Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі: 19.05.2015

Х тарау. Сарқылмас қазына.

Сабақтың тақырыбы: Қазбек бидің толғауы

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларды қазақтың Қазбек биі даналығымен таныстырып, түсініп оқуға, ойын жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөйлемді дұрыс құруға, ойын тиянақтап жеткізе білуге дағдыландыру;

  3. Тәрбиелік: Батылдыққа, адалдыққа, әділеттікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу,іздену.

Көрнекілігі: суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымында үйсін мен арғын тайпаларының белгілі бектері таласыпты. Осы екі жақтың билері бас қосқан кеңеске кім бірге келген еді? Бала Төле неше жаста еді? Он бес жасар бала Төле көңілі толмай не деді? Оған төрде отырған би не деді? Төленің сөзі орынды болғанын білген Төре би қандай бата берді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, сендердің араларыңда осындай сөзге шешен балалар бар ма? Бар болса, оны қалай байқадың?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

3. Қазақ халқының атақты үш арысы кімдер? ( Төле би, Қазбек би, Әйтеке би).

Ү. Жаңа сабақ: Мәтінді түсініп оқу. Бүгінгі сабағымызда қаз дауысты Қазбек би жайлы білеміз. Қазбек би ата орта жүзден шыққан. Бірде Қазбектің аталас ағайындары – Бертіс би мен Тілеуке би мұның ел ішіндегі абыройын көре алмай, жастарының үлкендігін малданып, шақырып алып. Бертіс би:

Ағаңның алдынан шығудан сақтан деп ескертеді. Сонда Қазыбек :

Бір бала бар- Атаға жете туады.

Бір бала бар – Атадан өте туады.

Бір бала бар – Кері кете туады! - деп жауап береді.

Ағайынды екеуі күні бұрын дайындап қойған адамдарына белгі береді. Сабамақ боп жатқанда Қазбектің туған інісі Бөдене келіп арашашы болады. Бөдене екеуіне қылыш жұмсайын дегенде , інісін тоқтатып:

Шырағым, бір қолың ұрысшы болса, екінші қолың арашашы болсын. Ашу- дұшпан, ақыл- дос, ақылыңа ақыл қос. Жауға сілтер қаруыңды еш уақытта жақыныңа сілтеме! - дейді.

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Қазбектің сөзіндегі өлеңнің әр жолының кімге қатысты екендігін түсіндір. Дәптермен жұмыс. Қазбектің інісіне деген тоқтауын жаз.

ҮІІ. Қорыту: Бүгінгі сабақтан кім жайлы білдік? Қазбек би қандай кемеңгерлік көрсетті?

Сен ол кісінің тапқырлығын қалай деп бағалар едің? Өзіңе не алдың?

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру кезеңі:1. Оқу, үзінді өлеңді жаттау.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]