Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

Үі бөлім. Жақсыдан үйрен

Тақырыбы: Таза бұлақ. Ыбырай Алтынсарин

Мақсаты:

  1. Білімділік: Мәтінді түсініп оқуға, автордың ой түйінін таба білуге үйрету.

  2. Дамытушылық: Тілін , сөздік қорын дамыту;

  3. Тәрбиелік: Зеректікке, білімді, ғылымды сүюге тәрбиелеу.

Түрі: талқылау сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, іздену.

Көрнекілік: суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін,

назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.

« Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.»

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: . Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесің? Ғалым не істеді? Неге тасты көтерді? Астынан не шықты? Ол не деді? (Шағамын.) Кімдерге, нелерге барды? Төрешілер не деді? (түйе, жеміс ағашы, итке, балаға барды).

ІІІ. Білімдерін тексеру: . «Жақсылыққа жамандық бар ма?» дегенді қалай түсінесің? Сенің пікірің?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Берілген суретпен жұмыс. Суреттен не көріп тұрсың?

Бұлақтың суреті қандай?

Пайдасы бар ма?

Бұлақ суының тазалығы нені елестетеді?

Ү. Жаңа сабақ. 1. Кіріспе. Мәтіннің авторы кім? Ол туралы не білесің?

2. Кітаппен жұмыс. а)Мәтінді түсініп оқу. Бұлақтың басындағы қара тасты не депті?)Бұлақты сипаттаған жолдарды тауып оқу. Мәтінде қызыл түспен ерекшеленген жолдарды тауып оқып, мына тапсырмаларға жауап бер.

1. бірінші жолаушының, ... (адал қызмет ет, еш уақытта жалқауланып, тоқталып қалма, мұратыңа жетесің)

2. екінші жолаушының, ... (біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе)

3. үшінші жолаушының,... (көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта, көңілің сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын )

4. өзіңнің пікіріңді айт. ... ( . . .)

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық.

ҮІІ. Түсінгендерін тексеру: Әр жолаушының пікірін қысқаша нақыл сөзбен көркемдеп, дәптеріңе жазып ал.

1. Іздеген мұратына жетер,

Жалқаудың өмірі босқа өтер.

2. Басыңа іс түссе,

Жақсы дос көмек етеді,

Жаман дос күліп өтеді.

3. Адамдықтың белгісі-

Иіліп сәлем бергені.

ҮІІ .Қорыту. Бүгін сабақтан не білдік? Өз пікірің. «Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.»

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұнын айту.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]