Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ана тілі 3 сын.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

6. Бағалау.

Бекітемін:________________

Әдебиеттік оқу

Мерзімі------------

Үі бөлім. Жақсыдан үйрен

Сабақтың тақырыбы: Сәкен аға. Мәжит Сейфуллин

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушыларға Сәкен аға жайында мәлімет бере отырып, оқу дағдысын қалыптастыру, түсінгендерін қысқа әрі нақты әңгімелей білуге үйрету;

  2. Дамытушылық: Сөздік қорларын, тіл байлығын дамыту.

  3. Тәрбиелік: Мейрімділікке тәрбиелеу.

Түрі: біріккен сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену, түсінідіру, әңгімелеу.

Көрнекілік: Сәкен суреті, суреттер.

Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сынып тазалығына көңіл бөлу. Назарларын сабаққа аудару.

Мұғалім Балалар (хормен) - Әрбір адам?-Туысым, досым.

- Әрбір сабақ?-Үйрену, ұғу, ұлағат. - Әрбір ісің?-Тірлік, тірек, адамдық. - Әрбір сөзің?-Шындық, бірлік, адалдық.

- Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Кәмен Оразалиннің «Абай шаңырағы» атты әңгімесінде Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім? Кәрім мен Кәкітай қандай баға берді? Киіз үйді көрген Әуез қарт қандай күйде болды?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Күнжанның еңбегіне сен қандай баға берер едің? Абай жайлы тағы қандай тақырыптар өттік? (Бала Абай. Бала Абай мен Барлас. Бала Мұхтар мен Абай.Абай шаңырағы) Бұл тақырыптардан біз не білдік?

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІҮ. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе. С.Сейфуллин өмірі, шығармалары жайлы әңгімелеу. ( Сәкен Сейфуллин (1894-1938) көрнекті ақын, Қарағанды

облысында туған, «Көкшетау» поэмасын, «Тар жол тарғақ кешу,Қызыл сұңқарлар т.с.с.» жазған. Астана қаласында мұражайы бар). 2.Оқулықпен жұмыс. Мәтінді түсініп оқу. Мәтіннен жыл мезгілдері туралы жазылған жолдарды тауып оқы. (Күзгі қара суық). Іңкәрбектің тұрмысына қатысты мәтелді тап. ( «Кісідегінің кілті - аспанда») мән бер, түсіндір. Сәкеннің үй шаруасына көмегі жайлы, ұқыптылығы жайлы әңгімеле.( Үстін таза ұстайды. Бұлаққа Рахима, Халима, Салима деген қарындастарын жуындырып, шашын өретін).

1) Мәтінді өз бетінше оқу.

2) Бір-біріне сұрақ қою

1-т. Мәтіннен жыл мезгілі туралы жазылған жолдарды тауып оқы.

2-т. . Мәтіндегі мәтелді тауып, оның Іңкәрбектің тұрмысына қатысты екен дігіне мән беріп түсіндір.

3-т. Әңгімеден Сәкеннің ұқыптылығы жөнінде айтылған тұсты тауып оқы.

4-т. Мәтіннен Сәкеннің анасының сөздерін табу

Сергіту сәті. Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз шынығып алайық

Үй тапсырмасын пысықтау: Мәтіннен Сәкеннің анасының сөзін тауып оқы. Бала Сәкенге мінездеме бер.

ҮІ. Қорыту: 1.Суретпен жұмыс. Осы сурет мәтіндегі қандай оқиғаға сәйкес келеді? Әңгімеле. 2. Мәтінді бөліктерге бөліп, ат қой. 3. Қосымша тапсырмалар беру.

ҮІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәтінді оқы, мазмұнын айту. 2.Күйшілер, өнер адамдары жайлы біліп

кел.

Бағалау.

Бекітемін:________________

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]