Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

Әдебиеттік оқу

Мерзімі:

ҮІІ бөлім. Масатыдай құлпырар жердің жүзі

Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғарышкер. Олжас Сүлейменов.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Олжас Сүлейменовтың «Тұңғыш ғарышкер» өлеңін түсініп оқуға, ойын толық жеткізе білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Мәнерлеп оқу, сөздерді дұрыс айту дағдысын қалыптастыру;

  3. Тәрбиелік: Елін, жерін сүйетін,елжанды азаматтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: түсініп оқу,сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойланып жауап беру.

Құрал-жабдықтар:О.Сүлейменовтың, ғарышкерлердің, ғарыштың

суреттері.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың зейінін, назарын психологиялық жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

ІІ.Үй жұмысын тексеру: 2. Абайдың үйін кім әдемі етіп ұстады?

Киіз үйге Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді?

Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің?

Мәтіннен түсінгенін әңгімелету. Сұрақ-жауап арқылы үй тапсырмасын бекіту.

ІІІ. Үй жұмысын пысықтау: Бұл оқиға қай кезде болған деп ойлайсың?

Абай қайтқаннан кейін оның орнын өзгерпей ұстауды кім міндетіне алды? (Күнжан) Ол қыс бойы қандай жұмыстар істеді?

Кімдер келді?

Кәкітай не деді?

Күнжанға олар не айтты?

Әуез қария кімді есіне алды? (Абайды)

Неге Әуез қария толқып кетті?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкер кім? Ол қашан ұшты? (Юрий Гагарин,12 сәуір 1961жылы)

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. Өлеңді түсініп оқу. Іштен, жалғастырып тізбектей оқу. Ақын Гагариннің ақ жолын неліктен «ала бөтен» дейді? Неліктен ақын ел, тарих, өлең, байтақ даланы және табиғатты анаға теңейді?

Гагариннің Жерге қайтып келе жатқан кезін ақын қалай суреттеген?

Ақын Гагариннің жерді сүйетіндігін, қадірлейтінін қалай бейнелеген?

Дүние жүзіне әйгілі тұңғыш ғарышкер Гагарин болса, егеменді еліміздің тұңғыш ғарышкері кім, ол жайында не білесің? (1991 жылы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты. 7 тәулік 22 сағат, 12 минут, 40 секунд ғарыш кеңістігінде болды. Гиннес кітабына енген.)

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

ҮІ. Жаңа сабақты пысықтау: Гагарин ғарышқа қашан ұшты? Тоқтар Әубәкіров ше? Өлеңде қайталанған сөзді тауып, оның әрбір жолындағы мәнісін түсіндір? (ана).

ҮІІ. Қорытынды: Бүгін сабақта не істедік, кімдер жайлы білдік?

Бір сәт қиялдап көр. Осы сезіммен өлеңді мәнерлеп оқып көр. Ғарышкер туралы өлең неліктен осы бөлімде берілген деп ойлайсың? (жерді, елді сүйетіндігі, қадірлейтіндігі, табиғаты).

ҮІІІ. Үйге: оқу, әңгімелеу.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]