Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

VII.Үйге тапсырма. «Ана» өлеңді жаттау

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:-----------

Үі бөлім. Жақсыдан үйрен

Тақырыбы: «Шал мен бала»

Сабақтың мақсаты: әңгіменің идеялық мазмұнын ашып көрсету. 1. Білімділігі: Оқушыларға әңгімнің негізгі мазмұны, ойы адамгершілікке, Ізгілікке, әдептілікке құрылғанын ұғындыру. Жүйелі сөйлей білуге үйрету. 2. Дамытушылығы: Оқу мен жазу арқылы ой қаблетін, тіл белсенділігін, білімді өз бетінше игере білу дағдылығын дамыту. 3. Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, жанашырлыққа, кешірімді болуға тәрбиелеу.

Әдісі: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, баяндау, түсіндіру, топпен жұмыс, шығармашылық жұмыс. Түрі: Аралас сабақ Көрнекілігі: Түйін сөздер жазылған плакат, күн суреті карточкалар.

Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: «Ана» өлеңін жатқа сұрау. В.Сухомлинскийдің « Ақ шаш» әңгімесі кім туралы екен? Неге анасының шашы ағарды деп ойлайсың? Сен анаңды осылай уайымдатасың ба? Мәтіннің негізгі ойы неде деп ойлайсың?

в) «Ой қозғау» стратегиясы бойынша сұрақ: Нағыз адам қандай адам деп ойлаймыз. ( Ақылды, адамгершілігі мол, еліне жақсылық жасайтын, көпшілік құрметтейтін, көргенді.) г) Қорытындылау. - Мына тақтадағы сурет қай ертегінің кейіпкері? Ия сендердің сүйіп көретін мультфильмдерің «Карлсон». Ендеше осы Карлсонның айналасында жақсы

қасиеттер жазылған. Сол қасиеттерді бойына жинаған адамда осы Карлсон сияқты көңілді айналасындағыларға қуаныш, жақсылық жасап жүреді. Қане хормен оқып жіберейік. - Адамгершілік - Ізгілік - Инабаттылық - Әдептілік - Кішіпейілділік - Мәдениеттілік – Сонымен осындай ізгі қасиеттер әр балаға ана сүті арқылы да дариды. «Нағыз адам» мәтінінің авторы – Сухомлинскийдің мынадай бір қанатты сөзі бар: - «Әлемдегі бар жақсылық ананың сүтімен жаралған» деген. Осы бүгінгі тақырыпты қорытындылай отырып, сендер де жаман қасиеттен аулақ болып, жақсы қасиеттерді бойларыңа жинап, еліміздің ақылды, парасатты, білімді азаматы болып өсулерің керек.

ІІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс. - Бүгін біз Б. Соқпақбаевтың «Шал мен бала» әңгімесімен танысамыз. А) тақырыппен танысу Ә) мәтіннің мазмұнын түсіндіру. Б) топпен жұмыс 1 - топ, рөлге бөліп оқу. 2 - топ, «көргенді» сөзіне синонимдер жазу. 3 - топ, Ата туралы 5 жолды өлең 4 – топ мақалмен жұмыс В) мәтіндегі Мәуленді сипаттау.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ІҮ. Қорытындылау. Бұл шығармамен таныса отырып, жамандыққа қашық, жақсылыққа жақын жүруді үйрендік.

Ү. Үйге тапсырма: « Шал мен бала» әңгімесін оқып, түсінік айту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]