың келеді? Сенің пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Бөлімді қайталау, тест.

Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу, іштей, тізбектей оқу. Көктем келбеті ақын тілімен қалай суреттелгеніне мән бер:

а) Бұлақ туралы не делінген?

ә) Өзен туралы ше?

б) Көктемгі жаңбырды сипатта.

в) Көктемде ағашта қандай өзгеріс болады? Ол туралы ақын не дейді?

г) Көктемде қандай еңбек түрлері басталады?

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: 1. « Көктем күйін бастады

Өз өнерін асыра:

Қысты қуып тастады.

Асқар таудың басына.» деген өлең шумақтарын қалай түсінесің? Өз ойыңды айт. Өлең бойынша сурет салып көр.

2.Өздігінен тапсырмаларды орындау:

1.С.Сейфуллиннің «Орман» өлеңіндегі ақынның қайыңға, терекке, желге қатысты қолданған көркемсөздерді тауып дәптеріңе жаз.

2. Абай ата «Жазғытұры» өлеңінде жердің жүзіне, күннің көзіне байланысты қандай көркемсөз қолданған?(Масатыдай құлпырар жердің жүзі.Ата–анадай елжірер күннің көзі.)

3. «Көктем сәні» ертегісі бойынша мына жазуларды дәптеріңе жазып ал, жалғастыр, түсіндір. Көктем сәні-жасыл желек; көктем сәні- хош иіс, ...(көктем сәні-мөлдір су, жылылық, нөсер, ашық аспан, салқын самал,еңбек,шалқыған көңіл,шаттық, күлкі,жігер)

4. Қ Аманжоловтың «Көктем» өлеңін оқып шық. Ақынның табиғат құбылысына «жан бітіріп», адамға тән қимыл бере суреттеген жолдарындағы көркемсөздерді тап. (нәзік үн, мейірленіп, алақанын тұр жайып, жас дауыспен жамырап, еңбек ата).

ҮІІ. Білімін тексеру: «Көктем» тақырыбына әңгіме құрастыр:

а) Көктемгі табиғат: жылғалардан су ақты, мейірленіп жерге күн, көк майса, жасыл барқыт жамылып.

ә) Көктемгі тіршілік: қой қоздап, түйе боздап, ұйқыдан оянып, жыл басы. Наурыз, егінжайда ту ұстап, т.б.

б) Көктем көрінісінің суретін сал.

ҮІІІ. Сабақты қорыту: Тест. (жауабы: 1. Б-жазғытұры; 2. Ә-Түйе боздап,қой қоздап; 3. Ә-көктем; 4. Б-қаз кепті-жаз кепті; 5.А-Наурыз; 6.Б-желкілдейді; 7. Ә-ит; 8. В-бұйра; 9. А-Еңбек; 10. В-Қ.Аманжолов. Көктем.

Бүгін қандай тақырып өттік? Не жайлы? Не сұңқылдады, арқыраған не, күркіреген ше? Еңбек ата не істеп жүр? Трактормен не істеді? Көктем өз өнерін қалай көрсете бастады?

ІХ. Үйге тапсырма: Қайталау.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]